Есімдер сыры

IMG_0248Ақмола облысы

 

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің       «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы

Венера Серікқызы Габдуллина.

 «Жақсы есім — ер мерейі»

Топ деңгейі: базалық

Сабақтың тақырыбы:  Есімдер сыры

Грамматикалық тақырып: Көптік жалғауы, туралы шылауы, —да/-де,        -та/-те   жалғаулығы

Сабақтың мақсаты: а)  көптік жалғау, туралы шылауы туралы түсінік беру;

б)        есімдер ұғымына талдау жасай отырып, туралы           шылауын қолданып, сөйлеу дағдыларын дамыту;

в) есімінің сырын білу арқылы өзін-өзі тануға жол      ашу.

Сабақтың түрі: пікірталас сабағы

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі: слайд, гүлдер шоғы.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Грамматиканы еске түсіру тапсырмалары.

ІІІ. Оқылым тапсырмалары

ІV. Тыңдалым тапсырмалары.

  1. Сөйлесім тапсырмалары.

VІ. Жазылым тапсырмалары.

VІІ. Сабақты  бекіту.

 

Таныстыру: Менің есімім Венера Серікқызы Габдуллина, маған есімді әкем беріпті,  себебі, 12 сәуірде туғандықтан шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу болсын деген ниетімен қойыпты, келесі адам өз есімдерін кім қойғандарын және не үшін қойғандарын айтып беруі керек.

 

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Азан шақырып ат қою – обряд нарекания именем

ат қою – дать имя

деп атау – назвать

дүниеге келу – родиться, прийти в этот мир

есім – имя

есіммен аталуы – назвать по имени

құрмет – честь, почет, уважение

сәби – малыш

туылған – родившийся

ырым – примета

үміт – надежда

үміттену – надеяться

тіл-көз – дурной глаз

ырым – примета

ниет – намерение

қару-жарақ – оружие

ақылгөй – мудрый человек

Грамматика

Көптік жалғау арқылы сөздерге көптік мағына үстеледі. Қосымшалардың жалғануы үндестік заңына бағынады.

Жалғаулары: -лар/-лер, -дар/-дер, -тар,/-тер

Мысалы: достар, жігіттер, қыздар, гүлдер, балалар, әжелер

 

Туралы шылауы атау септігімен тіркесіп қолданылады.

Мысалы: Бұл фильм кім туралы?

Олар ауа райы туралы сөйлесіп отыр.

 

-да/-де, -та/-те – ыңғайластық мәндегі жалғаулықтар.

Мысалы: Қонаевқа ескерткіш Шымкентте де, Алматы да бар.

Бүгін ешқандай хат та, мәлімет те келген емес.

 

2-тапсырма. Есімдерге көптік жалғауды жалғаңыз.

  1. Марат сабақ оқып отыр.
  2. Жанар жұмыста жүр.
  3. Жомарт қазақша сөйлей ме?
  4. Динара дәрігер болып жұмыс істейді.
  5. Ернұр отбасымен Түркияда демалып жатыр.
  6. Думан марка жинаумен әуестенеді.
  7. Теміржан футбол ойнауды ұнатады.
  8. Әсем базарға кетті.

 

3-тапсырма. Сөйлемдерді туралы, үшін сөздерімен толықтырыңыз.

  1. Семинарда оқулықтар ……………….. пікір алысады. (туралы)
  2. Мен базарға тауардың бағасын білу ………….. келдім. (үшін)
  3. Астана …………….. әндердің байқауы болып өтті. (туралы)
  4. Тәуелсіздік ………………… күрескен ұл-қыздарымыздың есімдері ұмытылмайды. (үшін)
  5. Анам соғыс уақытындағы балалар өмірі ………………… көп айтып отыратын. (туралы)

 

4-тапсырма. Тиісті жалғаулықтарды жазыңыз.

да/-де, -та/-те

  1. Маратқа алма берші. Маған … берші. (да)
  2. Ғазизаның көзі …….. қара, шашы ……. қара. (де, да)
  3. Мария қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Илья …. жақсы сөйлейді. (да)

 

Оқылым

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Сәбиге ат қою – нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқында Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою — азан шақыру дәстүрі кеңінен тараған. Салт бойынша балаға ат үш күннің ішінде қойылуы шарт болған.

  Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық есімдерді таңдаса, жастар жағы заманауи аттарды қоюға ұмтылады.

Азан шақырып қойған ат – туылған кезде көпшіліктің назарына жеткізіліп қойылған алғашқы есім. «Азан шақырып қойған аты» деген тіркес адамның туылған кездегі есімі деген мағынада қолданылады.

Ұлболсын, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлту …Бұл есімдер – көп қыз туып, әулеттің жалғаушысы болатын ұл баланы күтіп жүргенде туылған қызға ырымдап қойылатын есімдер.

Қазақ халқында адамның дүние есігін ашқан сәтіндегі уақытқа қарап та есім беру әдеті бар. Мысалы, таң атып жатқанда ұл бала туылса, есімін Таңат деп қойған; қасиетті Рамазан айында туылса, Айтбай, Рамазан деп қойған.

Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да, оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені әр есімнің түбінде бір мән-мағына жатады.

 

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Азан шақырып ат қою деген не?
  2. Қазіргі кезде сәбиге қандай есім қойылып жүр?
  3. Ұлболсын, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлту деген есімдер қандай ырыммен қойылады?

 

        7-тапсырма. Мәтін бойынша өз ойларыңызды айтыңыз.

  1. Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?
  2. Өз есіміңіз ұнай ма?

 

                      

 

Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.

Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер

 

А — Ә — 1           Б — 2                 В — 6               Г — Ғ — 3                  Д — 4

Е — 5                 Ж — 2                З — 7                И — Й – 1                          К — Қ — 2

Л — 2                 М — 4                Н – Ң — 5        О — Ө — 7                 П — 8

Р — 2                 С — 3                Т — 4               У — Ұ — Ү – 6           Ф — 6

Х — 5                 Ц — 3                Ч — 7               Ш — 2                      Щ — 9

Ы — І — 1            Ь — 1                 Э — 6               Ю – 7                     Я — 2

 

 

  1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.
  2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.
  3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.
  4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
  5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.
  6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.
  7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.
  8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.
  9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.

Мысалы: Мен – Венера

6+5+5+5+2+1=22= 2+2 = 4

Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасамын.

      

Тыңдалым

8-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.

Ұлыстың Ұлы күні – мен үшін ең ұлық мереке. Бұл күні күн мен түн теңесіп, қазақтың жаңа жылы кіреді. Жер-Ана қыс-көрпесін айқара ашып, көгілдір көктемнің лебімен келетін Наурыз мейрамында айналамыз ұлттық нақышқа бөленіп, қазан-қазан наурыз көже пісіріліп, ет асылады. Қыстан аман шыққан халық бір-бірін жаңа жылымен құттықтап, төс қағысып көрісіп, игі тілектерін айтып, жастарға батасын береді. Наурыз мерекесі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсе екен деп тілеймін. Ал, енді есіміме келсем, мені наурыз айының 5-інде анам өмірге әкелген. Наурыз айында дүниеге келгесін маған Наурызбай есімі берілген.  Жолдас-жораларым мені кейде «Наурыз» деп атап жатады. Мен оған ренжімеймін. Есімім Ұлыстың ұлы күніне сәйкес қойылғанына ризамын.

9-тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.

  1. Өз есімдеріңіз жайлы не айта аласыздар?

 

10-тапсырма. Есімдеріңіздің әр әріпін қолданып өздеріңізді бейнелеңіз.

Мысалы:

В – махаббат пен әдеміліктің құдайы

е – екі баланың анасымын

н – нәзік, мейірімді, көрікті жармын

е – есімім өзіме ұнайды

р – райымнан тез қайтамын

а – ай сияқты сұлу, әдемімін

 

Сөйлесім

11-тапсырма. «Аты затына сай» дегенді қалай түсінесіз?

 

Жазылым

12-тапсырма. Сіздің немереңіз немесе жиеніңіз дүниеге келді, оған ат қойғыңыз келеді. Сондықтан баланың ата-анасына өз ойыңызды айтып SMS жіберіңіз.

 

Сабақты бекіту.

 

13-тапсырма. «Гүл шоғы» тренингі. Әр тыңдаушыға гүл суреті таратылады, сол гүлге әркім өзіне ұнайтын 2-3 есім жазып, оқиды да себетке салады. Сөйтіп гүл шоғы шығады.

 

Қорытындылай келе, елінің нағыз азаматы болатын, әдемі, жарасымды есімдермен дүниеге сәбилер келе берсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *