Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
«Досан» негізгі орта мектебі МКМ
Мұғалімнің аты-жөні: Алтаева Гүлбағила Әуелханқызы
Сабақтың тақырыбы: Places. Shall we go out?
Қысқа мерзімді жоспар
Ағылшын тілі 7 г сынып | ||||
Сабақ тақырыбы: Places. Shall we go out? | ||||
Сабақтың мақсаты: | Көрнекті жерлер мен ғимараттар атауларын қолдана отырып, Shall we go, how about+ing, why don’t we do тіркестерін пайдаланып ұсыныстар айтуға үйрену және жауап беру. | |||
Негізгі идеялар: Оқушының тақырыпты терең түсінуі, пікір-көзқарастарын нақтылау, ой-өрісін дамыту,еркін сөйлеу қабілетін дамыту. | ||||
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өзін-өзі реттеп оқуға дағдылануы, тақырыпты меңгеру барысында, диалогтық оқытуда дұрыс пайымдау, топтық жұмыстағы өзара әрекеттестік, жұптық жұмысты жандандыру. | ||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар | ||
(3 мин) | Сабақ барысы
І. Кіріспе Сәлемдесу.Тақырыпқа кіріспе жасау.Оқушыларды топқа бөлу. |
Өздерінің ұнататын саяхаты туралы ойланып, «Уақыт шеңбері» арқылы ойларын баяндайды. «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. | Топқа бөлуге арналған сурет қиындылары, доп. | |
Білу(10 мин) | Жаңа сабақтың тұсаукесері.
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен жұмыс. (2 мин) «Show me» әдісі бойынша суреттердің атауларын жаттату және диалогты оқыту. (8 мин) |
Суреттерге қарап атауларын табады, сипаттамаларды толықтырады. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды. Бір-біріне суреттерді көрсетіп, атап шығады және рөлдерге бөлініп, диалогты оқиды.
Theme park, castle, art gallery, temple, stadium, department store, mosque.
|
1.Оқулық «Messages» student’s book. Translations by N.Mukhamedjanova
Тақырыпқа байланысты суреттер |
|
Түсіну (8 мин) | 2с жаттығу «Маркерлі оқу» әдісі арқылы мәтінге қайта шолу жасатамын.
(3 мин) Жаттығудың жауабын тақтадан көрсетемін.Берілген сөйлемдердің қате-дұрыстығын тексеремін.2d жаттығу. (5 мин) |
«Маркерлі оқу» әдісі арқылы Лондонға қатысты 5 атауды және 7 түрлі ұсынысты тауып, маркермен белгілеп шығады және тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, бір-бірін бағалайды. 2d жаттығуда берілген сөйлемдерді бір-біріне доп лақтыру арқылы оқып шығып, қате-дұрыстығын тексереді. |
Интерактивті тақта, доп, қызыл және жасыл түсті маркер |
|
Қолдану (10 мин) | 3 топқа 3түрлі суреттер беремін.Сыни тұрғыдан ойланта отырып, «Айналмалы бекет» әдісі бойынша постермен жұмыс жасатамын.
|
Суретке қарап, сыни тұрғыдан ойланады, алған білімдерін қолданып, ұсыныстар немесе сөйлемдер жазады, «Айналмалы бекет» әдісі бойынша жылжи отырып, өзге топтардағы суреттермен жұмыс жасайды, олардың жазғандарымен танысады, әр топтан бір оқушы шығып, постерлерін қорғайды. | Плакат, суреттер, маркерлер. | |
Талдау (5 мин) | «Сағат тілімен кездесейік» әдісімен бүгінгі сабақтағы алған білімдерін талдату мақсатында сергіту сәтін орындатамын.
3- осы сабақтағы үйренген сөздер, 6-бір сөйлем, 9-тақырыпқа байланысты бір сұрақ, 12-бір-біріне тілек айту.
|
Қолдарындағы парақшаға сағат 3-те, 6-да, 9-да және 12-де кіммен кездесетіндерін белгілейді. «It’s 3 o’clock» деген кезде сол оқушымен кездесіп, сабақта үйренген жаңа сөздерді айтады. «It’s 6 o’clock» деген кезде өзі белгілеген оқушымен кездесіп, бір сөйлем айтады.
|
Интерактивті тақта, сағаттың суреті | |
Жинақтаy (3мин)
|
4а жаттығуында «Сәйкестендіру тесті» әдісін қолданып, сөз тіркестерін бір-бірімен сәйкестендіруді тапсырамын.(3 мин)
|
1.Shall we go on the bus or the tube? 2.How about going to the Tate Modern? 3.What time shall we meet? 4.Let’s buy a map.5.Why don’t we ask a policeman? 6.Where shall we have our lunch? 7.Let’s buy some postcards. 8.Shall we sit down?
|
Интерактивті тақта |
|
Бағалау (2 мин) | Әр топтың жұмысын салыстырмалы түрде бағалауды топтарға тапсырамын. Өзін-өзі бағалау парақшаларына және өз бағалауыма қарай отырып, оқушыларды бағалаймын.
|
Оқушылар сабақ барысында 5 тапсырма бойынша өз білімдерін өзін-өзі бағалау парақшасына 1 немесе 0,5 бойынша қойып, сабақ соңында жинақ бағаларын шығарады. | Өзін-өзі бағалау парақшасы | |
Сабақтың рефлексиясын «Бағдаршам» әдісі бойынша жасатамын. Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті парақшалар таратып беремін.
|
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; Жасыл түс – барлығы түсінікті.Оқушылар қажетті түстерін көрсетеді.
|
Қызыл, жасыл, сары парақшалар |
Өзін-өзі бағалау парақшасы
Аты-жөні | Мәтінді қатесіз оқу | 2d жаттығу
Қате сөйлем |
Ережемен жұмыс | «Фишбаун» диаграммасы | Сөйлемдерді
сәйкестен діру |
Жинақ баға |
Ескерту: әр тапсырмаға егер толық орындаса 1 балл, жартылай орындаса 0,5 балл қою шарт