Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Р. Дадашева
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев өмірі шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі жаңа-әдістер арқылы А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру топтық жұмыстар арқылы талдау жасауға үйрету
Күтілетін нәтиже :
1. А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі мәліметтермен танысады.
2. Жағдаят туғызатын тасырмаларды орындай отырып сын тұрғысынан ойлауға қалыптасады.
3. Топтық тапсырмаларды орындай отырып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Оқыту технологиясы: «Ия немесе жоқ», «Өкіл», «Суреттер сөйлейді», «Топтастыру стратегиясы», «Аяқталмаған сөйлем», «Математиеалық есеп», « Венн диаграммасы», кері байланыс, БББ
Сабақта қолданылатын модульдер:
1. Оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
4. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
5. Оқу үшін және оқыту үшін бағалау
6. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту
7. Оқуды басқару және көшбасшы
Сабаққа қажетті құралдар: АКТ, жар қағаздары (плакаттар) стикерлер, маркерлер, тақырыптық слайдттар, кеспе қағаздар, оқулық, ғаламтор мен газет-журналдардан алынған мәліметтер
Сабақтың барысы:
Уа-қы-ты Сабақты ұйымдастыру формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 мин Ұйымдастыру Сәлемдесу, түгелдеу, ынтымақстастықты қалыптастыру, стикерде жасырынған сандар арқылы топқа бөлу Сәлемдесу, бір-біріне таңғы тілек айту, күтпеген жағдайға тап бола отырып стикердің астында жасырынған сандарға қарай топқа бөлінеді.
8 мин Үй жұмысын сұрау Үй жұмысы бойынша бірінің айтқанын бірі қайталамай бірнеше мәлімет айтқызу Үй тапсырмасы бойынша кезек-кезек мәлімет айтады.
5 мин Үй жұмысын пысықтау және жаңа тақырыпты ашу Интертақтадан «қазақ хрестоматиясының» суретін шығара отырып оқушыларға сол туралы мәліметтер айтқызу. Абайға байланысты бірнеше мәліметтер тақтадан көрсете отырып жауабын сұрай отырып тақырыпты ашу Түйінді ой айтады.
Абайға қатысты бірнеше мәліметтерді айта отырып жаңа тақырыпты ашады
2 мин Жаңа сабақты түсіндіру Абайдың өмірі мен отбасына байланысты бірнеше суреттерді интертақтадан көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру. Өз ойларын сұрау Тыңдайды, арасында өз ойларын айтады.
8 мин
3 мин
2 мин Оқулықпен жұмыс,
Жаңа сабақты пысықтау
Дәптермен жұмыс Әр топқа бөлек-бөлек мәтін беріп оқуға мүмкінлік беру. Жұппен , топпен талдату. Әр топқа жеке-жеке тапсырма орындату. І топқа кестені толтырту, ІІ топқа дұрыс жауапты сәйкестендірту, ІІІ топ Абай аудармаларының дұрысына қарай орналастырту. Оқиды жұппен, топпен талдайды.
Тапсырманы орындайды дұрысын дәптерге жазып алады.
2 мин Сергіту сәті «Жауапқа сұрақ» әдісі бойынша интертақтадан Абайдың суретін көрсете отырып түйінді ой айтқызу. Мыс: Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның әңгімелерін тыңдап өскен (Абай) Жылдам ойлана отырып жауап береді.
3 мин Жаңа сабақты қорыту «Венн диаграммасы» бойынша тақтада ілулі тұрған жар қағазындағы Ыбырай өлеңдері мен Абай өлеңдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын таптыру Өз ойлары жазылған стикерлерін тиісті бағандарға іліп кетеді.
Түйінді ой айтады,
5 мин
Кері байланыс алу
Бағалау
Оқушыларды оригами арқылы бағалау. «5» -үлкен гүл, «4»- орта гүл, «3»-кіші гүл. БББ бойынша өз ойларын айтады
Тиісті бағаларын алады.
2 мин Үйге тапсырма «Жігерлі жас арманы – ғылым» тақырыбында ойтолғау жаздыру Күнделікке жазып алады.