Басы » Кембридж бағдарламасы » Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады?

Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады?

гулданегҚарағанды облысы,   Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Ж.Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

  ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі

Бабаханова Гульден

ШЕБЕРЛІК КЛАСТЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Тақырып: Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады?
Мақсаты: Мұғалімнің дарынды талантты балалармен жұмыс туралы пікірлерін өзектілендіру.
Міндеттері: Мұғалімге дарынды, талантты оқушымен жүргізілетін жұмыстар туралы түсінік бере отырып, оқушының дарындылық, шығармашылық қабілетін дамыту, тәжірибеде қолдану тиімділігін көрсету
Күтілетін нәтиже: Мұғалім:

-оқушыларды оқу үрдісі барысында бақылау арқылы сыныбындағы дарынды талантты балаларды анықтай біледі;

-талантты дарынды балалармен тиімді жұмыс ұйымдастыру стратегияларын меңгереді;

-талантты  дарынды балаларды анықтау, қолдауда ата-аналарды қатыстырудың жолдарын табады;

— оқу процесінде балаларды бақылау арқылы олардың дарындылықтарын айқындай біледі;

— дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгереді.

Мақсатты тыңдаушылар: Семинарға қатысушылар
Әдістер: Ой қозғау, топтастыру, диалог, АКТ қолдану, топтық, жұптық жұмыстар
Негізгі идея 1. Топта ынтамақтастықта жұмыс жасай білу.

2.Дарынды, талантты оқушы туралы өз ойларын ортаға салу.

3.Оқушының дарындылық, шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарының бағыт-бағдарын айқындау.

Ресурстар: Презентация PowerPoint «Самые умные дети в мире»

Презентация PowerPoint «Одаренные и талантливые дети»

Сауалнама, плакаттар, флипчарт, стикерлер

Қосымша әдебиеттер: Мұғалімдірге арналған нұсқаулық  І деңгей

 

ШЕБЕРЛІК КЛАСТЫҢ БАРЫСЫ:

Жұмыстың кезеңдері Мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті
Сергіту сәті «Кездесу»

Міндеті: Шебер сыныптың қатысушыларымен танысу

3 мин

Қатысушылар бір-бірімен танысып, өзі туралы сипаттайды Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзін таныстырады. Мысалы,«Ақылды Айгүл», «Гүлденген Гүлайман», «Құнды  Құндыз»
Топқа бөлу

Міндеті: тиімді жұмыс жасауға жағдай жасау

3 мин

Жұлдыздардың

түстеріне

қарай 3 топқа бөлінеді.

Қатысушыларды түрлі-түсті жұлдыздар арқылы 3 топқа бөлемін.

Топ мүшелерін таныстыруларын және өз топтарының атын қоюға ұсыныс білдіремін.

Топта жұмыс

Жинақтау әдісі

5 мин

Берілген пақшалардан шеңбер құрастыру

І топ – талантты балалардың сипаттамасы

ІІ топ – дарынды балалардың сипаттамасы

Парақшаларын постерға желім арқылы жабыстырады, қорғайды
Рефлексия

3 мин

Жеке параққа глоссарий беріледі, терминдермен жұмыс Берілген тізімнен дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді  белгілейді, атайды
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы презентация:«Әлемдегі ең ақылды балалар»

10 мин

«Бұл қандай балалар?», «Бұлар талантты ма, әлде дарынды балалар ма?» деген сұрақтар бойынша талдау жасауға шақырылады Қатысушылар талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Рефлексия

«Миға шабуыл»

2 мин

Қандай қорытынды шығаруға болады? Жеке дербес жауаптар
Тапсырмалар

6 мин

 Стратегиялар мен жұмыс формалары туралы дарынды балаларды оқытудың біздің жалпы білім беру мектептеріне лайықты негізгі жұмыс түрлерін анықтау

 

Қатысушылар талдау жасап, өз пікірлерін айтады
Қорытынды ақпарат

3 мин

Осы мәселе бойынша гимназиямызда атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта талап етілетін жұмыстарға талдау жасау. Қатысушыларға ақпарат ұсынылады.
Рефлексия

5 мин

Қатысушылар үш түрлі сурет бейнесі арқылы  ой  түйінін жасау ұсынылады.

 

Қатысушылар үш түрлі сурет бейнесі (ет тартқыш машина, қобдиша, қоқыс жәшігі) арқылы  шеберлік кластың түйінін жасайды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *