Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы
«Степное негізгі мектебі балабақша кешені»КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Карымбаева Балнур Тлеубековна
Сабақ тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия
Тақырыпты оқытудағы мақсат:
Білімділік. Екінші дүниежүзілі соғыстан кейінгі Германиядағы саяси өзгерістер,мемлекетті бөліске салу мен ыдырауы,әлуметтік-экономикалық дамуы туралы мағұлмат беру арқылы білім-біліктілікті қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.
Тәрбиелік. Германияның бірігуі мен ішкі және сыртқы саясаты туралы тарихи деректер арқылы
көздерін жеткізіп, дұрыс түсініктерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ. (Сырттай саяхат, сұрақ-жауап, пікірлесу,тапсырмалар орындау)
Сабақ әдісі: әңгіме, сынып және жекелей оқушылармен, картамен, кестемен, мәтінмен, салыстыру, тарихи тұлғаларды тану, интерактивті тақтамен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, математика,т.б
Көрнекі құралдары: Карта, интерактивті тақта, суреттер, кестелер,слайдтар.
ТАҚЫРЫПТЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОСПАРЫ.
- ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ГЕРМАНИЯ
- БАСЫП АЛҒАН АЙМАҚТАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
- 1948 ЖЫЛҒЫ БЕРЛИН ДАҒАРЫСЫ ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯНЫҢ ЫДЫРАУЫ
- АДЕНАУЭР КЕЗЕҢІ (1949-1963ЖЖ.)
- ЕКІ ГЕРМАН МЕМЛЕКЕТІН БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІ
- ҚАЗІРГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
САБАҚ БАРЫСЫ: 45 МИНУТ.
- ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ -1-2 МИНУТ (ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ӘЗІРЛІГІ, САБАҚҚА ҚАТЫСУЫ)
- ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ — 3-5 МИНУТ
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франциядағы конститутциялық өзгерістер?
- Бесінші Республика және Шарль де Голльдің “жеке билік тәртібі”
- 1968 жылғы “Қызыл Мамыр” дағдарысы туралы не білеміз?
- 1956 ж Франция тәуелсіздігін беруге мәжбүр болған ел?
- ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ ЖОЛДАРЫ. — 8- 9 минут. ( Оқушылар слайдта берілген сұрақтарды оқу
арқылы білімдерін толықтыру.
Негізгі жетекші ұғымдар мен түсініктер: термин сөздер, тарихи тұлғалар, мәтінмен, интерактивті тақтамен, кестелер, сызбалармен, суреттермен, компьютермен жұмыс.
(Канцле, бундесрат, бундестаг, мандат, марка, парламент, декартелизация)
- Рефлексия кезеңі: Сабақ барысында оқушы — оқытушы арасында дұрыс қарым-қатынас орнату.
- Жаңа сабақты бекіту. 20-25 минут. Тапсырмалар орындау, ауызша. ( Слайд бойынша)
- Үйге тапсырма: 1-2 минут. 25 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Оқулық 177-190 беттер
- Оқушылар білімін бағалау: Арнайы парақ толтыру. (Ашық сабаққа қатысушылар бағалауы)- 1-2 минут.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия. from Айбек Қуандықұлы
[bws_related_posts]