Басы » Баяндамалар » ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ІСКЕРЛІККЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
?????????????

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ІСКЕРЛІККЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

?????????????

Қызылорда қаласы

№ 271 қазақ  орта мектебі

информатика пәнінің мұғалімі

Бахманова Гүлдана Сабырдинқызы

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ІСКЕРЛІККЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 Оқытуды ұйымдастыру формалары мұғалім мен оқушы арасындағы мәлімет алмасу құрылымының көрінісі. Ол оқыту мазмұны мен оқыту әдістеріне байланысты анықталады. Бұл құрылымның форма құрушы элементі компьютер болып есептеледі. Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыруда келесі мәселелерге көңіл аударылуы тиіс:

— бірлесе әрекет жасайтын қатысушылар санына байланысты, жаппай (фронтальды) формада;

— топтық (бригадалық) формада;

— жеке және жұптасып жұмыс істеу формасында;

— рольдік ойындар формасында.

Бұл кезде оқу процесінде қатысушыларға қатысты (кім басқарады? Мұғалім, оқушы немесе компьютер) жағдайлары анықталады.[1]

Информатиканы оқыту әдістемесі оқыту-бақылау, дамыту, тестілеу, ойын программалары арқылы оқушыны компьютер көмегімен “оқыту” мәселелерін қарастырады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі экранда көрініп, оқушы таным әрекетін өзі басқарады.

Ұйымдастыру формасындағы басты мәселе – оқыту мазмұны. Оқыту әдісінің оқыту мазмұнына тәуелді екенін ескерсек, онда оқыту әдісі де өзіне сәйкес оқыту формасын қабылдайды. Мысалы, мұғалімнің компьютерде жұмыс істеу әрекетін демонстрациялауы (оқыту әдісі) жұмыс істеу тәжірибесін үйрету мақсатын көздейді (оқыту мазмұны), ал барлық оқушыны қамтуы (оқыту тиімділігі), оқытуды жаппай (фронтальды) формасына сәйкес келеді.[2]

Рольдік ойындар оқыту әдісі бола отырып, ұйымдастыру формасының күрделі түріне мысал бола алады. Мысалы, ойынға қатысушылар “ЭЕМ — мұғалім” басқаруымен жұмыс істейді (1-топ), қалған оқушылар “Орындаушы” ролін атқарып, оқытудың фронтальды-демонстрациялық формасына сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту формасы оқыту әдісіне сәйкес келумен бірге, оқыту мазмұнына негізделуі тиіс және бір сабақта бірнеше оқыту формасы үйлесім табуы мүмкін. [3]

Оқыту формасының негізгі түрі сабақ басқа формаларды қамти отырып информатиканы оқытуда да маңызды орнын сақтайды. Компьютерлік сыныптарда сабақ уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосарланған сабақтар жүргізіледі. Бұл әр түрлі формаларды үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылардың саны, басқару субъектілері, ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндіктері алдын-ала ескеріледі.[4]

 Сабақтан  тыс жұмыстармен  іскерлікке  баулу. Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады. [14]

Сабақтан тыс білім беру, яғни сыныптан тыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағанан  білімділікті қажет етеді.

Информатика сабағынан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес.Компьютерді қолданып басқа пәндерден сабақтан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.

Сабақтан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс — әрекеттері мен іс – шараларын » ұйымдастыру.[5]

Сабақтан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу –тәрбиелік  іс шаралар.

Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.

Мектептегі тәрбие жұмысының  негізгі бөлігі болып саналатын сабақтан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Сабақтан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталады:

1.Балада жағымды «мен» тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:

а)өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

б)өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретіне сенімділгі;

в)өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.Жағымды «мен» тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы сабақтан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.Сабақтан тыс  жұмыстар әртүрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс — әрекетін бақылауын қалыптастырады.Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар  баланың іс – тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

2.Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу.Оқу үрдісіне сабақтан жұмыстарға  қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз.Сабақтан тыс жұмыстарда оқушылар бір бірімен барлық жағынан қарым – қатынаста болады.

Әртүрлі сабақтан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

3.Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.

Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты.Сабақтан тыс  жұмыстарды қоғам қажет ететін  түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр.

4.Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компонентерін қалыптастыру.

Сабақтан тыс жұмыстардав рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады.Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

5.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс -әрекеттердің біртұтас екндігін білдіреді,өйткені сабақтан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сабақтан  тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды  мәселеледің  бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды  шешеді.

6.Оқушылардың бос уақытын  ұйымдастыру.[6]

Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда   баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет.

Информатикадан бастауыш сыныптағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңету мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды  және жарқын  болуын талап етеді. Ондай іс – шаралардың ойын түрінде өткені тиумдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сабақтан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл  оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған  болып келеді, сонымен қатар   өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сабақтан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен  өтуі тиіс.[7]

Орта буын сыныптардағы сабақтан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді өздерінің күші мен білімін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді.[8]

Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашық жоғары және арнйы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моралдық тұрғыдан жетілген және жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл – ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз — өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.

