Кудиярова Зада Ризаевна
№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы
Сабақ тақырыбы: «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі».
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
«ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі» тақырыбын талдау.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
Топпен жұмыс істеу барысында тақырыпты талқылайды. Әдеби үйірме әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.
4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):
Білу: ХҮІІІ ғ Қазақстанды зерттеген орыс зерттеушілері мен халық ауыз әдебиетінің өкілдерін білетін болады. (барлығы)
Түсіну: Орыс зерттеушілерінің еңбектері мен Қазақ ақын – жырауларының ХҮІІІ ғ көтерген мәселелерін түсінетін болады. (барлығы)
Қолдану: Әдеби үйірме әдісі бойынша тақырыпты түсіндіру (көпшілігі)
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):
Топтық жұмыс бойынша тақырыпты талқылау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:
Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау үшін қатарларды аралап шығамын.
7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): поуер пойнт, үлестірмелер, кәсіби жабдықтар
Сабақ барысы
Уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
2 минут |
|
1.Достық шеңберін жасау.
2.Оқушылар 4 топқа бөлінеді. «Орда», «Алтын орда», «Ақ ала орда», «Ақ үй».
|
Топтардың атаулары. |
4 минут | І. Кіріспе бөлім. «Ой шақыру».
|
Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, төменгі сыныптарда өткен материалды еске түсіреді. | Сұрақтар |
10 минут | ІІ. Таныстырылым бөлімі.
Орыс зерттеушілері мен қазақ ақын – жыраулары туралы презентация арқылы мағлұмат беру. |
Мағлұмат алады. | Презентация |
20 минут | ІІІ. Негізгі бөлім. Мәтінмен жұмыс.
Әдеби үйірме әдісі бойынша |
Берілген рөлдер бойынша тақырыпты түсіндіреді.
Баяндап беруші – тақырыптың мазмұнын баяндайды. Баяндамашыларды «бағдаршам» арқылы бағалайды. Зерттеуші – Қазқстанды зерттеген орыс және шетел зертеушілерінің еңберктеріне тоқталады. Зерттеушілерді «бағдаршам» арқылы бағалайды. Сұрақ беруші – тақырыптың негізгі мазмұнын қамти отырып 2 сұрақ дайындап, топтар бір – бірлеріне тастайды. Топ болып сұраққа жауап береді. Сұрақ құрастырушыларды «смайлик» арқылы бағалайды. Сілтеме табушылар – Қазақтын ХҮІІІ ғ ақын – жыраулардың көтерген мәселелеріне тоқталады. Сілтеме табушыларды «смайлик» арқылы бағалайды. Бейнелеуші – суреттеуші – ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениетін суреттеп бейнелейді. Бейнелеушілерді «басбармақ» арқылы бағалайды. Дәнекер – ХҮІІІ ғ Қазақ ақын – жыраулардың көтерген мәселелерін қазіргі уақытпен байланыстыру. |
Рөлдер |
6 минут | ІҮ. Қорытынды бөлім.
«Мәдениетім – мақтанышым!» тақырыбында эссе жазу. Лоторея билетін пайдалану. |
Оқушылар дәптеріне орындайды. Ұтыс шыққан оқушы дәптеріне жазғанын оқиды. Бірін – бірі бағалайды. | Лоторея билеті |
2 мин | Рефлексия
|
Оқушылар не ұнады? Не ұнамады? Жазып, стикермен плакатқа жапсырады. | Стикер |
1 мин | Ү. Үйге тапсырма.
«ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебеиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі». |
Тақырыпты оқу.
|
Оқулық
|
Соңында:
Сабақ туралы жалпы ойың?
Не жақсы өтті?
Қайсы жақсы шыққан жоқ?
Қандай күшті жақтарға сүйене аласыз?
Сіз нені дамытар едіңіз?
Нені өзгерткіңіз келеді?
Сабақты талдау
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
І. Сабақ жоспарының құрылымы (бесеулік)
1(4).Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
2(3).Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
3(5).Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?
4(6).Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
5.Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
«Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған
елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі
орын алуына ықпал етер бірден – бр құдірет – білім,
білімді ұрпақ». Н. Назарбаев.
Қазіргі таңда заман талабы оқушыдан көп нәрсені білуін талап етіп отыр. Сондықтан мұғалімге жан – жақты, кәсіби дайындығы терең, еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруды міндеттейді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқытуға негізделген тәсілді «Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін» үйрену болып отыр. 25 қазан күні Қызылорда қаласындағы №12 І. Қабылов атындағы орта мектепте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық «Ұстаз үні» газеті және Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ізденіс пен ой – толғаныс – кәсіби дамудың алғышарттары» атты практикалық семинар болып өтті. Мен сол семинарда №12 мектептің 8 «а» сыныбында «Қазақстан тарихы» пәнінен «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебеиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі» тақырыбында ашық сабақ көрсеттім. Бұл сабақта Кембридж тәсілі бойынша жеті модульді ықпалдастыру идеясын басты назарда ұстадым. Топқа бөлуде қазақтың киіз үйлерінің түрлері бойынша «Орда», «Алтын орда», «Ақ ала орда», «Ақ үй» деп бөлдім. Топқа бөлінетін парақшаларға әр атаудың мағыналарын көрсеттім. Ондағы мақсатым оқушылардың Қазақ халқының ертеден келе жатқан материалдық мәдениеті туралы білімдерін толықтыру болды. Сабақ барысында оқушыларды ролге бөліп, тапсырманы орындауда бір – бірін тыңдап, бірін – бірі шынайы бағалап отырды. Және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары да байқалды.
Кембридж тәсілі бойынша өтілген сабақпен дәстүрлі сабақтың айырмашылығы байқалды. Сабақта оқушыларға еркіндік берілді, бағалауға оқушыларда ат салысты, оқушылар мұғаліммен тең әрекеттесті.
Осы семинарда өткен сабақ нәтижесінде бір сабақта жеті модульді ықпалдастырудың маңызы зор екеніне көзім жетті. Әрбір оқушының танымдық қабілетін саралап, мониторинг жүргізіп отыру керек деген тұжырымға келдім. Барлық бала табысты оқи алады, егер мұғалім оқыта алса…