Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Торғай селосы
Ш.Уәлиханов орта мектебі
Маликзадинова Райхан Маликзадиновна
Бірыңғай мүше
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік беру.
- Оқушыны өз бетімен іздене білуге, сұрақтарға толық жауап беруге машықтандыру.
- Оқушыларды шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Мұғалімнің есіне | Оқушыларға берілетін тапсырмалар |
«Көпір» | І – ұйымдастыру кезеңі |
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің мүшесі дегеніміз не ? 3. Сөйлем құрауға негіз болатын қандай мүшелер ? 4. Айқындауыш мүше дегеніміз не ? 5. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз … 6. Қосарлы айқындауыш дегеніміз … Жаттығу жұмысын тексеру: 61-жаттығу негізінде мәтін құрау. |
|
ІІ кезең ( топтық жұмыс )
Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту сабағы |
|
Теориясы:
( Білу )
|
1. Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап, хабар күтті.
2. Кесек мұрынды, шоқша сақал, зор дауысты Түсіп – Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі болатын . Осы мысалдардағы қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар және сөйлемдегі қызметін анықтаңдар. қарамен берілген сөздер: — бір ғана сұраққа жауап бере ала ма ? — сөйлемде тұлғалас па ? — бір сөз табы бола ала ма ? — сөйлемде бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр ма ? Осы сұрақ негізінде ережені шығару. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не ? / Сөйлемде атқаратын қызметтері бірдей болып келіп, тең дәрежеде байланысатын екі немесе одан да көп сөйлем мүшелерін сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз / |
Теориясы:
( Түсіну ) |
1. Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздерді не деп атаймыз ?
/ сөйлемнің бірыңғай мүшесі / 2. Бірыңғай мүшелер өзара қалай байланысады? Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да – мен, да , және, әрі, я, не, немесе – байланысады. Берілген мысалдарды қатыстырып сөйлем құраңдар. Оқушылар мен ұстаздар; қаламын,дәптерін, оқулығын ; 3. Әсия , шешем, мен – үшеуіміз ғана кірдік. Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. Осы сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер қандай сөздер.
|
Теориясы: ( Талдау )
|
Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді көрсет. Олардың қалай байланысып тұрғанын айтыңдар. Сөйлем мүшелерін анықтаңдар.
Қарғалы бойындағы елдің ереуілі туралы қалаға хабарланып, баяндалған. Арман да, қиял да адамға қанат бітіреді. |
Теориясы:
( Жинақтау ) |
Бірыңғай мүшелер дегеніміз не ?
62- жаттығу. Сұрақ – тапсырмаларды топ болып орындаңдар. 1. Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады ? 2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме ? 3. Жалпылауыш сөздер не үшін қажет ? |
Практикасы :
( Қолдану ) |
Оқулықпен жұмыс.
63- жаттығу. Төмендегі бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды қоян жақ бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды Ой желке, үңірейген болса сағақ. Теке мұрын салпы ерін ұзын тісті Қабырғалы, жотасы болса күшті, Ойынды еті бөп – бөлек омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті. Жуан тақыр бақайлы жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ, Жер соғары сіңірлі аяғы тік, Жауырыны етсіз біткен тақтайдай – ақ.
|
Баға беру:
(Сен қалай ойлайсың ?) |
1. Ситуациялық тапсырма: «Біздің сыныпта » тақырыбында ауызша мәтін құраңдар , сөйлемдердің құрамындағы бірыңғай мүшелерді анықтаңдар. атаңдар.
2. Күнделікті өмірде бірыңғай мүшелердің маңызы бар ма ? Бірыңғай мүшелер дегеніміз …
|
ІІІ бағалау кезеңі ( жеке жұмыс )
Деңгейлік тапсырмалар орындап, балл жинаңдар. |
|
Теориясы :
( Білу ) |
І деңгей
Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Ғарыш кемелерімен Айдан әкелінген материалдарды ғалымдар зерттеді. Әсерлі сөзді Тұрағұл бар ынтасымен тыңдады. . |
Теориясы:
( Түсіну) |
ІІ деңгей
Берілген сөздер құрамына сатылай кешенді талдау жаса. Жаңалықтармен , көркемөнерпаздардың. |
ІІІ деңгей Тест -тапсырма
1.Бастауыш дегеніміз… А. Іс -оқиғаның иесін білдіреді В. Қимыл- әрекетті білдіреді С. Іс – оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырады 2.Тура толықтауышты көрсет. А. Оиғаны баянда В. Оулықтан жаз С.Мектепке бар 3. етістіктен болған баяндауышты мезгіл , мекен, мақсат жағынан айқындайтын сөйлем мүшесі: А. Пысықтауыш В. Анықтауыш С. Толықтауыш 4. Қосарлы айқындауышты көрсет. А. Туған жер В. Жер – ана С. Біз, жастар, ертеңгі болашақ 5. Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы: А. Бірыңғай мүшелер В. Тұрлаусыз мүшелер С. Айқындауыш мүшелер 6. Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер: А. Тұрлаусыз мүшелер В. Бірыңғай мүшелер С. Айқындауыш мүшелер |
|
Практикасы :
( Қолдану ) |
Салыстыру жұмысы.
Айқындауыш мүшелер Бірыңғай мүшелер
|
Үйге тапсырма: 64- жаттығу. Ережелер жаттау.
Бағалау. |