Иманбаева Жазира Достайқызы
Математика пән апталығының ашылу сценарийі
Тақырыбы: « Математика ақылдың әуені – музыка сезім математикасы»
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,9 класс оқушылары қатысты.
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика» пәні апталығының ашылу жиынына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ұлы мереке — бұл апталық «Математика ақылдың әуені, музыка сезім математикасы» тақырыбымен өткізіледі.
1 – жүргізуші. Апталықты ашатын қонағымыз жезтадай әнші — Дулатты ортаға шақырамыз. Мереке әнімен. Бүгінгі салтанатты жиынымыз құтты болсын.
2 -жүргізуші:
Күні кеше Елбасымыз өзінің интерактивті лекциясында «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген болатын. Ендеше терең білімді бойымызғы сіңіру арқылы еліміздің өркендеп өсуіне, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болатынына үлес қосатынымызды естен шығармауымыз керек.
1 -жүргізуші: Алғашқы сөз _кезегін. Мектебіміздің директордың міндетін атқарушы, тәрбие жөніндегі орынбасары, Талманова Дамира Жұмабекқызына беріледі.
2 -жүргізуші: Ал ендеше терең білімді бойымызғы сіңіру арқылы еліміздің өркендеп өсуіне, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болсын деп көк туымыз биікке желбірей берсін.
Келесі ән – «Көк тудың желбірегені»
1 -жүргізуші: Анеля саған бір сұрағым бар қоятын математика пәні ұнайдыма.
2-жүргізуші: Маған Математика пәнінен беретін Жазира апкейім ұнайды.
1 -жүргізуші: Анеля мен қойған сұрақтан қашпа, Жазира апкеіміз барлығымызға ұнайды. Саған математика пәні ұнайдыма дептұрмын.
2-жүргізуші: Ой Дильназ қоймадыңғой сұрағыңмен мазалап мені. Ұнайтыны – ұнайдығой бірақ миыма қонбайды, біразын түсінсем, біразын түсінбей қаламын.
1 -жүргізуші: Түсінбейтіні несі қиын, түсінген балаға еш нәрсе қиын емес.
Математика пәнінің кереметтігін, құпия сырын өлең жолдарымен жеткізетін ортаға 9 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Келесі сөз _кезегін. Мектебіміздің оқу ісінің орынбасары Айтжанова Жанар Абуқызына беріледі.
Ән – Астана Науқанбай Мөлдір
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын апталықтың бағдарламасымен сіздерді таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
Дүйсенбі 23 — қараша
1. Апталықтың ашылу салтанаты
2. Математикаға байланысты ребустар байқауы. Бұл байқауға оқушылар апта бойы қатыса алады.
1-жүргізуші:
Сейсенбі 24 қараша
1. «Ең үздік оқушы дәптері» көрмесі
2. «Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойыны
3. «Математик болғың келе ме?» ойыны
2-жүргізуші:
Сәрсенбі 25 қараша
1. «Рационал сандарға амалдар қолдану » тақырыбында ашық сабақ
2. «Бақытты сәт» ойыны
3. «Жұлдызды сағат» ойыны
1-жүргізуші:
Бейсенбі 26 қараша
1. «Жәй және құрама сандар» тақырыбында ашық сабақ
2. «Жұлдызды сағат» ойыны
2-жүргізуші:
Жұма 27 қараша
1. «ХХІ ғасырдың жас математигі» интеллектуалдық ойыны
2. Көңілді тапқырлар сайысы
1-жүргізуші:
Сенбі 28 қараша
1. Оқушыларды марапаттау.
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін Математика пәнінің мұғалімі Иманбаева Жазира Достайқызына беріледі
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.
Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.
Би: 7 «а» сынып оқушылары
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т)
4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10),
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
1. Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: пифагор)
2. Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)
3. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)
4. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)
5. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)
7. Самолет А-дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минутта ұшып өтті. Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?
8. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)
9. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)
10. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)
11. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
12. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)
13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)
14. Теріс санды «бересі» демей нөлден кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)
1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық. Юнг
2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді Маркушевич
3. Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. Писарев Д.И
4. Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек. Ермак
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін математкиа пәнінен бірлестік жетекшісі Беккулиева Сағын Қойгелді қызына беріледі
2-жүргізуші:
Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар:
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып,
мықтыларға арналған математика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен «Математика ақылдың әуені – музыка сезім математикасы» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.