Сыныптан тыс  жұмыстарды жүргізу. Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің  жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтежесін көрсетудің өзіндік формасы.

Информатикадан викториналар – бұл өзінше іспеттес викториналады  үйірме жұмысы кезінде  немесе сыныптар арсындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Іскерлік ойыедар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы роль ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.

Информатикадан  диспуттар – бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.

Сынып  сағаты.Информатика  мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.

Клубтық қызметтер.Оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.

Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.

Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығын ан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.[9]

Үйірме  жұмыстарын жүргізу. Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.

Сөзжұмбақтар құру мұғалім мен  оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялар өзіндік бақылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және ңәтежелі білім алуға жетелейді.

Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықта шыңдау,өзіндік еңбектену  дағдысын қалыптастыру мақсаттарында өткізіледі.

Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар.Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша  ақпаратты, мәліметтерді, ауызша жазбалардыбезендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұьыс формасы.

Информатикадан факультативтік жұмыстары мектепте көһбінесе 8 сыныптан бастап жүргізіледі.Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін терңдету, кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Мектептегі баспа.Қабырға газеті атты сыныптан тыс жұьыс фармасы барын бәріміз білеміз.Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысн ұйымдастыру алдында жасалады.

Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда.Жоғары да аталған баспа шығармашылық формасы интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиалар мен гиперпедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық  түрін  де дамытуға мүмкіндік береді.

Танымжорықтар (саяхаттар,экскурсиялар).Оқыту  — тәрбиелеу жұмысындағы табиғи жағдайдағы, музейлер, көрмелер,есептеу орталықтарындағы әртүрлі заттар мен құбылыстарды зерттеу мен бақылауға мүмкіндік беретін әдіс пен форма.[2]

Дидактикалық материалдарды пайдаланып іскерлікке қалыптастыру.

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз — өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амоношвили «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын наықтап алып, содан соң срдан бастау керек.» — дейді. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге  оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.[10]

Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану  білім беру  саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің  орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен  2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру  мен  дамыту меммлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды  білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып кез-келген пән мұғалімі электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғауы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.[11]

Информатика мұғалімдерінің педагргикалық жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтежелі әрі құнды дидактикалық материалдарды ұйымдастыруна мүмкіндіктер туғыздырады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.

Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте  анық түсінікті, ой – тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.[15]

Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі  болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элеметтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл – күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының  белсенділігін, дербес ойлауын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның  қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып білімге қызықтырады.[13]

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және  пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін  арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген  және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, содай – ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырады. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір – біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс — әрекеті үстінде қандай да білімді шеріп жатқанын, ал оқу процесінің  өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс — әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын және мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.[12]

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалмнің жеке игеруіне, шеберлік  танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын–ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды  белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс — әрекеттерімен  шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан–жақты ұйымдастырылуы керек.

Қорыты келгенде информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру, оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сондықтан информацияны оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын ойлау өрісін ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аверух В, Гисин В, Зайдельман Я, Лебедев Г.В. Изучение основ информатики и вычислительной техники. М: Просвещение, 1992.
  2. Хантер Б. Мои ученики работают на компьютерах. – М: Просвещение, 1989.
  3. Шанский Н, Боброва Т. Школьный этимологический словарь русского языка (происхождение слов), 4-е издание, Дрофа, М: 2001.
  4. Ершов А, Монахов В, Кузнецов А. И др. Основы информатики и вычислительной техники: В 2 ч. // Под ред. А. Ершова. М: Просвещение, 1995 г.
  5. Ершов А. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО. 1992. № 5,6.
  6. Бабанский Ю, Сластенин В, Сорокин Н. Педагогика. Под ред. Ю.К. Бабанского М: Прсвещение, 1988 г.
  7. Ушинский К. Собрание Сочинений. Т.т. I-II. М. – Л.
  8. Л.Н. Толстой. «Общие замечания для учителя», 1872 ж. М., 1953 ж. 338-342 б.б.
  9. Машбиц Е. Психолого – педагогическое проблемы компьютеризаций обучкения. – М: педагогика, 1988.
  10. Бочкин А. Методика обучения информационному поиску. ИнфО. 2000. № 3.
  11. Ушинский К. Избранные педагогические сочинения. Т.1-2. М., Учпедгиз, 1953-1954.
  12. Халықова К. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.
  13. Kent Beck: Smalltalk Best Patterns. Prentice Hall, 1996.

14.Информатика негіздері.Ғылыми  — әдістемелік  журнал.№3,2010

15.Информатика негіздері.Ғылыми  — әдістемелік  журнал.№4,2006[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *