Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » А.Құнанбайұлы «Қыс»

А.Құнанбайұлы «Қыс»

Атырау қаласы жалпы білім беретін №36 орта мектеп

Пән мұғалімі: Бахонова Ә

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Қыс»

Сабақтың мақсаты:  а) білімділік:

А.Құнанбайұлының өмірі, табиғат лирикасы туралы

түсінік беру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын меңгерту,

мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

ә) дамытушылық:

Лирикалық өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту,

оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу

қабілетін арттыру.

                                        б) тәрбиелік:

Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға,

туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, мәнерлеп оқу, сұрақ-

жауап

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, ақын

туралы дәйексөз

 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі         

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа әзірлігін тексеру.

Бүгінгі сабағымызды Ұлы Абай атамыздың мына өлең жолдарымен бастамақпын.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда деп,

 

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Сізге ғылым кім берер

Жанбай жатып сөнсеңіз,-деп, жаман әдет, кертартпа мінезден сақтандырып, білім алуға шақырады. Білімге, жақсы оқуға ұмтыла жүрейік, оқушылар. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты ақын өмірімен танысу, өлеңдерінің мағынасын ашу, өлең құрылысына талдау

Үй тапсырмасын тексеру

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша Абай Құнанбайұлының өмірі, өскен ортасы, білімі, шығармашылығы туралы білімдерін ортаға салу.

Қызығушылықты ояту                                                                                                             

Балалар, «Қыс» өлеңін оқи отырып алған әсерлерің бойынша сурет салу тапсырылған болатын. (Оқушылар өздері салып келген суреттерін қорғайды)               Жақсы, оқушылар, енді Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен, тыңдап көрелік.                                                                                                                                        Мағынаны тану   

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын ашу.

— Абайдың суреттеуіндегі қыс мезгілі қандай?

Суық, аязды, қарлы, боранды, қытымыр

— Қысты кімнің бейнесінде суреттеген?

Абай Құнанбаев қыс мезгілін адам кейпінде суреттейді.

— Өлеңде қыс суреті ғана берілген бе?

Қыстағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі берілген.

— Абай өлеңінен не түсіндіңдер?

Қыс мезгілінде малшылардың қажырлы еңбегі, шыдамдылығы, ит құсқа

малды бермеу керектігін ақыл етеді.

«Кубизм» әдісі бойынша кіші топтарда жаңа сабақты талдау.

Суретте Қыс мезгілін ақын қандай бейнелі сөздермен суреттеген?

 

                                           Әдеби теориялық ұғымдар
Эпитеттер Кейіптеу Теңеулер
Ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда, жас балалар, қайран жылқы, кәрі шал.

 

Дем алысы үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды Ұшпадай бөркін киген

оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Ұшпадай, бұлттай, бурадай

 

Салыстыр Абай суреттеп отырған қазақ ауылын бүгінгі қазақ ауылымен салыстыр. Венн диаграммасына түсір.

Зертте «Қыс» өлеңінің тақырыбын, идеясын анықтау. Өлең құрылысына талдау.

Авторы Абай Құнанбаев
Тақырыбы Қыс мезгілі, ауыл өмірі
Идеясы Қысқы табиғатты суреттеу,

табиғаттың дүлей мінезінен қорықпау

Лирика түрі Табиғат лирикасы, өлең
Өлең құрылысы 5 шумақ, 22тармақ, 2-3, 3-3бунақты, 11буынды, қара өлең(а-а-б-а), кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б) .
Өлеңнің тәрбиелік мәні Қатты қытымыр қыста мал баққан малшылардың ерлігіне қайран

қаласыз. Сол суықта малды аш

қасқырларға жем қылмай, одан да кедей ауылдарына беру керектігін

айтады.

 

Қолдан Қазіргі табиғат, қазіргі өмір жағдайымен байланыстыра отырып «Табиғат менің өз үйім» тақырыбында шағын мәтін жазу.

Бекіту

«Көңілден шыққан көрікті ой»

Қыс мезгіліне арнап шығарған өлеңдерін оқу.

Кері байланыс Әр топқа парақшалар таратылып беріледі.

Бүгін нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады? Сабақтан алған әсерім? Ұсыныс пікірлер

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жатқа айту.

Жыл мезгілдеріне орай мақал-мәтелдер жазу

Қорытындылау

Абай атаның басқа ақындардан ерекшелігі — өлеңді ермек үшін жазбай, үлгі-өнеге етіп қалдыра алуында. Халқына қалдырған мұрасы ғасырдан-ғасырға жалғасып кете береді. Ұлы Абай атамыздың шығармаларын терең түсініп, оқи берейік!

Бағалау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *