Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Дәулетбай орта мектебі,КММ
Кусаинова Динара Сериковна
Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
Сабақ 3- сабақ | Сабақ өтілетін күн: 09 .04.2013Орны: 3-дәрісхана | Барлық оқушы саны: 8 Жасы:13Қатысқаны: 8 | ||
Сабақ тақырыбы | Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. | |||
Жалпы мақсаттар | Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы туралы түсінік қалыптастыру. Серпімділік күшінің жұмысы мен серіппенің потениялдық энергиясы арасындағы тәуелділікті анықтау. Сепіппенің потенциялдық энергиясының қандай шамаларға тәуелді екендігін тәжирибе арқылы түсіне отырып, формуласын жазып,оны практикада қолдана білуді үйрену, сабақты өмірмен байланыстыру. |
|||
Түйінді идеялар | Энергия-қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. | |||
Стратегиялар | «Сиқырлы гүл», «Адасқан сөздер», «Кластер», «Табақ тарту», «Конверт-сұрақ», «Тобықтай ойдың түйіні» | |||
Көрнекіліктер | компьютер, слайдтар, видеопроектор. | |||
Дереккөздер | Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева Физика 7 сынып «Физика және астрономия» Атамұра баспасы 2012, Жаксылыкова Г.И. Қаженова А.М. Исмагалиева Н.З « Интербнлсенді әдіс-тәсілдер» Өскемен 2014 | |||
Оқыту нәтижелері | Ойланады, есеп шығару жолдарын біледі, өз бетінше жұмыс істей алады. ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы тақырыптарын түсінеді. | |||
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Сабақ кезеңдері:1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
|
7 мин кету керек | Сергіту сәтін ұйымдастыру, «Түстер» арқылы топқа бөлу.«Гүлдер» арқылы оқушыларға тапсырмалар береді.
Қосымша1 |
Сергіту сәтін бар ынтасымен орындайды, түстер таңдап топқа бөлінеді.Оқушылар жазбаша түрде қарсы топқа сұрақтар лақтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Формативті бағалау: «ым- шара», 2 мин | ||||
2-кезең. Мағынаны ажырату: | 17 – 20 мин кету керек | «Адасқан сөздер» стратегиясы арқылы тақырыпты ашуға тапсырма беру.1-топ Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы.
2-топ деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Әрбір топқа «Кластер» құруға тапсырма береді. |
Сөздерді орына қою арқылы сабақтың тақырыбын ашады.Топ басшылары тақырыптарын таңдап алады.
Әрбір топ кластерлерін талдайды, өнім шығарады. |
|
3-кезең. Ой- толғаныс: | «Табақ тарту» стратегиясы арқылы топтарға есептер береді.Қосымша2
«Конверт-сұрақ» стратегиясы арқылы сұрақтар береді. Қосымша3 |
Әр оқушы есептерді шығарады.
Стикерге жазып сұраққа жауап береді. |
||
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. | 2 мин | 65 тақырып оқу, 37-жатығу №3 | Күнделіктеріне тапсырмаларды жазып алады. | |
Бағалау | Формативті бағалауды жиынтық бағалауға айналдырады. | Оқушылар өзін-өзі және топ басшылары бағалайды. | ||
Рефлексия | «Тобықтай ойдың түйіні» | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады. |
Қосымша1
- Энергия дегеніміз не?
12 кДж=
- Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?
5 мДж=
- Энергияның қандай түрлері бар?
2 мкДж=
- Потенциалдық энергия дегеніміз не?
3кДж=
- Кинетикалық энергия дегеніміз не?
6 мДж=
- Потенциалдық энергия формуласы қандай?
1 мкДж=
- Кинетикалық энергияның формуласы
9 кДж=
- Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?
10 мДж=
Қосымша2
№1
Массасы 100 кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесінен құлап түсті. Ауырлыұ күшінің істеген жұмысы қандай?
№2
800 м биіктіктегі тау шоқысының төбесінде алма ағашы өсіп тұр. Биіктігі 5 м алма ағашының бұтағындағы массасы 0,5 кг алманың Жер бетімен және ағаш түбімен салыстырғандағы потенциалдық энергиялары қандай?
№3
Қатаңдығы к=2*10 Н/м серіппе серпімділік күшінің әсерінен 0,03 м- ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?
№4 Серіппе 6 см- ге созылғанда оның потенциалдық энергиясы 180 Дж болды. Серіппенің қатаңдығы қандай?
Физикалық өлшем бірліктерді өңдеу.
0,5 кДж | =……….Дж | 2 см | =….м |
6мДж | =……….Дж | 3 мм | =….м |
30 мкДж | =……….Дж | 1 см | =….м |
12 кДж | =……….Дж | 8 мм | =….м |
І деңгей | ІІ деңгей | ІІІ деңгей | |
Физикалық шаманың аталуы | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Формуласы |
Потенциалдық энергия | |||
Серіппенің кинетикалық энергиясы | |||
Масса | |||
қатаңдық |
Қосымша3
Ауырлық күші әсер ететін дененің потенциалдық энергиясының формуласы қалай өрнектеледі?
Серппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі мен серпімділік күші жұмысының арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?
Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі?
Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қандай қасиеттері бар?
Бағалау парағы
критерийлер
аты- жөні
|
Берілгенін дұрыс жазуы | Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіруі | Формуласын дұрыс жазуы | есептелуі | жауабы | Қорытынды баға |
«+», «-» шарты белгісін қою арқылы оқушылар бағалау парағын толтырады
Бағалау парағы
критерийлер
Аты-жөні |
Үй тапсырмасы | «Кластер» | «Табақ тарту» | «Конверт-сұрақ» | Қорытындыбаға |
«5» баллдық жүйемен бағалайды