Басы » Кембридж бағдарламасы » Ы. Алтынсарин өмірі шығармашылығы

Ы. Алтынсарин өмірі шығармашылығы

Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Р. Дадашева
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин өмірі шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі жаңа әдістер арқылы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру топтық жұмыстар арқылы талдау жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже :
1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі мәліметтермен танысады.
2. Жағдаят туғызатын тасырмаларды орындай отырып сын тұрғысынан ойлауға қалыптасады.
3. Топтық тапсырмаларды орындай отырып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады.

Оқыту технологиясы: «Ия немесе жоқ», «Өкіл», «Суреттер сөйлейді», «Топтастыру», «Аяқталмаған сөйлем», «Математиеалық есептеу» , кері байланыс, БББ
Сабақта қолданылатын модульдер:
1. Оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
4. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
5. Оқу үшін және оқыту үшін бағалау
6. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту
7. Оқуды басқару және көшбасшы

Сабаққа қажетті құралдар: АКТ, жар қағаздары (плакаттар), стикерлер, маркерлер, тақырыптық слайдтар, кеспе қағаздар, оқулық, ғаламтор мен газет-журналдардан алынған мәліметтер.

Сабақтың барысы:
Уа-қы-ты Сабақты ұйымдастыру формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 мин Ұйымдастыру Сәлемдесу, түгелдеу, ынтымақстастықты қалыптастыру, шашыраған өлең тармақтарын біріктіру арқылы топқа бөлу Сәлемдесу, бір-біріне таңғы тілек айту, өлең тармақтарын біріктіре отырып топқа бөліну
10 мин Үй жұмысын сұрау Оқушыларды үйге берген тапсырма Нысанбай Жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны бойынша айтысқа шақыру Тақырып бойынша бірінің айтқанын бірі қайталамайтындай кезек-кезек мәлімет айтады

Үй жұмысын пысықтау және жаңа тақырыпты ашу Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің екі шумағы жасырылған сұрақ кеспелеріне жауап ала отырып тақырыпты ашу Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырыпты ашады.
Жаңа сабақты түсіндіру «Топтастыру» стратегиясы бойынша Ы. Алтынсарин өміріне қатысты қысқаша мәлімет айту. Өз ойларын тыңдау Тыңдайды, арасында өз ойларын айтады.
Оқулықпен жұмыс, жаңа сабақты пысықтау Әр топқа бөлек-бөлек мәтін беріп оқуға мүмкінлік беру. Әр топтың жұптық, топтық тапсырмаларын орындату Өздеріне тиісті мәтінді оқиды. Жұптық, топтық тапсырманы орындайды. І топ Алтынсариннің өміріне байланысты сандардың дұрысын орнына қояды. ІІ топ Алтынсарин шығармаларына қатысты артық жауапты алып тастайды. ІІІ топ аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады.
Сергіту сәті Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты «Ия» , «Жоққа» құрылған сұрақтардың дұрыс жауабын қоса отырып математикалық есеп шығарту. Дұрыс жауапты жылдам қоса отырып есептің шешімін табады.
Жаңа сабақты қорыту «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығын баяндайтын суретерді слайдтардан көрсете отырып мәліметтер айтқызу Суретерге қарап Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.
Бағалау Оқушыларды топаралық критерилер арқылы бақылату. Қорытынды бағаны бағдаршам арқылы бағалау. «5» -жасыл, «4»- сары, «3»-қызыл Бір-бірін бағалайды. Өздеріне тиісті бағаларын алады.
Үйге тапсырма «Ыбырай ұлы –ұстаз тақырыбында» эссе жаздыру Күнделікке жазып алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *