Басы » Кембридж бағдарламасы » 1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты

1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

Адиев Жасулан Самиголлиевич

тарих пәнінің  мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты»
Мақсаты : Оқушылар Қазақ АКСР-інің құрылуы және 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты туралы оқып біледі.
Күтілетін нәтижелер: А) Қазақ АКСР-сы болып құру қажеттігі мен Кеңестік қоғамдағы саяси өмірдің сипаты туралы біледі;

В) Қазақ АКСР мен Қазақстан Республикасының саяси құрылымын салыстырады;

С) Қоғамдық-саяси өмірдегі дамуындағы тиімді және тиімсіз жақтарын  әлеуметтік дамуға әсерін болжай алады.

Керекті жабдықтар:  маркер, стикерлер, флипчарт, конверт-сұрақ, бағалау критерилері парағы, бағалау «ағашы»
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.

Үй тапсырмасын сұрауда «Сұрақ-жауап», жаңа сабақты меңгертуде  «Ойлан, жұптас, бөліс», постер қорғау, «5 минуттық эссе» әдісі, бекітуде «Уақыт шеңбері» топтық әңгіме.

Негізгі ұғымдар Декрет, съезд, Қазақ АКСР, ОАК,
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

10 мин Сыныппен амандасу.

Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрау.

Сұрақтар:

1. Шаруалар толқуының себебі

2. Қазақстанда қарулы қақтығыс күшейген кез КОКП-ның XXVII съезі қашан болды?

3. 1930 жылы 11 ақпанда Түркістан отряды қай жерде көтерілісшілер қоршауында қалды?

4. 12 ақпанда жеті  Шымкент отрядының жауынгері оққа ұшқан жер

5. 1930 науырыз айында шаруаларға қарсы соғыс операциясына кіріскен дивизия

6. «Көтерілісшілерді қырып тастадық, мәйітті санап болмайды» деп жазған кім?

7. Қазақ шаруаларын босқыншылыққа ұшыратқан қандай жағдай?

8. 1930 жылы көшіп кету қозғалысын қамтыған қожалық саны?

9. 1931 жылы шамамен қанша шаруашылық көшіп кетті?

10.     1931 жылы босқындар жолына түскен қазақ шаруаларының саны?

11.     1931-1932 жж қанша адам көшіп кетті?

12.     Ұжымдастырудың Сталиндік үлгісіне қарсықанша көтеріліс болды?

13.     Қазақстанда ауыл шаруашылылы жөнінде қаулы қашан қабылданды?

Нақты жауап берген оқушыларға жапырақша тәрізді стикерлер беру арқылы ынталандыру «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу.

-мұғаліммен сәлемдесу;

— сабаққа зер салу

Үй тапсырмасы бойынша ауызша сұраққа жауап береді. Сұрақ біткенше жалғасын таба береді.

1. Ұжымдастырудың Сталиндік үлгісі

2. 1929-1931 жж

3. Бабайқорған қыстағы маңы

4. Қоғашық

5. 8-атты әскер дивизиясы

6. 8-атты әскер дивыизиясыерекше бөлімінің бастығы А. Бармас

7. «ұлтшыл», «бандит», контрреволюционер» деген жалған жала

8. 34977

9. 45000

10.              225000

11.             1 млн 300мың

12.             400-дей

13.             1932 ж қыркүйек

 

Оқушылар ортаға шығып,  әр қайсысына берілген  Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасының қиындылары бойынша топқа бөлінеді.

 

Тұсаукесер 2 мин «Ой қозғау» «Босқындар деген кімдер?», «Қазақ халқының өз елінде босқын болуына әсер еткен қандай саяси жағдай?»

Бүгінгі сабағымызда осы мәселеге тоқталамыз.

Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап, ынталандыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Өткен материалдарды еске түсіріп,

жауап береді.

Оқушылардың жауабы…

Негізгі бөлім  23мин Топтық жұмыстар:

Мәтін мазмұнын,   идеясын меңгерту мақсатында барлық  топқа бірдей тапсырма беру. Дағдарыс, үрдіс, демография, депортация  сөздерінің мағынасын түсіндіру,

I тапсырма:

I топ  «Қазақ АКСР-інің құрылуы және қоғамдық-саяси өмірдің сипаты»

ІІ топ:  «Қазақ КРС-інің құрылуы» Тақырыбын жеке-дара оқулықтан мұқият оқу. Қажетті  деректерді түртіп алу.

IІ тапсырма:

Оқыған деректері бойынша жұптасып, топтасып постер құрап, оны қорғау. Оқушыларды бағыттап, көмек көрсету,

жауаптарына байланысты мадақтап, ынталандыру

 

 

III тапсырма:  «Қоғамдық-саяси өмірдің сипаты»

 Оқыған деректері, алған мәліметтері бойынша  5 минуттық эссе жазғызу. Оқушылардың әр жауабын ескеріп, мадақтап,  ынталандыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдымен әр оқушы өз бетімен жаңа сабақты  зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді. Қосымша деректен қажетін түртіп алады.

 

Жұптық әңгіме жүргізеді, топта талдап, постер сызбасын сызып, оны қорғайды.

 

 

 

«Не?, Қалай?» Оқушылар тақырып бойынша не оқығандығын және қалай оқығандығын түсіндіреді

 

Оқушылар жұппен – топпен жазбаша түрде орындап, жауап береді.

Қорытынды 10мин Кері байланыс.  «Рефлексивті күнделік» толтырғызу

«Уақыт шеңбері» оқушыларды шеңбер бойымен отырғызып, бүгінгі алған мәліметтерін ортаға жинақтатқызу.

Оқушыларға бағалау критерилері парағын үлестіліп, өзін-өзі бағалатқызу арқылы сумативті баға қою

 

 

Үйге тапсырма:

1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

«1920 жылдардағы қоғамды-саяси өмір» тақырыбын оқу, жаңа сөздердің мағынасын түсіну

2. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

«Қазіргі қоғамның саяси даму үрдісіне сипаттама» тақырыбында эссе жазу.

Оқушылар жазбаша орындап, жауап береді.

Жаңа сабақтан түйгендерін қорытындылап, ой елегінен өткізіп, қорытындылауға ортаға салады.

 

Бағалау критериі

«өте жақсы» деңгейде – 5

«жақсы» деңгейде – 4

«орташа» деңгейде – 3

 

1 Үй тапсырмасынжауап бердім  
2 Қосымша сұраққа жауап беруім  
3 Тапсырманы орындауға қосқан үлесім  
4 Топтық  тапсырманы орындауға қосқан үлесім  
5 Жаңа сабақты қай деңгейде меңгердім?  
6 Қорытынды баға  
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *