Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Адиев Жасулан Самиголлиевич
тарих пәнінің мұғалімі
Сыныбы:9 | уақыты: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | «1946-1980 жылдардағы Қазақстандағы мәдениет, әдебиет» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты : | Мәдениет пен әдебиеттің даму бағыттары және идеологиядағы кері көзқарасыты ажырату. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: | А) Мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы, қазақ әдебиеті мен музыкасы және кино өнерінің даму бағыттарын, жаңа сөздердің мағынасын біледі;
В) Тарихи кезеңдердегі мәдени идеологияларды салыстырады; С) Мәдениеттегі кері идеологияға өзіндік көзқарасы негізінде талдау жасайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: | маркер, стикерлер, рефлексия парақтары, флипчарт, тақырыпқа қатысты суреттер, «Аңыз адам» журналы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқытуды бағалау.
Үй тапсырмасын сұрауда Тест тапсырмасын беру, жаңа сабақты меңгертуде бірлескен оқу «Ойлан, топтас, бөліс», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Венн диаграммасы», «Таблица-синтез», қорытындылау барысында «Сегіз бұрыш», «Бағалау ағашы», «Бағалау критериі» сияқты рефлексия парақтарын пайдалану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі ұғымдар | Прогресс, идеология, ЮНЕСКО | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
|
11 мин | Сыныппен амандасу.
Үй тапсырмасын сұрау. «Невада-Семей» қозғалысы, «1991 ж қыркүйек – Орал» тақырыптарында жазып келген рефераттарын жинап алу. Тапсырманы орындаған оқушыларды формативті бағалау. Тест арқылы үй тапсырмасын тексеру Тест сұрақтары: 1. «Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институ-тының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы қабылданған жыл… А)1946 ж В)1947ж С)1948ж 2. «Қазақ КСР-ның тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды? А)1989ж 12.09; В)1990ж 22.09; С)1989ж 22.09. 3. 1991 жылы қазақ тіліндегі балабақша саны қаншаға жетті? А)1677; В)482; С)842. 4. «Невада-Семей» экологиялық қозғалысын ұйымдастырушы кім? А)О.Сүлейменов; В)М.Шаханов; С)Ш.Мұртаза. 5. Балқаш пен Арал проблемалары бойынша комитетті ұйымдастырған кім? А)О.Сүлейменов; В)М.Шаханов; С)Ш.Мұртаза. 6. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы қай жылы құрылды? А)1989ж; В)1990ж; С)1991ж. 7. 1990ж қараша айында Қазақстанда қанша қоғамдық-саяси ұйымдар болды? А)40 аса; В)100 жуық; С) 100 аса. 8. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қашан қабылданды? А)1990ж маусым; В)1990ж тамыз; С)1990 қараша. 9. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталғандар ұйымдастырған партия… А)»Азат»; В)»Әділет»; С)»Желтоқсан» 10. Орал казактарының шеруі қашан болды? А)1990ж 15.09; В)1991ж 15.09; С)1991ж 15.10.
Тест тапсырмасын орындау барысында рефераттарын тексеру. Тапсырма орындалғаннан кейін дұрыс жауаптары оқылады, оқушылардың жеткен деңгейін, рефераттарының мазмұнын ескере отырып формативті бағалау. «Менің таңдаған түсім» әдісі арқылы топтастыру |
-мұғаліммен сәлемдесу;
— сабаққа зер салу Үй тапсырмасы бойынша жазып келген рефераттарын тапсырады
Үй тапсырмасы бойынша тест жұмысын жауап парақшасына орындайды. Жауап парағы Оқушының аты-жөні____________
Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты үнемдеуі керек
Дұрыс жауаптары:
Тест жұмысын тексеру барысында әр оқушы жауап парағын көршісімен алмастыру арқылы оның жұмысын тексереді. Бағалау критериі: 1-5 балл – «орташа» 6-8 балл – «жақсы» 9-10 балл – «өте жақсы»
Оқушылар түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер | 2 мин | Ой қозғау:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге дейін Кеңестік Қазақстандағы ақын-жазушыларымыздың тағдыры туралы не білеміз? 2. Соғыстан кейінгі жылдарда мәдени салаға үлес қосқан ақын-жазушылардың еңбегі қалай бағаланды? Бүгінгі сабағымызда осы мәселеге тоқталамыз Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Прогресс, идеология, ЮНЕСКО сөздерінің мағынасын түсіндіру |
1. Оқушылар өткен тақырыптар бойынша ақын-жазушылардың тағдыры туралы жауап береді. (саяси қуғын-сүргін, қамау, ату жазасы) 2. Оқушылардың жауабы…
Жаңа тақырыпты , жаңа ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | 20мин | Топтық жұмыстар:
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында топтарға тапсырма беру I тапсырма. «Ойлан, топтас, бөліс», Бірлескен оқу І топ: «Мәдениеттегі идеология» «Венн диаграммасы» Кеңестік жүйе Тәуелсіз Қазақстан
«Венн диаграммасы» Сталин кезеңі Хрущев кезеңі
ІІІ топ: «Қазақ әдебиеті, музыкасы, кино өнері» Мәтінмен жұмыс Кесте№1
Кесте№2
Кесте№3
ІІ тапсырма: «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі Әр топқа берілген тапсырмалары бойынша сұрақтар қойылады. Олар «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша басқа топқа әңгімелеп береді. Сұрақтар: І топқа: 1. Кеңестік жүйе кезіндегі мәдени салада қандай олқылықтар болды? 2. Тәуелсіздік тұсында мәдени салада қандай алға басушылық болған еді? 3. Ерекшелігі неде? ІІ топқа: 1. Сталин кезіндегі ақын-жазушылардың тағдыры туралы не білеміз 2. Хрущев кезінде олардың мәдени өмірінде қандай өзгерістер болды? 3. Айырмашылығы неде? ІІІ топқа: 1. Әдебиет саласына үлес қосқан кімдерді білесіздер? Шығармаларын атаңыз. 2. Қандай музыкалық ансамбльдерді және қазақ музыкасына үлес қосқан әншілерден кімдерді білесіздер? 3. Қазақ театры мен киносына үлес қосқан кімдерді білесіздер? Шығармаларын атаңыз. Рефлексия парағы: «Таблица-синтез» әр оқушыға таратып беру Сұраққа жауап берген, берілген тапсырмаларды орындаған оқушыларды мадақтап, ынталандыру.
|
І тапсырма бойынша берілген тапсырманы топпен оқулықтан мұқият оқи отырып берілген тапсырманы орындайды.
І топ – «Венн» диаграммасы
Кеңестік жүйе кезіндегі мәдени саладағы олқылықтар.
Тәуелсіздік тұсындағы мәдени саладағы өзгерістер
ІІ топ – «Венн» диаграммасы
Сталин кезіндегі ақын-жазушылардың тағдыры
Хрущев кезіндегі жарқын оқиғалар
ІІІ топ – кесте Оқулықтағы мәтінді оқи отырып кестені толтырады
Әр топ бірінші тапсырма бойынша әзірлеген деректерін басқа топтар алдында, сұрақтарға жауап бере отырып, әңгімелеп береді. «Таблица-синтез» Оқушының аты-жөні _____________
Оқушылар оқып, естіп-білгендері бойынша рефлексия парағын толтырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды | 12мин | Кері байланыс: Рефлексия парақтарын толтыру:
1. «Сегіз бұрыш» 1) сандар________________________ 2) сөз___________________________ 3) адамдар________________________ 4) сезім___________________________ 5) табиғат_________________________ 6) іс-әрекет_________________________ 7) дыбыстар________________________ 8) көзқарас_________________________ 2. «Бағалау ағашы» 3. «Бағалау критериі» Үйге тапсырма: 1. Міндетті деңгейлі тапсырма. «Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар» тақырыбын оқу, жаңа сөздердің мағынасын түсіну 2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма. «Невада-Семей» қозғалысы, «1991 ж қыркүйек – Орал» тақырыптарында реферат жазу. |
1. «Сегіз бұрыш»
Әр топ бүгінгі сабақта алған мәлімет-тері бойынша бөлімдерін толтырады
2. «Бағалау ағашы» Бағалау ағашының жеткен деңгейін белгілеп, түсіндіреді.
Бағалау критериі «өте жақсы» деңгейде-3 балл «жақсы» деңгейде -2 балл «орташа» деңгейде 1 балл
|