БҚО,
Теректі ауданы
Ақжайық ауылы
Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі.
Зекенова Гульнур Смаиловна
Мақал сөздің мәйегі
Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, сурет.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
І.Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
ІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
— Мақал-мәтелдер деген не?
— Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай?
— Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
— Мақал-мәтелдер нені сынайды?
— Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
— Мақал-мәтелдер қалай айтылады?
— Мақал-мәтелдер қалай таралған?
— Мақал-мәтелдерді кім шығарады?
ІІІ. «Мықты болсаң тауып көр».
Шарты:тақтада сөздер берілген сол сөздерді қатыстырып мақал-мәтелдер құрайсыздар.Қолдарыңыздағы таяқшаны бірінші көтерген топ қана жауап береді.
Тірек сөздер:
1.Қой,қойшы,қозы.
2.Арпа,бидай
3.Бірлік,тірлік
4.Жер
5.Ит
6.Еріншек
7.Білім
8.Отан
9.Әке-шеше
10.Бала
11.Тіл
12.Өтірік
13.Гүл
14.Нан
15.Еңбек
ІҮ.Мақалдың жалғасын тап:
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.)
………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study)
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge)
Ашу дұшпан, ақыл — ……… (дос,друг,friend)
Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын.
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand)
Жылтырағанның бәрі………… емес. |Алтын ,золото, gold|
Ү. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
- Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ.
- Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
- Мектеп, білім- теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.
1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .
1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады
2.Отан — оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
ҮІ Сурет сайысы.
Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
Білім-өмір шырағы.
Білім- теңіз, мектеп- кеме.
ҮІІ. Қорытынды. (толғаныс)
Көрермендер сайысы. «Ойлан тап».
1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)
[bws_related_posts]