Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Көктем келді. М.Әлімбаев

Көктем келді. М.Әлімбаев

Сабақтың тақырыбы:  Көктем келді. М.Әлімбаев
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:«Көктем келді»өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру,өлеңнің шумақтарын мәнерлеп,түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау,талдау,салыстыру,өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Жауапкершілікке,бірін-бірі сыйлауға,табиғатты сүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Cұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,ақындардың портреті,тірек сызба,сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану ,бейнелеу өнері,қазақ тілі

Күтілетін болжам: Жаңа сабақты меңгереді, М.Әлімбаевтың өмірбаянымен танысады.
                                          Сабақтың  барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Сыныпты үш топқа бөлу:

1) « Жауқазын»
2) «Бәйшешек»
3) «Қызғалдақ»
Әр топ өз аттарын 1 шумақ өлеңмен қорғайды.
1-топ. Жауқазын.                             2-топ.Бәйшешек.
Жасыл дөңге,көк белге,              Бәйшешектен білеміз,
Жаңбыр төгіп өткенде,                Көктем келіп қалғанын.
Жауқазындар бүр жарып            Мәз боламыз, күлеміз,
Құлпырады көктемде.                 Көрсек гүлін жарғанын.

 3-топ. Қызғалдақ.
                        Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту,жатқа сұрау, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
–Өлеңнің мазмұны кім жайында?
–Өлеңдегі негізгі ой не?
–Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?
— Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақ шешу. — Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар, бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.
К-көбелек         К-көкек
Ө-өрмекші        Е-елік
К-көгершін       Л-лақ
Т-түлкі              Д-дуадақ
Е-ешкі               І -ін
М-мысық
Сөзжұмбақтың  шешуі: Көктем келді

Сергіту сәті:  Аспанға қарап ай көрдік,төменге қарап жер көрдік

                       Оңға, солға бұрылып, егеменді ел көрдік.

                       Бір, екі, үш, бойға жинап күш!

                       Айтқан тілді аламыз, біз бақытты баламыз!                      

-Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.

а/Автормен таныстыру:

    Мүбәрак Жаманбалинов — 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған балалар ақыны.
ә/Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқыту.
І топ.-Өлеңді жазған кім?
ІІ топ. –Өлең жылдың қай мезгілі жайлы?
ІІІ топ. –Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
б/Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
-Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңі.

а/Автормен таныстыру:

  Мұзафар Әлімбаев — 1923жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы    Маралды ауылында туған жазушы, ақын.300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері 38 тілге  аударылған.
ә/ Өлеңді мәнерлеп оқу.
б/ Әр шумақты жеке-жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
в/Өлеңді әр топқа дауыстап оқыту.
г/Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау:

           1- тапсырма.Көктем белгілері:
І топ.
Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді.Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
           2-тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.

Шығармашылық тапсырма:
І топ. Слайд бойынша « Көктем келді» тақырыбына эссе жазу.
ІІ топ. 5 жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ. Көктем тақырыбына сурет салу.
ІҮ.Сабақты
қорыту:
І топ. М.Әлімбаевтың 1 өлеңін жатқа айту
.
ІІ топ.Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ.Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?
Ү.Үйге тапсырма
:

М.Жаманбалинов пен М.Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу,жатқа айту.
 Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *