Басы » География » Түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы

Түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы

«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:   Түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  түсті металлургия, ауыр түсті металдар металлургиясы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап

  1. Әңгіме-дәріс

 

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

1.Металлургия кешенінің қандай салалары бар?

2.Шикізатты кешенді орналастыру деген не?

3.Қара металлургия кәсіпорындарын орналастыруды қандай факторлар анықтайды?

4.Толық және толық емес циклді металлургия арасында қандай айырмашылықтар бар?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Әңгіме-дәріс.

— Түсті металлургия

— Ауыр түсті металлургия

Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып, түсті металлургияны құрайды.

Ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келеді.

Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл – оларды  орналастырудағы негізгі принцип. Мыс – Жезқаған мен Балқашта және Өскеменнің кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК) өндіріледі.

Қорғасан және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы – полиметалл кендері бар. Полиметалл өндірісінің басты ауданы – Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар – Зырян, Риддер және Өскемен. Еліміздің оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы – Шымкент.

 

  1. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы түсті металдар тобын түсіндіру.

 

Ауыр Жеңіл Қымбат Баяу балқитын Сирек кездесетін
Мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, никель. Алюминий, магний, титан. Алтын, күміс, платина. Вольфрам, молибден. Уран, германий т.б.

 

Картамен жұмыс

Кескін картаға түсті  металлургияның орталықтарын белгілеу.

Оқулықпен жұмыс

13-кестеге қарап, 1т әр түрлі металл алу үшін қанша мөлшерде кен өңдеу қажет екендігін анықтау.

 

  1т металл алу үшін Николаев кенішінің қанша мөлшердегі кенін өңдеу қажет

 

  1 т алу үшін   кенді өңдеу қажет

(тоннамен алынған)

   мырыш 25
   мыс 35
   қорғасын 200
   күміс 26800
   алтын 1923000

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Сұрақ-жауап.

1.Сендер түсті металдардың қандай топтарын білесің?

  1. Мыс және алюминий өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атаңдар.

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §22,23, 183-187 бет оқу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *