Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Үй жануарлары. Етістік. Тұйық етістік

Үй жануарлары. Етістік. Тұйық етістік

kazМ.Горький атындағы №16 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Баядилова Гүлжанат

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Етістік. Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты: Етістік, тұйық етістік туралы мәлімет беру. Негізгі етістік пен туынды етістікті ажырата білуді, етістіктерді тұйық етістік формасында жазуды, тұйық етістікті септеуді үйрету. Топтық жұмысты ынтымақтастықта жүргізуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, салыстыру кестесі, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың байланысы: орыс тілі.

Сабақтың көрнекілігі: эл. оқулық, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, көңіл – күйлерін сұрау, психологиялық  жағымды ахуал тудыру, суреттер арқылы топтарға бөлу.

ІІ Талқылау сұрақтары.

  1. Етістік дегеніміз не?
  2. Қазақ халқында үй жануарларын қалай атайды?
  3. Түйе – байлық, қой – мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы – сәндік, сиыр – ақтық,- деп неге байланысты айтады?
  4. Жаңа сабақты ашуға арналған төрт түлікке байланысты қойылған жұмбақтар:

1.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар  (сиыр).

  1. Төрт тағанды бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тон бар (қой).

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе).

  1. Отырдым мұнан барып оймауылға,

Ілінді екі аяғым байлаулыға.

Қолыма екі қайыс ұстап алып,

Жүргіздім қайда барсам айдауыма (ат).

Бұл жұмбақтардың шешуін оқушылар бірден тапты.

ІІІ Жаңа сабақтың  тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

3.1. Жаңа сөздермен таныстыру.

Мырзалық – щедрость

Жеңілдік – легкость

Тайлақ – двухгодовалый верблюжонок

Сәндік – изящество

Ақтық – изобилие

Серке – козел.

3.2. Электронды оқулық арқылы етістік және оның түрлері (негізгі, туынды), тұйық етістік туралы мәлімет беру.

3.3. Топтық жұмыс. Берілген етістіктерді түрлеріне қарай екі бағанға бөліп жазу.

2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағаланады.

 

Негізгі етістік Туынды етістік
Бар, қызық, бағу, көшу, жүр, өт, бөл. Ақта, сана, тіле, тазала, тұзда, ақылдас, қыста.

 

  1. Жұптық жұмыс. «Жылқы» мәтініндегі қарамен жазылған етістіктерді үлгі бойынша тұйық етістік формасына айналдыру. Тұйық етістікті септеу. Жұптарда өзара бағаланады.
  2. Шыққан – шығу, жоламайды – жоламау, ішпейді – ішпеу, ішеді – ішу, жейді – жеу.
  3. Шығу, бару, көшу етістіктерін септеу.

Сергіту сәті.

Жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығыңдар.

Беріп тай, лақты,

Алдым тайлақты.

Беріп тайлақты,

Алдым тай, лақты.

 

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

 

  1. Жеке жұмыс. ­Өзін – өзі бағалау.

1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.

  1. «У» дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? Төмендегі сөздердің тұйық етістіктерін бір бөлек, тұйық етістік еместерін бір бөлек жазыңдар.

 

Ашу, ту, ағу, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау, құлау, бөлу.

 

Дұрыс жауабы:

 

Тұйық етістіктер Тұйық емес етістіктер

 

Ашу, ағу, құлау, бөлу. Ту, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау.

 

Қорытындылау.

  1. Бүгін не үйрендім?
  2. Маған не қиын болды?
  3. Неліктен қиын болды?

Бағалау.

Үй тапсырмасы: төрт түлік туралы қосымша мәлімет жазып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *