Омирова Ардак Амангазиевна
Сабақ тақырыбы Тұрақты сөз тіркестері
Сілтеме Александер және Мерсер (2008ж), Блум таксономиясы, Марта Бронсон (2002ж) Өзін-өзі реттеу Нұсқаулық Кейс стади, 7-сынып оқулығы
Жалпы мақсаттар Синтаксис туралы білімдерін тереңдету арқылы тұрақты сөз тіркестерін түсіндіру, ізденімпаздығын, тіл байлығын дамыту. Топтық жұмысқа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Оқыту нәтижелері • пәнге деген қызығушылығы оянады;
• ынтымақтастыққа үйренеді;
• бірін-бірі тыңдайды;
• топ ережесіне бағынады;
• тақырыпты түсінеді;
• бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Негізгі мақсаттар Топпен жұмысқа жұмылдыру, өзін-өзі реттеу. Өз бетімен білім алуға жетелеу. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Ситуациялық тапсырмалар көмегімен топқа бөлу, топ ережесін құру. Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркесі, жай сөздер, мысалы:жер шары, Арал теңізі, қараторғай, кетіп қалды, айтып отыр;Қас қаққанша,қара жүрек,мұзға отырғызып кетті;Айгүл,жаз,мен, келді,ұстаз; Апама барам,мектепке келді,әдемі көйлек,қатты ағаш.
Білу, тану
1-тапсырма Әр топ өздерінің топқа бөлінуі бойынша аталған тақырыптарға түсінік береді. (ережесі, мысалдар)
2-тапсырма Тақтада сөз тіркесіне 5 мысал, күрделі сөзге 5 мысал, тұрақты тіркесіне 5 мысал келтірілген / оқушылар олардың айырмашылығы мен ұқсастығын түсіндіріп талдайды, дәлелдейді/
Түсіну
2-тапсырма /тапсырма барлық топ мүшелеріне арналған/
Әр топқа үш тұрақты сөз тіркестері жазылған үлестірме таратылады. Сөз тіркестерінің мағынасын ашу,синоним, антонимдерін табу, сөйлем құрастыру.
Қолдану 3-тапсырма Сөйлем мүшесіне талдау жаса
1-топ Қылша шатқалға ирелеңдей түскен жалғыз аяқ жол тұма бастауға апаратын.
2-топ Үлкендер жағы жіті қадағалап тұрады.
3-топ Олар бізді ит арқасы қиянға апарып тастады.
4-топ ………………………..
Талдау
4-тапсырма Оқулықпен жұмыс. /жеке оқушыға арналған / Берілген мәтіннен күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді теріп жазу.
Жеке оқушыға Электронды оқулықтан ………………………………………….Деңгейлік тапсыр. малар орындау
Жинақтау
Постермен жұмыс
Ребус құрастыру мысалы: қой аузына шөп алмас, көзді ашып жұмғанша, сүт пісірім уақыт,мұзға отырғызып кетті өмірмен байланыстыру
Бағалау критерийлері • топ ережесіне бағынуын;
• белсенділігін;
• постермен жұмыс жасай алуын;
• сөз тіркестерін ажырата білуін;
• сөйлем мүшесіне талдауын;
• тақырыпты түсінуін;
• бірін-бірі бағалауын;
Келесі тапсырма «Мен болашаққа сенемін» эссе жазу