Басы » Дене шынықтыру » БАСКЕТБОЛ ОЙНАУ ТӘСІЛДЕРІ

БАСКЕТБОЛ ОЙНАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жамбыл облысы Т.Рысқүлов ауданы Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бектемишев Жүніс Кенжекулович

 

«БАСКЕТБОЛ ОЙНАУ ТӘСІЛДЕРІ»

  1. Допты бағытты және өзгерте отырып, соғып алып жүру және беру тәсілі;
  2. Ауыспалы тәсіл. Допты беру, допты соғу, допты шығыршыққа түсіру;
  3. Ойын (бақылау ойыны).

Сабақтың мақсаты:

Бақылау ойыны: білімін бекіту доппен жүргенде беру, шығырға түсіру. Шабуылда, қорғаудағы бір-бірімен байланысы.

Жетілдіру: Ойлауын жетілдіру, күш қуатын, қозғалыстағы тепе-теңдікті ұстай білу.

Бейімімен шеберлігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өзінің ақыл-ойы арқылы тәртібін жетілдіру.

Ұйымшылдыққа өзін-өзі басқара отырып, дене тәрбиесімен шұғылдану.

Әдістемелік тәсіл: жеке, топпен, сыныппен.

Сабақтың түрі: практикалық.

Өтетін орны: спортзал.

Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқаулаулар

мен ескертулер

Дайындау.

Сапқа тұру.

Амандасу.

Орнында бұрылу тәсілдері.

Жүру түрлері.

Жүгіру түрлері.

Оң иықпен адымдап жүру, жүгіру.

Сол иықпен алға.

Артпен алға.

Бұйрық арқылы тоқтау, бұрылу, бір аяқпен әр түрлі жаттығуды қолдану.

Жүруге ауысу.

Жүріп келе жатып үш қатарға ауысу.

Жалпы тұрыс

1.     Қол алға

2.     Қол жоғары

3.     Қол жанға

4.     А. Т

ЖТ қол кеуденің алдында, аяқ деңе қашықтығындай;

1-2 бүгіп тұрып қолды жазып артқа 3-4 рет денені оңға, солға бұра;

ЖТ қол алда, аяқ қашықтығындай;

1-8 қолды алға айналдыру;

1-8 қолды артқа айналдыру;

ӨТЖ  оңға, солға айналдыру;

ЖТ қол белде, оңға, солға айналдыру;

ЖТ алға иілу, қол белде, алда еденге тигізу.

 

 

10-12 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-12 рет

Оқушылардың көңіл күйіне, киіміне, гигиеналық талапқа мән беру.

 

Дұрыс демалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды синхронды орындау.

 

 

 

Әр уақытта сан арқылы жаттығуды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүйір бұлшық етін жетілдіру.

 

 

Тізені бүкпеу.

Негізгі бөлім.

1.     Допты соға жүріп беру, жылдамдықты өзгерту, жүру бағытын өзгерту.

2.     Доппен тұрған оқушы залдың ортасына дейін келіп, мұғалімнің айтуы бойынша допты келесі тұрған қатар басындағы оқушыға береді. Өзі доп берген қатардың соңына тұрады. Допты алған оқушы допты залдың ортасына дейін соғып барып, қарсы қатардың басындағы оқушыға береді. Допты берген қатардың соңына барып тұрады.

Жаттығудың күрделі түрін орындау. Допты соғып алып жүргенде қойылған кубик т.с.с. арасынан өтуінің шеберлігін көрсету.

3.     Ауыспалы тәсіл-беру, доппен жүру, шығырға допты түсіру. Ойыншылар алаң бұрышынан қатармен араласып, ойыншының алаң бұрышымен қатармен орналасып; ойыншының доппен залдың ортасына дейін допты соғып, келесі қарсы тұрған қатардың бірінші ойыншысына береді. Қайта шабуыл жасаушы ойыншыға береді. Ол тез допты соғады. Доп берген команданың соңына барып тұрады. Допты берген ойыншы шығырға тасталған допты алып, қарсы қатардың ойыншысына береді. Қозғалыс жүрісі сағат тіліне қарсы. Допты қозғалыс бағыты бойынша жүргізеді. Тапсырма жаттығудың күрделі түрімен орындау үшін допты көбейтеді.

 

27-28 мин Допқа қарамай алаңды көру.

 

Айла тәсілін орындау, бақылау.

Кәмшілікті айтып түзету керек.

Берілген тапсырманы әдістемелік тәсілмен орындауын бақылау.

Әдістемелік айла – тәсілін орындауын бақылау.

Доппен жүру, беру, шығырға тастау.

Аяқ жүрісіне көңіл бөлу.

Қорытынды:

Ойынды екі жақты үйреткен ойын тәсілін пайдалану. Допты қабылдау ойыншы арасында байланысы шабуылдағы және  қорғаныста орындау.

Сапқа тұрғызу.

Тынысын реттеу.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасын беру.

5 минут Ойын кезіндегі бір-бірімен байланыс шабуылда, қорғаныстағы тәсілдерін жетілдру.

Аяқпен жүре білу, арнайы жаттығуларды орындау.

Оқушыларды жақсы орындағандарын бағалау, кемшіліктерін түзету.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *