М.Горький атындағы №16 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баядилова Гүлжанат
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: | Т.Айбергенов «Көктем әуендері» өлеңі. |
Сілтеме | Жоспар |
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. «Көктем әуендері» өлеңінің мазмұнын білу.
Дамытушылық: өлеңді мәнерлеп оқуды, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге, сөздердің мағынасын сөздікпен жұмыс жасау арқылы түсінуді үйрету. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы байқауды дамыту. Тәрбиелік: топта оқушыларды бір – бірінің пікірін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алады. Ақынның «Көктем әуендері» өлеңінің мазмұнын біледі. Сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды, көктем мезгілінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы байқауды үйренеді. Топта оқушылар бір – бірінің пікірін тыңдайды, өзара сыйластықта болады. |
Негізгі идеялар | Т.Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданының Қоңырат ауылында дүниеге келген. Мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1967- 1967 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.Көптеген жыр кітаптарының авторы. Жас ақындарға Т.Айбергенов атындағы сыйлық бар. |
Тапсырма | Топтық жұмыс «Көктем» топтастыру әдісі (мадақтау) |
Тапсырма | Топтық жұмыс «Көктем» бес жолды өлең құрау.(критерийлер белгілеу) |
Тапсырма | Топтық жұмыс . Сурет бойынша әңгіме құрау. 2 жұлдыз,1 ұсыныс. |
Тапсырма | Жеке жұмыс «Көктем әуендері» мәнерлі, түсініп оқу. (бағдаршам арқылы бағалау) |
Тапсырма | Топтық жұмыс . Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен «Көктем әуендері» өлеңіндегі көктемді өзара салыстыру. Венн диагараммасы әдісі. (2 жұлдыз, 1 ұсыныс) |
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: (Сабақта оқушы мен мұғалім немен айналысады)
І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
1.1. Сынып оқушыларымен амандасу, көңіл – күйлерін сұрап, назарларын сабаққа аудару.
1.2. Оқушыларды жыл мезгілдері бейнеленген суреттер арқылы топтарға бөлу.
ІІ Талқылауға арналған сұрақтар: (2 — 3 мин)
2.1. Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
2.2. Сіздерге көктем мезгілі ұнай ма, неліктен? (түсіндірмелерін айтады)
ІІІ Жаңа сабақты ашуға арналған ашық сұрақтар:
Бейнеролик көрсетіледі.
3.1. «Әуен» деген не?
3.2. «Көктемгі әуен» деген сөзді қалай түсінесіздер?
- «Көктем » тақырыбына топтық тапсырма. (2 мин)
«Көктем» тақырыбына 5 жолды өлең жазу.Топтық жұмыс, өзара бағалау. (3-4 мин)
Бағалау критерийлері:
- Сауатты жазу
- Грамматикалық шартқа сай келуі
- Синонимін дұрыс табу
1-5 ұпайға дейін беріледі.
Мұғалімнің түсіндірмелері. Хронологиялық кесте әдісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. (2 мин)
Жылдар | Ақынның атқарған қызметтері, шығармашылығы. |
1937 жылы | Қарақалпақстанның Қоңырат ауданының Қоңырат ауылында дүниеге келген. |
1959 жылы | Ташкент педагогикалық институтын бітірген. |
1959-1962 жылы | Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім |
1962- 1965 жылы | Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы орта мектептің директоры. |
1965- 1967 жылы | Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. |
1957 жылдан бастап шығармалары жарық көрген. | «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Аманат», «Бір тойым бар», балаларға арналған «Бақшаға саяхат». Өлеңдерінің тақырыбы: туған жерге деген махаббат,арманы мен тілегі,табиғат сұлулығы. |
1967 жылы | Нөкіс қаласында қайтыс болған. |
3.Топтық жұмыс. Сурет бойынша «Көктемгі еңбек», «Көктемгі табиғат» туралы әңгіме құру. (7 мин)
Жеке жұмыс. «Көктем әуендері» өлеңін мәнерлеп оқу. Сөздікпен жұмыс. (7мин)
(өлең мазмұнын түсінгендігін әр оқушы бағдаршам арқылы өзін – өзі бағалайды)
- Топтық жұмыс. Оқушыларға Абайдың «Жазғытұры» өлеңі мен Т.Айбергеновтің «Көктем әуендері» өлеңін салыстыру. (6 мин)
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,
Көбелекпен , құспенен сай да ду – ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Жазға жақсы киінер қыз – келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл – бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда – бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Көктем әуендері
Төбеде найзағай жарылып,
Аспанға салды кеп сойқанды.
Қыстағы қаймағы алынып,
Өзеннің күбісі шайқалды.
Шағала шаттанып, ән бастап,
Көлге кеп үдетті қиқуды.
Кеудесін көтерді тау да асқақ,
Бүршігі үлбіреп гүл тұрды.
Венн диаграммасы.
Абайдың «Жазғытұры» өлеңі | Ортақ қасиеті | Т.Айбергеновтің «Көктем әуендері» |
Сыбдыр қағып аққан су, құлпырған жер, төлдеген мал, сайраған құстар. | Көктем
Жыл мезгілі Құстар Гүлдер |
Найзағай, құстар үні, кеудесін көтерген таулар, үлбіреген гүл. |
Қорытындылау . (2 мин)
- Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
- Бүгін не үйрендік?
Кейінгі тапсырма беру.
Оқу: «Көктем әуендері» өлеңін жатқа оқу.
Жазу: сөздікті дәптерге жазу, жаттау.