Атырау облысы
Исатай ауданы
Аққыстау селосы
Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп
Жұмағазиева Айнұр
Сабақтың тақырыбы : «Меңгеру» Сабақтың мақсаты: Білімділік:Меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің ерекшелігін,жасалу жолын ұғындыру,оқушылардың сөздердің байланысу түрлері туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін бағалау. Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған тілі-қазақ тілін құрметтеуге, дамытуға, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-тірек сөздер,тірек сызбалар,кесте.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үйге берілген тапсырманы қайталау
III. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақ бойынша жаттығу.
235-жаттығу.Мәтіндегі сөйлемдерден меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу.
- Сабақты пысықтау.
С е р г і т у с ә т і
- Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
1).238-жаттығу. Сөйлемнің ара-жігін ажыратып тиісті тыныс белгіні қою.Сөз тіркесін табу.
2).Көркем шығармалардан сөйлем жазып, сөздердің байланысу түрін ажырату.