Егер бір жылдың бағасын түсінгіңіз келсе, сессиядан өте алмаған студенттен сұраңыз.
Егер бір айдың құнын білгіңіз келсе, уақытынан бұрын босанған анамен сөйлесіңіз.
Егер бір ғана аптаның бағасын білгіңіз келсе, апталық газеттің редакторынан сұраңыз.
Егер бір сағаттың құнын түсінгіңіз келсе, кездесуді күткен ғашық жандармен тілдесіңіз.
Егер бір ғана минуттың бағасын білгіңіз келсе, пойыздан кеш қалған адамнан сұраңыз.
Бір ғана секундтың бағасын түсіну үшін, жол апатынан аман қалған адамнан сұраңыз.
Ал, милисекундтың бағасын, олимпиадада 3-орынды иеленген спортшыдан сұраңыз.
Уақыт-ең жақсы оқытушы,өкінішке орай ол оқушыларын өлтіреді.
Уақыт жараны жазады.
Уақыт бәрін өзгертеді: махаббатты, сезімді, ойды, арманды, бақытты, заманды, көңіл-күйді, дертті, адамды…
Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.
Ең қиын жоғалту-уақытты жоғалту.
Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.
Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.