Есімдер сыры 2

IMG_0248Ақмола облысы

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің       «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы

Венера Серікқызы Габдуллина.

 «Жақсы есім — ер мерейі»

Топ деңгейі: базалық.

Сабақтың тақырыбы: Есімдер сыры.

Грамматикалық тақырып: дай/-дей жұрнағы, -еке/-әке қосымшасы, барлық, бәрі есімдіктері, … деп ойлау

Сабақтың мақсаты:  Тыңдаушылармен  есімдер сыры  жөнінде  әңгімелесу            -дай/-дей жұрнағы, -еке/-әке қосымшалары туралы түсінік қалыптастыру, жаңа сөздерді пайдалана отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: пікірталас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап әдісі, тренинг

Сабақтың формасы: бірлескен топтық іс-әрекет

Сабақтың көрнекілігі: слайд, гүлдер суреті, себет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Грамматиканы еске түсіру тапсырмалары

ІІІ.Оқылым тапсырмалары

ІV. Тыңдалым тапсырмалары

  1. Сөйлесім тапсырмалары

VІ. Жазылым тапсырмалары

VІІ. Сабақты бекіту

 

І.Таныстыру: Менің есімім Венера Серікқызы Габдуллина, маған есімді әкем беріпті,  себебі, 12 сәуірде туғандықтан шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу болсын деген ниетімен қойыпты, келесі адам өз есімдерін кім қойғандарын және не үшін қойғандарын айтып беруі керек.

 

1-тапсырма.  Жаңа сөздермен танысыңыз.


мерейгер — юбиляр

сүйіспеншілік – любовь

майдан – фронт

үнемі – всегда, постоянно

деңгей – уровень

таңдандыру – удивлять,

 восхищать

өкініш – раскаяние, сожаление

пәлендей – такой-то

әйдік – громадный

туу туралы куәлік –

свидетельство о рождении

қилы – разный

ғажайып – сказочный, прекрасный

құбылыс — явление

шатастыру — путать


 

Оқылым

2-тапсырма. Мәтіндерді оқып, өнер жұлдыздары туралы түсінік алыңыз.

Күләш Бәйсейітова

Күләш Бәйсейітова – бұрынғы КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының мерейгері. Ол Алматыда туып өскен. Күләш Бәйсейітова «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара», «Абай», «Евгений Онегин» операларында басты рөлдерді ойнайды.

 

 

 

Роза Бағланова

Халық сүйіспеншілігіне бөленген КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941-1947 жылдары Өзбек филармониясында ән-би ансамблінде жұмыс істеп, Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс майданында ән айтқан.

Әншінің жіңішке, нәзік сопраносы тыңдаушыларын таңдандырып, оның бай репертуары үнемі ең жоғарғы деңгейде орындалады.

 

Бибігүл Төлегенова

КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семейде әншілер отбасында дүниеге келді. Анасы әнді жақсы айтып, әкесі скрипкада ойнауды ұнатқан. Ол – опера сахнасында Қыз Жібек, Еңлік, Гүлбаршын, Виолетта, Джильда және басқа да бейнелерді жоғары деңгейде орындаған кәсіби әнші.

 

3-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, өнер жұлдыздарына баға беріңіз.   

Күләш                                                                                                                

Роза                                                                                                                   

Бибігүл                                                                                                              

 

Грамматика

4-тапсырма. Ережемен танысыңыз.

-дай, -дей … жұрнағы

Есім сөзден туынды сын есім жасайтын жұрнақтар.

Мысалы: Астанадай әдемі қала жоқ.

Жасалуы.

Зат есім+-дай, -дей, -тай, -тей:

Мысалы: Ол баладай қуанды.

Зат есім+ тәуелдік жалғау +-дай, -дей, -тай, -тей:

Мысалы: Сені інімдей көремін.

-еке  / -әке қосымшасы сыйлау немесе кішірейту, еркелету мақсатында кісі есімдеріне және кейбір зат есімдерге жалғанады.

Мысалы, бай-байеке, Марат-Мәке, …

 

Жалпылау есімдіктері – екі немесе одан да көп заттар мен құбылыстарды біріктіре, жинақтай айту үшін қолданылатын сөздер. Жалпылау есімдіктері: бәрі, барлық.  Ол жіктелмейді.

Мысалы: Бұл кинотеатрда барлық фильмдер қазақ тілінде өтеді.

Бұл кинотеатрда фильмдердің бәрі қазақ тілінде өтеді.

 

5-тапсырма.  -еке /-әке қосымшасын қолданып есімдерді өзгертіңіз.

 

Алтынбек — ……………… (Алтеке)

Байбол  — …………….. (Баеке)

Алдар — …………….. (Алдеке)

Жомарт — ………. (Жомеке)

Еркежан — ………….. (Ереке)

Әділхан — ……………… (Әдеке)

Аязбек — ……………… (Айеке)

Арман — ……………. (Ареке)

Нұрлан — ……………. (Нұреке)

Қалыбек — …………. (Қалеке)


6-тапсырма. Тиісті  сөздерді жазыңыз. Розадай, Абылай ағайдай, Жамбылдай, Бақыт әжесіндей

  1. Менің есімімді ……… беделді болсын деген ниетпен көкем қойды. (Абылай ағайдай)
  2. Оның атын ………. бақытты болсын деп қойды. (Бақыт әжесіндей)
  3. Мен немеремнің атын ……… өнерлі болсын деген ниетпен қойдым. (Розадай)
  4. …………. жүз жасасын деп атам ұлыма атақты ақынның атын қойды. (Жамбылдай)

 

7-тапсырма.  Барлық/бәрі есімдігін қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Фотосуретте кім жоқ?
  2. Қаладағы жаңа көшелерге атау берілді ме?
  3. Ағылшындар сәбилерге қос есім қоя ма?
  4. Ежелгі қалалар мен ескерткіштер туралы сайттардың атауларын таптың ба?

 

Тыңдалым

8-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.
                                                    Менің атым Қожа

Өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.

Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу туралы куәлігінің өзінде солай жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола бермейтіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп, түсіп қалыпты. Бұл құбылыстардың қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.

Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені қара Қожа, оны сары Қожа деп атайды.

 

9-тапсырма. Ойланайық, пікірлесейік.

  1. Туғанда берілген есімім өзіме ұнайды деушілер — бір жақ.
  2. Туғанда берілген есімім біртүрлі, өзгерткім келеді деушілер — екінші жақ болып жақтайсыздар.

 

 

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса – ұзату)»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазылым

10-тапсырма. Кестеге есіміңіз туралы жазыңыз. Әріптесіңізге сұрақ қойып, жауабын ІІ- жақта жазыңыз.

Есім Кім қойды?
Менің есімім

……………………………………………………..

……………………………………………………..

……………………………………………………..

……………………………………………………..

Менің есімімді

……………………………………………………..

……………………………………………………..

……………………………………………………..

……………………………………………………..

 

 

Сабақты бекіту: «Гүл шоғы» тренингі. Әр тыңдаушыға гүл суреті таратылады, сол гүлге әркім өзіне ұнайтын 2-3 есім жазып, оқиды да себетке салады. Сөйтіп гүл шоғы шығады.

 

  • Адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып,       ата-анасының үмітін ақтау қажет деген оймен сабағымызды аяқтаймын.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *