Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ атауы | Астана қаласы | ||
Сілтеме | 6-сынып оқулығы, -бет | ||
Жалпы мақсаттар | Астана қаласы туралы түсінік беру.Сөздікпен жұмыс жасауға үйрету.Сыни тұрғыдан ойлана отырып,ойын еркін жеткізе білу.Сөздік қорын молайту. | ||
Оқыту нәтижелері | Астана қаласы туралы біледі.Сөздікпен жұмыс жасауға үйренеді.Сыни тұрғыдан ойлана отырып,ойын еркін жеткізе біледі.Болашақта оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана біледі. | ||
Оқыту әдіс-тәсілдері | Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,әңгімелеу,диалог | ||
Оқыту модулі | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.ОүБ және Об.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.Таланты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық. | ||
Келесі тапсырма | «Әсем қала Астана» тақырыбына эссе жазу | ||
Мұғалімнің жазбалары | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылармен амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.Оқушылар- ды сурет бойынша топқа бөлу.Сабақтың тақыры- бын ашу мақсатта «Миға шабуыл»әдісі бойынша оқушыларға жетек сұрақтар қоямын.1.Тәуелсіз Қазақстан- ның бас қаласы.2.Бәйтерек монументі қай қалада? 3.Елбасы Резиденциясы,Парла- мент үйі қай қалада орналасқан? | Оқушылар амандасады.Шаттық шеңберін құрып бір-біріне тілек айтады.Сурет бойынша топқа бөлініп,өз орындарына отырады. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып,сабақтың тақырыбын айтады. | |
Білу | Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Интерактивті тақтада жаңа сөздер көрсетіледі. Оқушыларға жаңа сөздерді оқытамын, синонимдік қатарын таптыру.Әр топтан бір-екі оқушыға сөйлемдер, сөз тіркесін құрастырту.
|
Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысады.Әр топтан бір-екі оқушы сөздерді оқиды.Жаңа сөздермен сөз тіркесін,сөйлемдер құрастырады. | |
Түсіну | Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу.Әр топқа мәтін бөліктерін беріледі.Әр топтан бір оқушыға дауыстап оқытамын.Кейін топ мүшелері өзара оқып,мәтін мазмұнын айтады.
|
Тақырып бойынша мәтінмен танысады.Әр топтан бір оқушы мәтінді дауыстап оқиды.Кейін топ мүшелері топ ішінді мәтінді талқылайды.Топтан бір оқушы мәтін мазмұнын айтады. І топ- Астана қаласының тарихына шолу жасайды. ІІ топ –Бәйтерек монументі туралы айтады.ІІІ топ- Астана қаласының қонақжайлығы туралы айтады. | |
Қолдану | Берілген мәтін бөліктері бойынша жұмыс жүргізу.«Жигсо»әдісі бойынша.Әр топ өздеріне берілген мәтін бөліктері бойынша сұрақтар құрастырып,диалогтік жұмыс жүргіземін. | Берілген мәтін бөліктері бойынша әр топ мүшелері топ ішінде өзара сұрақтар құрастырады.Құрастырған сұрақтары бойынша диалогтік жұмыс жүргізеді. | |
Талдау | 2-тапсырма бойынша жазба жұмыс жүргіземін.Берілген сөйлемдерде көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазу.Әр топ ішінде талқылатып, дәптерлеріне жаздырамын.Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып жазады. | Әр топ мүшелері топ ішінде талқылап,дәптерлеріне жазады.Әр топтан бір оқушы тақтаға жазады.Басқа топ мүшелері сөйлемнің дұрыс-бұрысын тексереді. | |
Жинақтау | Жағдаят. «Менің қалам»
Берілген сөйлемдерді пайдаланып,қала туралы әңгімелеу.Әр топ мүшелері топ ішінде талқылап, берілген сөздерді қатыстырып,әңгіме құрастырады. Ітоп-споркешені,шаштараз,дәмхана. ІІ топ- театр,мұражай, мейрамхана, ІІІ топ-емхана, дәріхана, саябақ Сабақты бекіту мақсатта кластермен жұмыс жүргіземін.Әр топ мәтін бойынша түсінгендерін тірек сызба арқылы айтады. |
Әр топ мүшелері топ ішінде талқылап,берілген сөздерді пайдаланып,әңгіме құрастырады. Құрастырған әңгімелерін әр топтан бір оқушы тақтаға шығып оқиды. Әр топ мүшелері топ ішінде талқылайды.Кластерге мәтін бойынша түсінгендерін тірек сызба арқылы жинақтайды.Орта шығып айтады,қорғайды. | |
Бағалау | Сабақ басында топ басшыларына бағалау парағы беріледі.Топ басшылары әр топ мүшелерін бағалау критерииі бойынша бағалау жүргізеді.
|
Әр топ басшылары өз топ мүшелерін бағалау парағына бағаларын қойып,дауыстап оқып береді. | |
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана.Ол Есіл өзенінің бойында,Сарыарқа даласында орналасқан.Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі,Жастар сарайы,көп қабатты үйлер бар.Парламент үйінің алдында Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің ескерткіштер қойылған.Астана –болашағы үлкен қала.
Бәйтерек монументі
Астана қаласында,Есілдің сол жағалауында «Астана-Бәйтерек»монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан.Бәйтерек-архитектуралық ескерткіш емес,еліміздің кешегісі мен бүгінгінің және болашақтың көрінісі.Бұл ғимараттың биіктігі-97 метр.Бұл монументін салу идеясының авторы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Астана-жаңа Астана
Астанада ауылшаруашылық машиналар зауыты,ет,нан комбинаттары,май және кірпіш зауыты бар.Сонымен қатар машина жасау,темір жол техникумдар бар.1997 жылы 10-желтоқсанда Ақмола Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1998 жылғы 6-мамырдан Астана деп аталатын болды.