Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақсу-Аюлы мекені
«М.Горький атындағы эксперименталдық
мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Шамгунова Фарида Токеновна
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қосу және азайту амалдарының
қасиеттерін еске түсірте отырып, ол қасиеттердің
көп таңбалы сандар үшін де қолдануға
болатынын аңғарту; теңдеу шешуді, амалдарды
орындауды, есеп шығаруды машықтандыра түсу.
ә) Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана
білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілеттерін
дамыту.
б) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және
жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: машиналар суреті, әр ойынның аттары, жалаушалар.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық жасау.
— Кәне, балалар, қазір қай сабақ?
-Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?
Есептеуді білмейтін адам,
Түк сезбейтін надан. – деп хормен айтамыз.
Яғни, сабаққа бар зейінімізді аударамыз.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады».-демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
ә) Біз бүгін бұрынғы жарыс сабақтарындағыдай үш командаға бөлінеміз.
1-команда «АЛҒЫРЛАР»
2-команда «ТАПҚЫРЛАР»
3-команда «БІЛГІРЛЕР»
Ұрандары: «АЛҒЫРЛАР»
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
«ТАПҚЫРЛАР»
«Ақыл азбайды, білім тозбайды»
«БІЛГІРЛЕР»
«Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы».
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, білімді болу үшін біз бүгінгі сабағымызда жарысамыз.Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, тай, құнан жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда яғни ғылым мен техниканың дамыған заманында отырмыз. Сондықтан жарысқа машиналармен түскен дұрыс болар.
- Әр машинаның қалташасы бар. Берілген тапсырманы қай команда бұрын және дұрыс орындайды, сол топтың қалташасына жалауша салынады.
ІІ. Өткен материалдар бойынша жұмыс. «Өзімізді өзіміз тексерейік» ойыны бойынша жарысқа түсеміз.
1-командаға 2-командаға 3-командаға
1т-?кг (1000 кг) 1 ц — ? кг (100 кг) 1 км -? м (1000 м)
1 тәул.- ? сағат (24 сағ) 1м- ? дм (10 дм) 1 ғасыр-?жыл(100жыл)
10 ц-? т (1 т) 1 жыл -? ай (12 ай) 1 кг-? г (1000г)
ІІІ.Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қосу және азайту»
а) Түсіндіру.
Қосудың қасиеттерін еске түсіру. (Ауыстырымдылық, терміділік қасиеттері)
3600+4200 36000+42000 360000+420000
4200+3600 42000+36000 420000+360000
(2300+5100)+1400 23+(5100+1400)
(23000+51000)+14000 23000+(51000+14000)
(Не байқағандарын сұрап, қорытынды жасату)
- Яғни, қосудың қасиеттерін көп таңбалы сандарды қосуда қолануға болады.
999+1 10000-1 40000-1 799999+1
1000-1 9999+1 39999+1 800000-1
(Не байқағандарын сұрап, қорытынды жасату)
4700+0 47000+0 470000+0 470000-470000
4700-0 47000-0 470000-0 47000-47000
(Не байқағандарын сұрап, қорытынды жасату)
-Кез келген санға 0-ді қосқанда не шығады?
-0-ге кез келген санды қосқанда не шығады?
-Кез келген саннан 0-ді азайтқанда не шығады?
-Бірдей сандардың айырмасының мәні неге тең болады?
ә) №4 есепті шығару.
(1-команда шартын жазады, 2-команда шешуін жазады, 3-команда жауабын жазады)
1-топ – 2 т 350 кг 250 кг кем
2-топ — ? кг 50 кг кем
3-топ — ? кг
Шешуі: 2 т 350 кг +250 кг = 2 т 600 кг (2-топ)
2 т 600 кг +50 кг= 2 т 650 кг (3-топ)
Жауабы: үшінші топ 2 т 650 кг металл қалдықтарын жинады.
б) №5 Тиімді тәсілді анықтау.
1-команда 2-команда 3-команда
21+3+9+27 (21+9)+37+3 (21+9)+(37+3)
2100+300+900+3700 (2100+900)+3700+300 (2100+900)+(3700+300)
в) Сергіту сәті. «Демалыс» ойыны.
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта,
Қайда кеткен жан-жаққа?
1-командаға 2-командаға 3-командаға
…..37831…. …..1020….. …..13071….
…..8313….. …..34023…. ……3004….
…..5004…. …..90023….. …..70238….
г) «Кім шапшаң?» ойыны. Өздік жұмыс. №6 (Командалардың шапшаң орындауы бойынша есептеледі)
20000+30000=50000 50000+30000=20000
30000+20000=50000 50000+20000=30000
ғ) Теңдеу шешу №7(3 командадан 3 оқушы шығып орындайды)
д)Өздік жұмыс №8 (Әр командаға бір бағаннан бөліп беру)
1-командаға 2-командаға 3-командаға
(567+328)-287 (305-177)х5 900-(25+15)
675-(254+378) (288+112)х10 180:9+87-29
(207+385)+240 37+800:4х2 48+96:4х3
ІV. «Не оқып, не білдік?» ойыны. Қорытынды.
-Бүгінгі сабақта нені үйрендік? деген сұрақты қоя отырып сабақты қорытындылау, қосудың қасиеттерін қайталау және жеңген команданы анықтау.
- Үйге тапсырма: №3, №9 45- бет
VІ.Бағалау.