Басы » Блог » Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын

Құрметті әріптестер, сайтымызды пайдаланушылар мен қонақтары сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алыңыздар.  Жұмыстарыңыздан табыс, шығармашылықтың шыңына жете беріңіздер. Алдарыңыздағы шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, білім көкжиегінде қанаттарыңыз талмасын.

       Жастарыңыз ұзақ, көңілдерініз көтеріңкі, аспандарыңыз ашық  болсын!

Ізги нетпен сайт админі

 

Наурыз мерекесіне тәрбие сағаты

 

 

 Наурыз бата

 

 Халайық тез серпіліп, өңі кірер,

Шаруасы талапты ердің өрлей берер.

Ұлыстың ұлы күні жайлы болып,

Құдайым алаш жұрттың қолдап жүрер!

Қазағым, наурыз айың құтты болсын,

Малдарың аман төлдеп сүтті болсын.

Ағайын әрқашанда қоғамдасып,

Өзара ылғи тату-тәтті болсын!

Көз жасы жетім-жесір ие берсін,

Ұлыс күні дәулетті үйе берсін.

Есіркеп ғарыптарды қадыр Алла,

Оларға бие менен түйе берсін!

Әлеумет, бақ, орнатсын наурыз айы,

Оңды боп ел жұртымның, хал-жағдайы.

Қар кетіп, жер қарайып, күн жылынды,

Әр үйдің ойнақтасын тайлақ-тайы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *