Басы » География » Қазақстан көлдері. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Қазақстан көлдері. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

 

PISA халықаралық зерттеулері аясында  ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша  функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған география 8 сынып бойынша мини-сабақ

 Орындаған:  Өлеңті ЖОББ мектебінің

География пән мұғалімі

Зейноллова Жарқын Қанатқызы

 

Сабақ тақырыбы: Қазақстан көлдері. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстанның көлдері туралы білімдерін қалыптастырады. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі жайлы білімдерін кеңейтеді.
Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыптарда алған білімдерін нығайту, алған білімдерін, қажетті мәліметті тапсырманы орындауда, практикада қолдану. Қазақстанның көлдерінің табиғаты, экологиясы жайлы біледі.
Әдіс – тәсілдер: Топпен, жеке, (сыни тұрғыдан ойлау), сұрақ — жауап, демонстрация (ақпараттық комуникациялық технология), аялдама, ми5а шабуыләңгіме (диалогтік оқыту), бақылау, қадағалау (оқытуды бағалау), түсіндіру (қалай оқу керектігін үйрету).
Сабақтың жабдықтары: Интербелсенді тақта, оқулық мәтіндері, кесте, суреттер, үлестірме қағаздар, постер, стикер, карталар.

Психологиялық ахуал:(2 мин)

Топ құру (1мин)
Жаңа сабаққа кіріспе   (4мин)

Жаңа сабақты меңгерту Оқулықпен жұмыс                                  (15мин)
Жаңа білімді бекіту, қорытындылау Топтық жұмыс. Әр топ өз тақырыбына            (мини эссе) жазады. (3мин)
 

 

                                                                     

Мұғалім:

Сабақ барысы: Уақыты Мұғалім іс — әрекеті Оқушы іс — әрекеті

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:
— Оқушыларды шеңбер бойына жинақтаймыз.Бір бірлеріне тілек білдіру (2 мин)
Топтарға бөлу:
Оқушыларға Қазақстан өзендерінің аттары жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Өзен аттары:
Жайық, Жем, Қараөзен, Сарыөзен, Ойыл, Ор, Сырдария, Арыс, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Іле, Қаратал, Лепсі, Аякөз, Қаскелең, Ақсу.
1 — топ. Каспий теңізі
2 — топ. Арал теңізі
3 — топ. Балқаш көлі
Оқушылар Қазақстан өзендері құятын алаптар бойынша топқа бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.         1 мин                                                                                    
І кезең.Жаңа сабаққа кіріспе                                                                           (4 мин)

Мұғалім:
— Қазақстан өзендері неше алапқа бөлінеді?
— Олай болса, Қазақстан өзендері алаптарына қандай өзендер жатады және оларды картадан көрсетіңдер?
— Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Каспий теңізі
— Арал теңізі
— Балқаш — Алакөл
— Теңіз бен Қарасор көлдерінің алабы
— Қазақстан өзендері
— 5 алапқа жатады.
Оқушылар Қазақстан өзендері алаптарына құятын өзендерді анықтап, картадан көрсетеді.
— Ал енді балалар, сабақ барысында білімдеріңді бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізіледі, оны хатшы орындайды.
Стратегия: «Ой шақыру». Арал,Каспий ,Балхаш теңізі туралы суреттер көрсетіледі.
— Балқаш көлінің пайда болу туралы аңыз айтылады.
— Каспий тобы мен Самал топтарының орындауындағы «Каспийім менің» әні орындалады.
— Сонымен балалар біз бүгін қандай жаңа сабақ өткелі тұрмыз? — Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз «Қазақстанның көлдері. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі» деп аталады.
Қазақстан аумағында 48 мыңнан астам көлдер бар. Оның ішінде Каспий теңізі – жер шарындағы ең үлкен көл болып табылады.
Жеке жұмыс

 Стратегия:  «БББ»                                                                                         
— Жаңа сабақты бастамас бұрын инсерт әдісінің «Білемін» атты кестесі бойынша Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі туралы не білесіңдер?
Білемін Білгім келеді Білдім
Хатшы оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап отырады.
Оқушылар бейне көрсетілім жөнінде өз түсініктерін айтады. Бүгінгі тақырыпты оқушылар өздері тауып тұжырымдайды.
Оқушылар «Білемін, білгім келеді» атты кестемен жұмыс жасайды.
IIІ.Жаңа сабақты меңгерту Оқулықпен жұмыс:                                          (15мин)
Стратегия «Аялдама» әдісі Топтық жұмыс
— Әр топ жеке Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі туралы сипаттамасын өз топтарының ішінде өзара талқылап, постермен қорғайды.
— Әр топтан бір оқушы орнында қалып, өздеріне берілген көл туралы мағлұматты келесі топ оқушыларына түсіндіреді.
— «Егер, онда…» ойыны.
1 — топ. «Егер мен табиғат қорғау министрі болсам, онда….»
2 — топ. «Егер мен ақын болсам, онда….»
3 — топ. «Егер мен суретші болсам, онда…»
— Жоғарыда аталған маман иелерінің орнында болған жағдайда Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайын қалай қалпына келтірер едіңдер?
Солтүстік мұхит алабы Каспий теңізі алабы Арал теңізі алабы Балқаш — Алакөл алабы Теңіз — Қарасор көлдерінің алабы
Оқушылар ортақ шешімдері мен идеяларын түсіріп қорғайды.
Үш топ оқушылары бір — біріне кезек — кезек аялдама жасай отырып, жаңа сабақты түсінеді.
3 топ оқушылары
аталған маман иелері болған жағдайда Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайы туралы айтады.
IҮ.Жаңа білімді бекіту, қорытындылау Топтық жұмыс. Әр топ өз тақырыбына      (мини эссе) жазады. (3мин)
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *