Басы » Биология » Ұлпалар. Эпителий, дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметі

Ұлпалар. Эпителий, дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметі

Сабақ:Биология

 

Мектеп:Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан негізгі мектебі
Күні: Мұғалім есімі:Магзумова Динара Сайранбековна.
Сынып: 8 биология Қатысқандар саны: 8 Қатыспағандар саны: жоқ
Сабақтың тақырыбы

 

Ұлпалар. Эпителий, дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметі
 

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

 

Ұлпалардың түрлерін, эпителий және дәнекер ұлпалардың құрылысы мен қызметін, айырмашылығын және түрлерінің ерекшеліктерін түсіну

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Эпителий және дәнекер ұлпалар  қай мүшелердің құрамында кездесетінін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
 Эпителий және дәнекер ұлпалардың атқаратын қызметін ажырата біледі.
Кейбір оқушылар
Эпителий және дәнекер ұлпалардың топтарын біледі.
Тілдік мақсат

 

 

 

 

Оқушылар істей алады:Оқушыларға диалогті оқыту(зерттеушілік әңгіме) жүргізу арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтылым мен тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын жасай алады
 
Негізгі сөздер мен тіркестер
Эпителий ұлпасы: а)жалпақ, текшелі, бағана тәрізді:ә)кірпікшелі, сезгіш, безді;

Дәнекер ұлпасы: тығызталшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, сұйық (қан)

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Айтылым: Постерді қорғау

 

Тыңдалым:Ғаламтор желісінен  бейнежазба көру
Оқылым: Мәтінмен жұмыс
Жазылым: кесте толтыру, эссе
Алдыңғы оқу: 6- сынып биология пәнінен өсімдік ұлпаларымен танысты
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар
Басталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Психологиялық сәт:  «Мейірімді есім». Мақсаты: эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон жасау. Әр тыңдаушыға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды). Келесі кезеңде оқушылар мақал құрастыру әдісі арқылы екі топқа бөлінеді (Ырыс алды – ынтымақ. Бірлік болмай – тірлік болмас.)

( 3 минут.)  

 

 

Үй тапсырмасын тексеру: тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.  Бағалау критерийі:

10-8 дұрыс болса «5»

7-5 дұрыс болса «4»

4-3дұрыс болса «3»

ӘР ТОПТЫҢ ТОП БАСШЫСЫ БАҒАЛАЙДЫ(6 минут)

 

1.Көміртегі, сутегі, оттегі азот, күкірт элементтері қай ағзылық қосылысқа жатады?

А) Майлар        В) Нәруыздар        С) Көмірсулар

2.Латынша  -« ядро» деген  мағынаны  береді

А) Нуклеин қышқылы      В) Бейағзалық зат      С)Майлар

3. Судан жеңіл, суда ерімейді

А)Көмірсулар        В) Майлар        С) Нәруыздар

4.Энергия жинақтаушы құрылым

А) Ядро      В)Рибосома      С) Митохондрия

5. Қажетсіз соңғы өнімдерді жасушадан шығарылуына қатысады

А) Гольджи жиынтығы   В)Жасуша орталығы   С) Ядро

6.Су мен минералды тұздар

А) Ағзылық қосылыс   В) Бейағзалық қосылыс   С) Майлар

7.Нуклеин қышқылының неше түрі бар

А)                          В) 3                             С) 4

7. Жасушаның құрамында су неше пайыз

А) 65                         В) 80                            С) 95

8. Жасушаның бөлінуі арқылы жүзеге асады

А) Көбею                   В) Тітіркену         С) Зат алмасу

9. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы жүреді

А) Көбею                   В) Тітіркену         С) Зат алмасу

10.Құрамында гюкоза болатын қосылыс

А)Көмірсулар        В) Майлар        С) Нәруыздар

.

І.  Қызығушылықты ояту(5 минут): миға шабуыл (сұрақ-жауап) 6 -сыныпты естеріңе түсірсеңдер өсімдіктер тақырыбында шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын не дап атайтын.

Жасушалар тобы            Ұлпа           Мүше           Ағза

Мына сөздер бір бірімен мағыналық қарым-қатынаста болады. Олай болса назар аударайық. Ұлпалар бейнежазбасын интерактивті тақта арқылы көру

 

 

 

 

Мағынаны тану.

Білу. 6-сыныпта  өткен ұлпалар материалды естеріне түсіре отырып, тақырып бойынша жеке өз дәптерлерінене ұлпа сөзіне ассоциация жазу топқа талқыға салу жалпы топтың атынан жауап дайындап тақтаға жазу.    (Кластер әдісі) (5 минут)

 

тері жабыны          зат синтедеу                         пішіні әртүрлі

 

 

 

 
қоректік заттар өтеді                                       қорғаныштық

Түсіну және қолдану.  «Фишбон» әдісі (12 минут)

1.     Оқу: Эпителий ұлпасы тобына эпителий тақырыпшасы, Дәнекер ұлпасы тобына дәнекер тақырыпшасын бөліп жеке оқыту одан кейін топта талқылау

2.Проблема белгілеуі: Ұлпалардың түрлеріне талдау жасау (флипчартқа салу)

3.Проблема себебі: Ұлпалардың атаулары мен қызметтері және ерекше белгілері (себебін анықтап қорғау)

 

Талдау:Ой-толғау.(5 минут)

Тиісті сөйлемдерді  кестеге толтыру

Бағалау критерийі:

10-8 дұрыс болса «5»

7-6 дұрыс болса «4»

5-3дұрыс болса «3»

 

ҰЛПАЛАР
Эпителий Дәнекер
1, 4, 7, 8, 10 3, 5, 6, 9

1.Ішкі мүшелердің сілемейлі қабығын түзеді.

2.Жиырылу қабілетіне ие

3.Ұлпаны өсінділері бар жасушалар құрайды

4.Қорғаныш қызметін атқарады

5.Тірек қызметін атқарады

6.Жасушааралық заттар аз көлемді

7.Ауыз қуысы мен өңештің ішкі жағын астарлайды

8.Қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасады

9.Серпімділік қасиеті бар

10.Сүт, тержас сілекей құлық бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тесте тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчартфломастер,кестелер Ұлпалар суреті

Аяқталуы

 

  Жинақтау: Шығармашылық жұмыс. Ойды өзіңше аяқта. (6 минут)

І топ тапсырмасы:  Ұлпаларға шағын эссе жазу

 

Үйге тапсырма:  пара-ф 6 оқу ұлпалар туралы қосымша мәліметтер жинақтау. 29 беттегі «Ұлпалар және олардың түрлері» кестесін толтыру (1 минут)

 

Бағалау парағы арқылы әр топтың  көшбасшысы бағасын қояды (2 минут)

Кері байланыс. Стикерге сабақтың өтуі туралы жазу, ілу.

(2 минут)

 

u Сабақта өзіңе қандай пайдалы ақпарат алдың?

u Сабақта қандай тапсырма қиындық тудырды?

u Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың?

.

 

 

 
 

Қосымша ақпарат

Саралау-cіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенлдіруді қалай жоспарлайсыз? Әр тапсырмаға арналған бағалау критери құрылған Барлық оқушыларға арналған тапсыртада оқушылар  тиісті ұлпалардың атқаратын қызметін кестеге толтыру арқылы ұлпалардың түрлерін ажырата білді. Күрделінген тапсырмаға оқушыға ұлпаларға арналған эссе берілді. Эссені дарынды оқушы өте жақсы жазды.  
Рефлексия 

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында әр оқушы жеке-жеке тест тапсырмаларын орындап шықты. Тапсырманы орындап болғаннан  кейін, тест тапсырмаларының  дұрыс жауаптарының критерийлері слайд арқылы көрсетіліп,  әр топ басшысы өзінің тобын  тексеріп, бағалау парағы арқылы бағалады. Бұл сабағымды Блум таксономиясы негізінде құрдым. Мағынаны тану тапсырмасы бойынша: білу кезеңінде оқушылар 6-сыныпта өткен  «Өсімдіктер ұлпалары» атты тақырыбында ұлпалардың ережесін, атқаратын қызметін, қасиеттерін еске түсіру мақсатында интерактивті тақтаның көмегімен «Ұлпалар» сөзіне кластер құрылды. Бұл кезде  оқушылар ұлпалардың  зат алмасатынын, пішіні әртүрлі болатынын, өсімдік, жануар, адам ағзасында болатынын, сонымен қатар ұлпалардан мүшелер құралатыны туралы естеріне түсірді.  Келесі кезеңде түсіну, қолдану кезеңінде сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша «Фишбон немесе балық қанқасы» әдісі  бойынша  жұмыс жүргізілді, яғни берілген мәтін бойынша эпителий ұлпасы  мен дәнекер ұлпаны оқып танысты, проблеманы белгіледі: (ұлпалардың түрлерін ажыратып, талдау жасау арқылы), проблеманың себебін анықтады (ұлпалардың атаулары мен атқаратын қызметтері және ерекше белгілерін), қорытындылады: І топ эпителлий ұлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің   ішкі және сыртқы  бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзетінін, ІІ топ   дәнекер ұлпасы басқа ұлпаларды дәнекерлеп тұратыны, дәнекер ұлпасы әр түрлі жасушалардан және олардың бөлетін жасуша аралық  сұйықтықтан тұрады, әр түрлі қызмет атқаратынынбілді. Әр топ  постерге талдап отырып енгізді.  Әр топтан бір спикер шығып топ жұмысын презентациялады. Сонымен қатар менің байқағаным «Эпителий ұлпасы» тобындағы С оқушы «Дәнекер ұлпасы» тобындағы спикерге түсінбей қалған сәтін қолын көтеріп, сұрақ қою арқылы, қысқа да нұсқа жауап алды. Осы бір сәттен байқауға болады С оқушы сабаққа белсенділік танытқанын.  Бұл тәсілмен жұмыс барысында  сыныпта бос отырған оқушы болмады.  Осылайша оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары байқалды. Топтық талдау барысында оқушылардың алғашқы сабағыма  қарағанда ашылғаны, өз ойларын еркін, жүйелі жеткізуі, топ мүшелерінің пікіріне сын көзбен қарауы байқала бастады. Топта өздерін еркін ұстауы да оқытудағы жаңа тәсілдердің оң нәтиже бергенін аңғартады.   Сонымен жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеріп алды.  Блум таксономиясының талдау кезеңінде оқушыларға орындалатын тапсырмалар берілді. Бірінші тапсырманың мақсаты –эпителий және дәнекер ұлпалардың атқаратын қызметтерін кестеге толтыру болатын. Әр тапсырманы орындағыннан кейін әр топтың көшбасшысы оқушы жұмысын өзінің бағалау парағына бағалап отырды. Келесі жинақтау кезеңінде ой-толғау тапсырмасы орындалды, мақсаты – ұлпалар туралы берілген ойды өзіңше аяқтау мақсатында  шығармашылық жұмыс орындалды.  Бұл кезде әр топ ұлпаларға шағын эссе жазды. Ал соңғы бағалау кезеңінде әр топ көшбасшысы өз бағасын қоя отырып, әр оқушының баға қойылу себептерін атап көрсетті. Сабақтың соңынан жиынтық бағалау жасалынды.  Үйге тапсырма: ұлпалар туралы қосымша мәліметтер жинақтау. 29 беттегі «Ұлпалар және олардың түрлері» кестесін дәптерге толтырып  келу берілді. Кері байланыста оқушылар стикерлерге сабақтың өтуі туралы жазып ілді. (Сабақта өзіңе қандай пайдалы ақпарат алдың? дегенде С оқушы эпителий ұлпасы  бір қабатты және екі қабатты,  пішіні жалпақ, цилиндр, төрт бұрышты  екенін айтты.  Сабақта қандай тапсырма қиындық тудырды? дегенде В оқушы эссе жазған уақытта ойын толық жеткізе алмағанын айтты. Сабақта нені өзгерткің келеді, сенің қалауың? дегенде Ажәне В оқушы топтық жұмыстар әр сабақта жүргізіліп отырса екен деп,- ұсыныс жасады) оқушыларға сабақ сәтті өтіп, жаңа тақырыпты меңгергендері туралы стикер арқылы өз ойларымен бөлісті.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты  болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Кластер әдісі арқылы оқушылар интербелсенді тақтаға шығып өз ойларын еркін жазғаны байқалды.

 

2: Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға таратылған тес тапсырмасы

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

 

1: Топтық жұмыс атқару кезінде дегейі төмен оқушының топтық жұмыс атқару кезіндегі диалогтік әңгімелесуі

 

2: Топбасшының бағалау парағымен жұмысы сабақты жақсарта түсті

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді. Оқушылармен «Қара жәшіктегі жұмысты атқара отырып» бағалау критериін оқушылармен құру

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *