Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
география пәнінің мұғалімі
Рахимова Ултуар Кожахановна
Сабақтың тақырыбы: Азимут туралы түсінік, жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азимут , бағдалау туралы білім қалыптастыру
Білімділік: Көкжиек тұстарын ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: Тұсбағар, жердің планы
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру:
2.Үй тапсырмасын сұрау: —- Масштаб және оның түрлері
—- Қашықтықты өлшеу
3.Жаңа сабақты меңгерту: —- Азимут туралы түсінік
—— Жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау
Азимут ( арабша ас – сумут – жол ) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут тұсбағардың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°- 360° — қа дейін есептеледі. Толық шеңбер 360° — тан тұрады. 0° — солтүстік, 90° — шығыс, 180° — оңтүстік, 270°-батыс
Бағдарлау деп көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтауды айтады. Көкжиек тұстары негізгі және аралық болып бөлінеді.
Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А — 30°
Көкжиек тұстарын Күнге, Темірқазық жұлдызына – түнде, өсіп тұрған ағаштарға, құмырсқа илеулерінің пішініне, т.б. қарап анықтайды. Ал дәл анықтау үшін тұсбағар құралы қолданылады. Компаспен азимутты өлшейді.
Планда солтүстік бағытты бағдаршамен белгілейді, Осы бағытты білген соң, көкжиектің басқа тұстарын анықтау жеңіл. Ал планда бағдарша көрсетілмеген жағдайда, планның жоғары бөлігі Солтүстік, төменгі бөлігі — Оңтүстік, оң жағалауы – Шығыс, сол жағасы – Батыс болып саналады.
Дәптермен жұмыс : Солтүстік батыс бағыттағы көлдің азимутын анықтап, сызба түрінде көрсетіңдер.
Ойланайық ! Сен үлкен қалада адасып қалдың делік. Бағыт – бағдарыңды қалай анықтар едің?
4.Сабақты бекіту : — Бағдарлау не үшін керек?
— Көкжиек тұстары қалай ажыратылады?
— Азимут деген не ?
— Пландағы бағытты қалай анықтайды?
5.Үйге тапсырма : § 7 оқу, 13 – сурет, 3 — тапсырма