Басы » География » Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіпБатыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
 №41 жаратылыстану-математика  бағытындағы     мектеп-лицейі
 Адиева  Лаура Самиголлиевна-география пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл  өнеркәсіп

1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай

алғанын қалар едіңіз?

Жеңіл  өнеркәсіптің  маңызды салаларын ажырата білу. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу .

Білу: Еліміздегі   жеңіл  өнеркәсіптің дамыған салалары туралы білу.

Түсіну: Жеңіл  өнеркәсіпінің   құрылымын,  жеңіл  өнеркәсібінің  салаларын  түсіндіру

Қолдану: Жеңіл өнеркәсіптің дамыған салалары, олардың орналасу принципін анықтау.

Талдау: Жеңіл  өнеркәсібінің өзара салааралық байланысын талдау.

Жинақтау: Ұқсатушы өнеркәсіптің агроөнеркәсіптік кешеннің құрамындағы маңыздылығын түсіндіру.

Бағалау: Жеңіл өнеркәсіп  туралы  білімдерін нақтылау.

2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?  Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту,  дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау,  критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

  1. 3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

  1. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың  барысы

Уақыты Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушылардың

іс-әрекеті

5 минут Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару,  сыныптағы оқушыларды  топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

-сабақтың  өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар   топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың  жалпы мақсатымен   және өткізу жоспарымен танысады

10 минут Кіріспе бөлім   Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Оқулықпен жұмыс:

1. Агроөнеркәсіптік  кешеннің ұқсатушы  факторларына қандай  салалар  жатады?

2. Сендердің облыстарыңда  жеңіл   өнеркәсіптің қандай  салалары  жақсы  дамыған?

3. тоқыма, былғары, тері  өнімдері  қай  ауданда  жақсы дамыған?

Картамен  жұмыс

1.      Жеңіл өнеркәсіптің  таралуы  картасынан аймақтар  бойынша   жеңіл  өнеркәсіптің   таралуын  анықтайды

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
20 минут Негізгі бөлім

Видио көрсетіп  Қазақстандағы  жеңіл  өнеркәсіптің  дамуынның негізгі бағытын  анықтату

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Топтық тапсырма:

Мұғалім  жаңа тақырыпты меңгеру үшін топтарға жигсо әдісі бойынша  өз мәтінін топта талқылап, ортаға салуды тапсырады.

I топ. Жеңіл өнеркәсіптің құрамына кіретін салалардың орналасу принципі қандай?

IIтоп. Тоқыма және аяқ киім өнеркәсібі қай жерлерде дамыған?

III топ. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары, рекреациялық аудандар ұғымын қалай түсінесіңдер?

а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды  дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут Қорытынды бөлім  

Сұрақ — жауап

1.      Топтар бір-біріне  сұрақтар  қояды

Өз облысындағы жеңіл  өнеркәсіпті  кәсіпорындарын білді.

 Картамен жұмыс

Карта бойынша жеңіл  өнеркәсіптің  таралу аймақтары мен оларды ұқсатумен  айналысатын облыстарды анықтайды.

Оқушының  жеке пікірі(көзқарасы)

1.      Өз облысыңда қандай  жеңіл  өнеркәсіпі жақсы дамыған, ол өнеркәсіптің дамуына  қандай  факторлар  әсер  етеді

Оқушыларға  сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерий

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ  негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай

Тақырып ашылған,  нақты негізделген- 3 ұпай

Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *