Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдері
Сабақтың мақсаты: Абайдың өмір-шығармашылығын пысықтай отырып, «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол», «Жазғытұры» өлеңдерін талдау.
Күтілетін нәтиже :
1. А. Құнанбаевтың өлеңдеріне байланысты түрлі мәліметтермен танысады, талдайды
2. Жағдаят туғызатын тасырмаларды орындай отырып сын тұрғысынан ойлауға қалыптасады.
3. Топтық тапсырмаларды орындай отырып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабаққа керек құралдар: Интербелсенді тақта, жар қағаздары ( плакаттар), маркерлер, стикерлер, ғаламтордан алынған мәліметтер, газет-журнал материалдары.
Сабақтың әдіс-тәсілдер: «Таңғы тілек», «Топқа бөлу», «Жауапқа сұрақ», «Джигсо», «Ыстық орындық», топтық жұмыстар, БББ, кері байланыс.
Сабақта қолданылатын модульдер:
1. Оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
4. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
5. Оқу үшін және оқыту үшін бағалау
6. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту
7. Оқуды басқару және көшбасшы
Сабақ барысы:
Уақыты Сабақты ұйымдастыру
формасы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин
2мин Ұйымдастыру
Топқа бөлу Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Таңғы тілек» айдарын жүргізу.
Топқа бөлу Оқушылар үлкен және кіші шеңберге тұрып бір-біріне жақсы бір теңеу бір тілек айтады.
1,2,3-ке санап сандардың легіне қарай топтасады
10 мин Үй жұмысын сұрау «Жауапқа сұрақ «әдісі бойынша интер тақтадан Абай атамыздың суретін шығарып, соған байланысты сұрақтар қодыру арқылы үй жұмысына дайындығын тексеру Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ айтады.
10 мин Жаңа тақырыпты ашу
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықпен және дәптермен жұмыс Тақтадан Шумақ, тармақ, бунақ, буын сөздерін көрсете отырып оқушылардан бұл сөздердің неге қатысы бар екенін сұрау?
Алдын-ала дайындап келген материалдарды таратып «Джигсо» әдісі бойынша мәтін талдату, әр топтан түйінді ой жаздыру Сұраққа жауап бере отырып абай атамыздың білетін бір өлеңінен үзінді жатқа оқиды.
Топ ішінде 1,2,3-ке санап 1-лер бір топқа, 2-лер бір топқа, 3-тер бір топқа жиналып өздеріне тиесІлі мәтінді талдайды. Болған соң бастапқы орындарына қайта барып өз тақырыптарын топта талдайды
2 мин Сергіту сәті Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің бір шумағын хормен айтуға қолқасалу Бірге ән шырқайды
5 мин Жаңа сбақты пысықтау Абайдың үш өлеңін үш топқа талқылату үшін ортақ сұрақтар қою
Және өлең талдауға тапсырме беру Әр топ өз өлеңдеріне қатыстырып сұрақтарға жауап береді.
5 мин Жаңа сабақты қорытындылау «Ыстық орындық» әдісі бойынша әр топтан көшбасшыны шығарып, тақырып бойынша түйінді ойларын сұрау, қосымша сұрақтарға жауап алу Оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасады.
3 мин Кері баланыс «БББ» әдісі бойынша оқушылардан бұған дейін не білгетіндерін, бұл сабақтан не білгендерін, келесі сабақта не білгісі келетіндерін сұрау Оқушылар өз ойларымен еркін жауап береді
2 мин Үйге тапсырма «Абай – лирик ақын» тақырыбына ой толғау жазып келуге тапсырма беру Тапырманы күнделіктеріне жазып аладыс
3 мин Бағалау Көшбасшылық бағалауды жүзеге асыру Әр топтың көшбасшысы өз тобының мүшелерін сабақ барысында бақылап, сол арқылы бағалау критерилеріне сүйене отырып бағалайды.