Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару
Мақсаттары:
Білімділік: Рационал бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіру, рационал бөлшектерді көбейту мен бөлуді үйрету
Дамытушылық:. Рационал өрнектерді түрлендіру формулаларын есептер шығару арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есеп шығару, талдау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық, дидактикалық материал, деңгейлік тапсырма, стикер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушылар тізімін тексеру
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру
4) Жаңа тақырып беру
5) Есептер шығару кезеңі
6) Үйге тапсырма беру
7) қорытындылау, бағалау
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру:
«Қателер қалашығы»
|
Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Бұл тапсырмада анықтамалар мен формулалар қате жазылған. Осы қателерді тауып жөндеу керек.
- Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың бөлімдерін қосып, нәтижесін алымына жазып, ал алымын өзгеріссіз қалдыру керек.
- Бүтін және бөлшек өрнектерді бөлшек өрнектер деп атайды.
- =
Жауаптары:
- Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып, нәтижесін алымына жазып, ал бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
- Бүтін және бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
- = 1
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтап бекіту: электронды оқулық арқылы бекіту
ІҮ. Жаңа сабақ:
Ан-ма1:
Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.
Ан-ма2:
Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшектің кері бөлшегіне көбейту керек
Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
«Алтын кесте» толтыру
Леонардо Пизанскийді басқаша қалай атайды?(Фибоначчи)
Ф | |
И | 2 |
Б | 2y |
О | |
Н | |
А | |
Ч | |
Ч | 2z |
И |
О.
И.
Ф.
Ч.
А.
Б. 2y
Н.
Ч. 2z
И. 2
Тарих беттерінен
Оқушылардың математик-ғалымдар туралы дайындап келген материалдарын тыңдау.
Сергіту сәті
Ойын шарты:
І. 3-ке бөлінетін сандарды айтпау керек. Оның орнына «мен жаңылмаймын» деп айту керек.
ІІ. 4-ке бөлінетін сандарды айтпау керек. Оның орнына «мен жаңылмаймын» деп айту керек.
ІІІ. 5-ке бөлінетін сандарды айтпау керек. Оның орнына «мен жаңылмаймын» деп айту керек.
Ү. Бекіту кезеңі:
«Домино» ойыны
Домино ойынындағыдай парақшалар таратылады. Сол парақшаларда сөздер жазылған. Сол сөздерді сөйлем етіп біріктіріп ереже шығару керек.
Бір | рационал |
бөлшекті | екінші |
рационал
|
бөлшекке |
бөлу | үшін |
бірінші | бөлшекті |
екінші | бөлшектің |
кері | бөлшегіне |
көбейту | керек |
Жауабы: Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшектің кері бөлшегіне көбейту керек.
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үй жұмысы: қысқаша көбейту формулаларын жаттау
Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.