Байсалбаева Айнур Мутановна
Дарынды және талантты балаларды оқыту
Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Біздің топтағы талқылау кезінде әріптестерім өз тәжірбиелерінде талантты және дарында оқушылармен жасаған жұмыстары жайында пікірлестік. Сонда Қарлығаш апай өзінің талантты және дарынды оқушыларға жекелеген тапсырмалар орындатыпты. Шардың ішіне сұрақтар салып топтың көсбасшылары сол шарды жарып сұраққа жауап беріптті. Талантты және дарынды балаларды қалай байқадыңыз дегенімде,олар өздері ерекшеленіп тұрады. Үлгерімі төмен оқушыларға көпіршілер арқылы қолдау көрсетті- деп айтып кетті. Зульфира өзінің талантты және дарынды оқушылармен жұмыс кезінде ыстық орындық әдісі арқылы әр топтан бір оқушы шығып үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді сонда оқушының деңгейін анықтадым деп жауап берді және куббизім әдісін, фермер әдісін қолдандым. Асел есімді әріптесіміз Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс барысында сурет салу арқылы Дарын деген оқушының жас ерекшелігі үлкен екенін байқаған ол суретт салған кезде бүркіттің суреттін салған неге бүркіт деген кезінде мен бүркіт сияқтымын ешкім маған тиіспесе мен ешкімге тиіспеймін деп жауап беріпті. Ал екінші Алуа есімді оқушысы өзін кітапқа теңепті, өзін білімдімін, талантымын деп өзіне сенімді жауап беріпті. Роза есімді әріптесім дарынды оқушы деп зерттеуге алған Сабинаны айтуға болады. Себебі ол жан жақты, сабаққа белсенді қатысады, үй тапсырмасын тұрақты орындап келеді, берілген қосымша тапсырмаларды іздестіріп ,жинақтап әкеледі, қандай тапсырма берсеңде әрқашанда мен деп бірінші қолын көтереді. Талантты оқушы ретінде мысалға Ақпейілді алуға болады. Себебі оның сабаққа деген ынтасы аз. Баяу сөйлейді, ақырын қозғалады. Үйге берілген тапсырманы орындамай келеді, сабаққа деген қызығушылығы аз, бірақ тәрбиелік шаралар өткізген кезде өте белсенді қатысады.
Дарынды және таланты оқушыны анықтағанда ол мұғалімнің шеберлігі деп білемін. Мұғалім балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.
Дарынды оқушыларды анықтайтын нақты өлшемдерін Монтгомери /1996/ мен Фриман /1991/ көрсеткен, олар:
— Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;
— Өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуларын реттей алады;
— Ойлау қабілеттерінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
— Мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
— Икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп қабылдай алады;
— Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
— Шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырулау қабілеттері бар;
— Ерте дамыған белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Фриман, 1998). [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-75бб.]
Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден күтпеген жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін: олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін
Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Дарынды және талантты оқушылардың да жұмыстарын формативті және жиынтықты түрде бағалаймыз.
Мен іс жүзіндегі зерттеуімнің барысында
— дарынды оқушылардың білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтеруге, қиял және шығармашылық, міндетті шешу, дедуктивті және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыруға;
— әртүрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін құрастыруды үйрендім. бұған мына суреттер дәлел бола алады.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, мектептегі тәжірибе кезінде дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Талантты оқушым Қойшыбай Арман деген оқушым біраз ашылды. Сабаққа ынталы қатысатын болды. Өз еркімен сұрақтарға жауап беріп қызығушылығы артты. Бір сатыға көтеріліп қалды. Мұғалімдер арасында көбінесе «Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы»деген пікір жиі кездеседі. Дарынды бала тумысынан маңдайына жазылған дарындылық пен қабілеттілік белгісі бір бағытқа байланысты,ол тынышсыз, шыдамсыз, кейде көп сөйлемейтін болады. Баланың дарын қабілеттілігі мұғалімнің жетелеуімен ашылуы мүмкін.
Әріптестеріме дарынды және таланты оқушылармен қандай жұмыс жасауға болады деп сұрақ қойдым. Сонда екінші топтағы Оқаева Ұлтуған маған сен ағылышын тіліне көлемді текстер бер, күрделеген сұрақтар қою арқылы, дарынды оқушыларға диалог арқылы рольдік ойындар беру. Постер құрған кезде оқушының дарындығын байқауға болады. Сөздерден өлен құраған кезде оқушылардың талантын көре аласын. Дарынды оқушылар өздерінің сенімі арқылы басқа оқушыларға көмек бере алады деп өзінің кеңесін айтып кетті. Менің жаңа әдіс тәсілмен өткен сабағымда кездескен сәтті кездерім ол Арманның сабақтың соңында ашылғанын байқадым,Аминанның қасындағы оқушыларға көмек беріп отырғаны мені қуантты. ал менің сабағымдағы дарынды және талантты оқушылармен кездескен сәтсіз кездері ол дарынды оқушыларға қаншалықты күрделі тапсырмалар берсем де тез орындап тастауға талпынып, дарынды оқушыларымның мен тұжырымдамасы қалыптасып, өзінен төмен оқушыларға жауап беруге мүмкіндік бермей отырды. Болашақта жаңа әдіс арқылы бұл кемшіліктерімді жоюға тырысамын.
Пайдалаған әдебиеттері: Мұғалімге арналған нұсқаулық 75-76 беттері.[bws_related_posts]