Басы » Кембридж бағдарламасы » Қызықты коучинг сабақ

Қызықты коучинг сабақ

Қызықты коучинг сабақ
Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.
А. С. Макаренко

Бүгінде Бейнеу ауданындағы Үстірт орта мектебінде бір, екі,үш деңгейлі бағдарлама курсын аяқтаған мұғалімдер өз жұмыстарын жүргізіп келеді.Осы мақсатта тарих пәнінің II(екінші) деңгейлі мұғалімі Тамара Қарашбаева «Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың мәні туралы» тақырыбы бойынша коучинг сабағын өткізді.Коучинг өте қызықты болды.
Коучинг сабақта мынадай бөлімдер болды;
«Әр елдің амандасу» дәстүрі бойынша
Топтың «Алтын ережесін» құру
«Ой шақыру» Диалог арқылы сұрақтарды бере отырып,тақырыпты ашуға жетелеу
Ойлан-Жұптас-Бөлік стратегиясы
Критерий бойынша бағалау .Сонымен қатар көрермен мұғалімдер «алты қалпақ» тәсілі арқылы берілетін тапсырмалардың тиімді, тиімсіз жақтарын айтып, өз ойларын ортаға салды.Коучинг сабағына мектебіміздің ұстаздары, жас мамандар қатысып тәжірибе бөлісіп, жаңа технологияны пайдалана отырып, жаңаша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің маңызын ұғынды.
Нұрбибі Қозбекова
Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебінің мұғалімі

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *