Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыз

Дауыссыз дыбыстар. Үнді дауыссыз

esim Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп – гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есімхан Л.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.  Үнді дауыссыз.

Білімділік: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетін білдіру, олардың айтылу ерекшіліктерін байқау, ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, тіл байлығын , ой — өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлеуге, біргілікке, ізгілікке, ұжымдасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Көрнекті құралдар: Плакат, слайд, стикер, тест, парақшлары.

Сабақтың барысы:

  1.    I. Ұйымдастыру.

А) Оқушылармен амандасу.

Ә) Түгелдеу.

Б) Зейінді сабаққа аудару, топқа бөлу. Қатаң , үнді, ұяң.

 

Психологиялық тренинг; «Жүректен жүрекке» оқушылардың бір – біріне жақсы тілектер айту.

  1. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

«Кім білгіш?»

2 топ «Қатаң»

  1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
  2. Жуан, жіңішке дыбыстар дегеніміз не?
  3. Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді?
  4. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды салыстыру «венн диаграммасы»

2 топ «үнді»

  1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
  2. Еріндік, езулік дауыстылар.
  3. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар.
  4. Фонетика саласы нені зерттейді? «топтастыру»
  5. топ «Ұяң»
  6. Дыбыс деген не, әріп деген не?
  7. Әліпби дегеніміз не, неше әріп бар?
  8. Дауыссыз дыбыстарды түрлерін топтастыру.

 

  • Жаңа сабақ. Дауыссыз дыбыстар 3 – ке бөлінеді.
 

Дауыссыз дыбыстар

 

 

 

 

 

 

Қатаң

П,ф,қ,к,т,с,ш,щ,ц,х,ч.

 

 

     Ұяң

Б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

       Үнді

Р,л,й,м,н,ң,(у)

 

Үнді дауыссыздар:

Үн мен салдардың қатынасынан жасалып, бірақ салдардан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.Үнді дауыссыздар мыналар:

Р,Л,Й,У,М,Н,Ң.

 

  1. «Кітап досың ақылшың»

Оқулықпен жұмыс

262 – жаттығу, Жазбаша

Сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазу.

 

  1. «Талдау табыс кілті»

Кім тапқыр?

Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасау.

I топ «Қатаң»

Жайғаным – түкті кілем,

Ілгенім – тықыр кілем.

(Жасыл шөп)

II топ «үнді»

Мұхиттардың ортасында

Аппақ таубар, түк өспейді

Жер шарының картасында

Оған еш шың теңеспейді.

(оқжетпес)

III топ «ұяң»

Туған жердің белбеуі

Шұбытылып қалыпты.

Керемет- ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты.

(бұлақ)

  1. Сергіту сәті.

Дене жаттығуын жасау.

 

VII. Шығармашылық жұмыс.

«Ұйқасын тауып көр»

I топ. «Қатаң»     II топ «үнді»                 III топ «ұяң»

Ойладым,             Жабай                              жайнаған

тоймадым.             Абай                                 қайнаған.

мен балаң               бай                               ұлыңмен,

ойнадым.                   ай.                               ойлаған.

 

VIII. Қорытындылау.

Шағын тест.

 

  1. Дауысты дыбыстарды көрсет.

А) р,м,й,у,м.

ә) б,в,г,ғ,д.

Б) ы,і,а,ұ,ү.

В) щ,ш,ж,һ.

 

  1. Еріндік дауыстыларды көрсет.

А) о,ө,ұ,ү,у,

ә) ұ,ү,ы,і,и.

Б) а,ә,о,ө,е,э.

В) м,н,ң,к,қ.

 

3.Салдардан жасалған дауыссыз.

А) Үнді

ә) Қатаң

б) ұяң

в)қысаң

 

  1. ашық дауыстыларды көрсет.

А)   а,ө,ұ,ү,у.

ә)   а,ә,ө,о,е,э.

Б)   ұ,ү,ы,і,и.

В) м,н,ң,к,қ.

 

  1. Үнді дыбыстардың қатарын тап.

А) у,й,н,р.

ә) г,ж,д,в.

Б) қ,ш,т,ф.

В) и,к,л,н.

 

  1. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3 – ке бөлінеді?

а) тіл.

ә)   ерін

б) жақ

в) салдыр.

Бағалау.

Топ басшыларды пікір айтып, қойған бағаларын ұсынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Үйге тапсырма: 264 – жаттығу.

«Ана – ұлы адам, қасиетті жан» эссе жазу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *