Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » «Әлия» С.Жиенбаев

«Әлия» С.Жиенбаев

Сабақтың тақырыбы:   «Әлия»  С.Жиенбаев
Мақсаты:

Білімділігі:  Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен таныстыру.
Өлеңніңмазмұныменидеясынашу.Оқушылардыңтаныммүмкіндіктерінанықтау. Өлеңдімәнерлеп,қатесіздұрысоқуғадағдыландыру.

Тәрбиелігі:  Жас ұрпақты елін, жерін, халқын қорғай білуге азаматтық пен адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әлия Молдағұлованың ерлігіне сүйіспеншіліктерін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:    Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс жасауға, өй-өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Типі: Жаңа білім беру 

Жұмыс түрлері: Аралас сабақ,топпен  жұмыс, сыныппен  жұмыс,жеке оқушымен  жұмыс

Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, баяндау, шығармашылық,өзіндік

Көрнекілігі:  Ә.Молдағұлованың, Кеңес Одағының Батырларының  

                       портреттері,  слайдтар

Пәнаралық байланыс:  Қазақ тілі, математика

Күтілетін болжам: Ақын С.Жиенбаев және Әлия Молдағұлованың өмірбаяндарымен танысады,батырларды сипаттай біледі, «Әлия»мәтінін меңгереді.

 

 

 

                                 Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а/ Оқушыларды түгендеу

ә/ Психологиялық дайындық:

Ана тілін құрметте,

Ар- ұятты кірлетпе.

Жақсыларға жақ болып,

Жамандықты үлгі етпе !

б/ Түс таңдау  

      – Балалар, сендер алдарыңда жатқан түстердің өздеріңе ұнаған біреуін таңдап алыңдар. (1-2 оқушыдан неге ондай түстерді таңдағанын сұрау).

       Балалар, көпшілігімізашықтүстітаңдаппыз.Ендешеаспанымызашықболсын. Сендергесәттіліктілеймін.

       Қай кезде аспан ашық болады?

II.Үй тапсырмасын тексеру:

       Үйге қандай тапсырма берілді? ( С.Машақов. Мәншүк )

     а) С.Машақовтың өмірі,творчествосы туралы мәлімет

     ә) «Мәншүк» өлеңін жатқа сұрау

     б) « Ер Мәншүк» тақырыбына жазбаша әңгіме құрастыру

Үй тапсырмасын қорыту:

Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту

         Ұлы Отан соғысының батырларын еске түсіріп көріңдер.

 

 

Сергіту сәті:     Батыр болған бабамнан

                           Ел қорғауды үйренгем.

                           Ару болған анамнан,

                           Ар қорғауды үйренгем.

                           Ұшып шыққан ұям деп,

                           Жер қорғауды үйренгем.

III.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

    «Сиқырлы сандар» ойыны

635     143      368       807

и           Ә        л           я

     -Олай болса, бүгін біз Сағи  Жиенбаевтың «Әлия» атты өлеңімен танысамыз.

1) Автормен танысу:

   Сағи Жиенбаев   Ақтөбе облысы  Байғанин ауданында Оймауыт ауылында 1934 жылы   дүниеге келген.Белгілі ақын. «Көктем самалы»,«Ақ толқын»,  «Сырлы теңіз»,«Қыр гүлі», «Әлия»  т.б.                                                    Жинақтары шет тілдеріне аударылған. 1994 жылы дүниеден өткен.                   2) Әлия Молдағұлова туралы мағлұмат беру:

     Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы 1925 жылы 15маусымда(кейбір деректерде 25қазан,20сәуір) Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияның шын есімі  Ілия болған.Майдандас достары «Лия» деп атапты. Қазақтың қаһарман қызы. Кеңес Одағының батыры. 6 жасында анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін Әлия нағашысы Әбубәкірдің қолында тәрбиеленеді. 1942 жылы өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып, мергендердің мектебін үздік бітіріп шығады. Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түседі. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.1944 жылы 14қаңтарда Мәскеудің Новосокольники темір жол станциясы маңайында болған ұрыста қаһармандықпен қаза тапты. 1944 жылы 4 маусымда  Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Әлияның жаны жұмсақ,мінезі ұяң әрі қайсар қыз болған.Ол гүлді,көктемгі гүл көмкерген даланы жақсы көретін.

    Әлия есімімен көшелер,мектептер, Әскери-теңіз флотының кемелері,Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Алматы, Мәскеу,Санкт-Петербург,Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған.Ақтөбеде облыстық мемориалды мұражай жұмыс жасайды. 

-Ендеше, Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнін тыңдап, сол әнге түсірілген бейнебаянды тамашалайық.

3) Оқулықпен жұмыс:

    1) Мәнерлеп оқып беру

    2) Тізбектей оқыту

    3) Мағынаны ашу

— Бірінші шумақта не жөнінде айтылған?

— Әлияны ақын неге теңейді? 

— Екінші шумақта не делінген?

— Үшінші шумақта ше?

4) Дәптермен жұмыс:

Әлия Молдағұлова(1925-1944) – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

Сөздікті түсіндіру:

Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланатын жылтыр тас.

Балауса гүл – жаңа өскен жас гүл.

Сергіту сәті:

Әлия,Мәншүк – ер қыздары елімнің,

Әлия,Мәншүк – гүл қыздары жерімнің.

Әлия,Мәншүк ,  Әлия,Мәншүк,

Аттары әнге айналған.

Әлия,Мәншүк ,  Әлия,Мәншүк,

Қос жұлдыз көкте жайнаған.

5) Мақал-мәтелдің мағынасын ашу:

 Ер есімі – ел есінде.

               Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді.

6) Шығармашылық тапсырма (өзіндік жұмыс)

— Балалар, өз Отанымызды сүйетіндігімізді, әрқашан қорғауға дайын екенімізді білдіріп, Отан туралы 4 жолды өлең құрап көрейікші.

          Отан

………….   сүйемін.

………….   күйемін.

………….   қорғаған.

………….   иемін.

7) Ой толғау: «Өлең кестесін» толтыру (Тақтамен жұмыс)

Өлеңнің аты Әлия
Өлеңнің авторы Сағи Жиенбаев
Негізгі ой Әлияның ерлігін халықтың ұмытпауы, оны құрметтеуі.
Өлең немен аяқталды? Келешек ұрпағының жадында сақталғаны, оның жүрегі елімен бірге соғатыны.
Нені  үйретті? Батылдыққа, батырдың ерлігі ұмытылмайтынына

8) Топтастыру (тақтамен жұмыс)

— Ендеше, «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі бойынша теңеу сөздер арқылы жауап тауып көрейік.

                                     Қайсар

      Қазақ қызы                                        батыр

                                    Әлия кім?

        ержүрек                                        жауынгер

                                    өжет

ІV. Сабақты қорыту:

 «Венн» диаграммасы бойынша Мәншүк пен Әлияны сипаттау,екеуіне ортақ қасиетті анықтау.

Овал:       ӘлияОвал:    Ортақ
қасиеттеріОвал:   Мәншүк

 

 

 


V. Үйге тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп дауыс ырғағымен оқу

2. Жаттау

3. Реферат жазу

V. Бағалау

1 пікір

  1. Рахмет. Жақсы мазмұны терең құрастырылған сабақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *