№15 мектеп-лицей мұғалімі
Нұрмаханова Шолпан Шермағанбетқызы
Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сындарлы оқыту теориясының жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану. Әлем өзгеруде. Әлемді жаһандану жайлауда.Ғылым мен техниканың шапшаң дамып жатқан заманында ұялы телефон мен ғаламтор желісіне тәуелді болған баланың қолына оқулық ұстатып,оны жан-жақты тәрбиелеумұғалім еңбегінің өзекті мәселесі екені шындық. Бәсекеге қабілетті елдің қатарына білімді ұрпақ қана апара алатыны тағы да шындық.Осы тұрғыда «Болашаққа өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажетҚазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» деген Елбасымыздың сөзі еріксіз еске түседі.
Елбасының бұл сөзінен нәтиже шығаратын ұстаздар қауымына көп ізденіс, көп еңбек керек екені бесенеден белгілі. Әр ұстаз жоғары шығармашылық деңгейде ізденіп, сапалы білім беру жолында жан-жақты жұмыс істегенде ғана өз еңбегінің жемісін көреді.
Мен үнемі өзімнің ұстаздық ұстанымым ретінде мына шығыстың нақылын басшылыққа аламын Ол «Егер балаға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егерқармақ беріп балық аулауды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады.» Осы ұстанымыма байланысты, мен өз тәжірибемде, сабақтарымда балаларға жаңа материал туралы алдымен толық түсіндіргеннен гөрі бағыт беріп алғанды жөн көремін. Оқушы пікірін тыңдап, «ой қозғау» ретінде материал туралы оқушы көзқарасын ескеріп барып талдауға кірісемін.Көп жағдайда мен баспасөз беттерінен ,ғаламтор желісінен білім беру жүйесіндегі жаңалықтарға , оң өзгерістерге үнемі қызығушылық танытып отырамын.
Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелер арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тарауда. Бұл оқыту Аңглияның Кембридж университеті бағдарламасы аясында әзірленген. Әрине бір қарағанда дәстүрлі білім беру жүйемізден еш кемшілігі жоқ сияқты. Дегенмен, деңгейлі оқытуды оқып келген, оқып жүрген әріптестеріміздің сабағына қатысып, коучингтеріне қатысқан мен үшін бұл оқытудың жақсы тұстарын сабаққа енгізуге болатын кезеңдерін алуыма тура келді.
«Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек- білімде. «Оқытудағы Кембридж тәсілі» бағдарламасын енгізумен толықтырылды. Бағдарламаның мақсты- оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негізінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан , орта білім беру жүйелеріне әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты мақсаты- ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан достарынан алған білімдерімен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюй жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беру енжарлықпен білім беру үдерісі арқылы сипаттады, және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін «жаттап алу» әдісі деп санаған.Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?
Ол-қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті.Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді, 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімде оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру пікір таластыру т.б жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Сындарлы оқытуда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп әрекеттенеді. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Дегенмен, әр мұғалім сабақ жоспарлағанда өз пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет.Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу,өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту Блум таксономиясымен негізделіп жоспарланады. Сөзім құрғақ болмас үшін Блум таксономиясына негізделген бір қысқа мерзімді сабақ жоспарыма тоқталып кетейін.
Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі. Бағдарламада бұл сабаққа 2 сағат берілген
Сабақтың мақсаты: Т.Әбдіковтің өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат алады. Прозалық шығармаларды талдауды үйренеді. Оқушылар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың беріктігіне көз жеткізеді. Өз ойларын, пікірлерін ашық, еркін жеткізуге дағдыланады.
Күтілетін нәтиже: Т.Әбдіковтің өмірі мен шығармалары туралы мәлімет біледі, прозалық шығармаларды талдай алады, Шығарманы өмірмен байланыстыра отырып,өз ойларын еркін жеткізе алады.Әртістік қабілет шыңдалады, топпен жұмыс жасай біледі.
Бағалау критерийлері: Критерий бойынша бағалау, бағалау парақшалары.
Әдіс-тәсілдері:«Екі түрлі түсініктеме»,«Ойлан, жұптас, талқыла»,«Кір жаятын жіп »,«Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы
Ресурстар:Оқулық, парақшалар, суреттер,таблица,маркер, стикерлер, авто портрет, ноутбук, диск.
Уа
қыт |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | Бағалау |
5 мин | Кіріспе | Ұйымдастыру кезеңі
а)Психологиялық ахуал қалыптастыру ә) «Жұбыңды тап» әдісі арқылы топқа бөлу б)Бағалау критерийлерімен таныстыру және тарату с)Сабақ мақсатын бірге талқылаймын |
а) бір-біріне гүл сыйлайды
ә) Топқа бөлінеді б) Таратылған бағалау парақшаларымен танысады с)Сабақ мақсатын талқылайды. |
Ауызша мадақтау |
15
мин |
Таныс-
тырылым Білу (Кім? Не? Қайда? Не істеді?) |
«Екі түрлі түсініктеме»әдісі арқылы өткенді еске түсіру мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырамын
|
Оқушылар жіңішке сұрақтан жуан сұраққа өту арқылы жауап береді
|
Екі жұлдыз бір тілекпен бағалау
|
Түсіну
(Неге? Неліктен? Не үшін?) |
«Ойлан/жұптас /талқыла» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін 1-топ «Арман» тобы 1.Баласын тағатсыздана күткен әке-шешенің ой-тоғаныстары 2-топ «Сағыныш» 1. Баласының әңгімесі неліктен ұнамады? 3 топ «Үміт» Ерғабыл қарттың түнімен мазасызданып шығуның себебе неде? 4- Топ «Құрмет» Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген (кітаптан тауып оқып жіберу) |
Оқушы тыңдап түсіну дағдысы артады Берілген ресурстар бойынша талдау жасайды, анықтайды. |
Топпен жұмыс, критерий арқылы бағалау | |
20
мин |
Негізгі бөлім
Қолдану
|
«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы түсіндірме сөздікпен жұмыс
1-топ Алагеуім – Жолай- 2-топ Шақша- Ноқта- 3-топ Сағағы – Көлегейлеп- 4- топ Қынжылу- Бұл дүние кімге опа берген |
Оқушылар топтаса отырып орындайды
|
Топпен, жұппен жұмыс |
Талдау (салыстыр айырмашылығы неде?) |
«Ойлаудың алты қалпағы» қалпақтардың түсіне қарай кейіпкерлер образын талдайды. Ақ қалпақ: Тақырып туралы түсінік беру Сары қалпақ: Сапабектің іс-әрекетін қолдау Қызыл қалпақ: Ерғабыл қарияның іс-әрекетін өз эмоциясымен жеткізу Қара қалпақ: Сапабектің іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту. Жасыл қалпақ: Қарияны ренжітпеудің қандай жолдары бар еді? Көк қалпақ: Тақырып туралы қорытынды жасау |
Оқушылар диалог құра отырып өз ойларын толықтырады
|
Ауызша мадақтау
|
|
Жинақтау (алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау) |
|
. |
Формативті бағалау |
|
Бағалау
(сен қалай ойлайсың?, не істер едің? |
«Роунд-робин» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлері туралы ой қорытады. |
Оқушылар бүгінгі алған әсерлері,ойын бір-бірлеп айтып шығады қорытындылайды | Жеке жұмыс | |
5
мин |
Қорытынды | Үй тапсырмасын беру
1-2 топтарға Мен ата-ана алдындағы борышымды қалай түсінемін? 3-4 топтарға «Қарт адам- қазына» шағын ойтолғау жазу.Әңгіменің идеялық құрылымы. Жинақтаған балдары бойын- ша суммативті баға қоямын. «Бес бармақ»Кері байланыс жасау |
Оқушылар күнделіктеріне жазып, суммативті бағасын қойдырады.
Кері байланыс жасайды |
Форматив
ті бағаны сумматив ті бағаға айнал дыру
|
Менің сындарлы теориясының әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде қолдана жүріп байқағаным оқушыларға жиі кері байланысты түрлендіре отырып, сабақ өткізсек тиімді болатындығы. Керібайланыс сабақ кезінде құрған табыс критерийі бойынша болу керек. Оқушы кері байланысты әртүрлі қабылдайды біреулері ауызша, біреулері жазбаша бергенді қалайды. Әдебиет сабақтарында «суретті рефлексия» кері байланысын жиі пайдаланамын. Сабақ үстінде балалардың оқу деңгейін байқау үшін кері байланыс алынып отыруды мақсатқа айналдырған жөн. Осы мақсатта мұғалім сабақ үдерісінің к келген кезеңінде кері байланыс арқылы оқушыларға берген тапсырмасын талдап, сараптамадан өткізеді. Кері байланыс- оқыту үшін бағалаудың бір элементі. Кері байланыстың ауызша жазбаша түрлері болады. Кері байланыс жұмысты бағалау, жұмыстың жаңа әдістерінжасау үшін пайдалануды қамтамассыз етеді.
Ұлтымыздың ұлы көшбасшысы Д.Қонаев «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау,үйретуден аянбау» деген даналық сөзін ұстаздық еңбегімнің бағдаршамы ретінде ұстана жүріп, барша әріпестерімді де,үйренуден жалықпауға, үйретуден аянбауға шақырамын әрі еңбектеріне шығармашылық толағай табыс тілеймін.