Қостанай облысы
Жітіқара қаласы
Естай Есжанов атындағы «№9 орта мектеп» КММ
Тлекешева Сафура Аскарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдеби тілі туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ана тілінің қызметі туралы түсінік.
- 1-жаттығуға байланысты сұрақтарды дайындау
ІІІ білім тексеру:
Тест тапсырмалары
1. Лексика нені зерттейді?
а. Тіл дыбыстарын ә. Сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды.
б. Сөз тіркестерін в. Тыныс белгілерін
2. Көнерген сөздерді табыңдар?
а. Уәзір, болыс, ояз ә. Тұқым, тоқаш, кәсе б. Қырықтық, қой тоғыту
в. Құжат, кеден, сынып
3. Диалект сөзді табыңдар?
а. Сым, бәдірен ә. Ұлтан, қайыс б. Қорамса, садақ в. Тулақ, шекпен
4. Жаңа сөздерді табыңдар?
а. Зейнетақы, келісімшарт ә. Тарих, диірмен б. Ұршық, шошала в. Қойма, атыз
5. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз?
а. төрт ә. Ешкі б. сауысқан в. Гүлдер
6. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар?
а. Құлақ аспау ә. Құлақ-дене мүшесі б. Құлағы жаурады в. Өз құлағымен естіді
- Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді тап
а. Құлақ аспау ә. Халықаралық б. Қалың в. Сәнқой
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.
Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздер ауызша тіл болады да, кітапта, газет — журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:
әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;
сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;
функциональдық-стильдік салаларының болуы;
қоғамдық қызметтің әр алуандығы
Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал.
- «Адасқан әріптер» ойыны
1. А, з, қ, қ, а ҚАЗАҚ
2. І,т, л, і ТІЛІ
3. О,ғ,қ,ы,м,а қоғамы
2. “Ойлан, тап” ойыны
1. Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек.
2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
3. Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.
4. Ғажайып, қазақ, әлем, тілі.
5. Ақылдың, тіл, бірліктің, көрінісі, кілті. - Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
VІ .Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
- Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.
Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.
Әдеби тіл дегеніміз не?
VІІІ Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
І деңгей
Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу
Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
VІІ. Сабақты қорыту
Үй тапсырмасын беру. Бағалау.