Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Мақал- мәтелдер

Мақал- мәтелдер

Сабақ:Мақал- мәтелдер Махамбет  атындағы орта мектеп
Күні : 2015ж. Мұғалімнің есімі :Махметова М.А.
Сынып : 5 Қатысқандар саны :14 Қатыспағандар саны :

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты

( мақсаттары )

Оқушылар мақал- мәтелдер туралы мағлұмат ала отырып, олардың ерекшеліктері туралы білу, тұжырым жасай білуге жетілдіру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар :

—          Мақал-мәтел туралы біледі;

—          Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ажыратады.

—          Сөздік қорларында мақалдарды пайдалана алады.

Оқушылардың басым бөлігі :

—          Ақпарат арқылы жұмыстана алады.

—          Мақал-мәтелдер туралы  сыни пікірлер айта отырып, өмірмен байланыстырып,өз толғанысын айта алады.

Кейбір оқушылар :

—          мақал мен мәтелдерге  өзіндік пайымдаулар жасап,  сөздік қорларында пайдалана алады.

Тілдік мақсат

 

Оқушылар :

—          Өз ойын нақты айта алады. Олардың ерекшеліктерін  ажырата алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Мақал- мәтел, мәтелдегі негізгі ой, мақалдың құрылысы

Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер :

Талқылауға арналған тармақтар :

—          Мақал мен мәтелдің құрылысы

—          Мақалдағы негізгі ой

—          Мәтелдегі негізгі болжам, тұжырым

Жазылым бойынша ұсыныстар :сөздікпен жұмыс,жазуға арналған тапсырмалар.

 

Алдыңғы оқу Тұрақты тіркестер, олардың құрылысы

 

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар

( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )

Оқу үшін бағалау

(қалыптастырушы бағалау)

Басталуы 3мин Сыныппен сәлемдесу,

Сергіту «Көңілді күн»

Жан-жағына нұр шашып, 
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
(Бір –біріне жүректен шыққан ізгі тілектерін жеткізу.) 

 

 

Мақалдарды құрау арқылы топқа бөлу./Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны біледі. Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала

 

 

  .  
5мин «Ой-бәйге» сұрақтары (үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)

1. Тайға—————- басқандай

2. Ит ———————- қиянда

3. —————— өлген жер

4. ——————— ашып-жұмғанша

5. Көзінен   ——————- қылмау

6. ……………  ізін салмау

7.  Жүрегінің ——————— бар

8.  Төбе  —————— тік тұрды

9.  Ит терісін —————— қаптады.

10. Күн ———————— келді

11. Қой аузынан  ———————-

 

Қол шапалақтау.

Топтардан сұраққа жауап берген оқушыларды смайликтер беру арқылы бағалау

Ортасы 5мин

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

5мин

Қызығушылықты ояту
«Идеялар себеті» 3 мин мақал- мәтелдер  туралы бейнефильм көрсету
Оқушылар мақал-мәтелдер туралы білетіндерін стикерге жазып, себетке салады.

 

Постермен жұмыс

1- топ —  Мақал- мәтелдер

2-топ- Мақал мен мәтелдің құрылысы

 

 

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі

Оқушыларға мақалдар мен мәтелдер жазылған сөздер банкісі таратылады. Оқушылар  осылардың ішінен мақалдарды теріп алып, «Біздің тақырып» банкісіне ауыстырады.

 

Бас бармақ көрсету

 

Қол шапалақтау.

Топтардан сұраққа жауап берген оқушыларды смайликтер беру арқылы бағалау

 

 

Қол шапалақтау.

Топтардан сұраққа жауап берген оқушыларды смайликтер беру арқылы бағалау

Аяқталуы  

5 мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

«Сөз -бәйге!» Жұппен жұмыс.Оқулықтағы 129-жаттығудың ішінен мақал-мәтелдерді теріп жазу.

 

 

«Мақалдар пирамидасы» (пирамида бөліктеріне  еңбек туралы 4 мақал, достық туралы 3 мақал, білім туралы 2 мақал, адамгершілік туралы 1 мақал жазады)

 

 

 

«Мақал- сөз мәйегі » (шығармашылық тапсырма )

 

Оқушылар осы тақырыпта ойтолғау жазады немесе өлең құрастырады

 
  Үйге тапсырма:«Қазақтың мақал-мәтелдері» альбом құрастыру.
Қосымша ақпарат

Интернет материалдарын дайындау

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Б:Қандай мақалдар көбірек  қолданылады?

Ә : Сен мақал-мәтелді жиі қолданасың ба?

А:Мақалдың тәрбиелік мәні қандай?

 
Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз ? Бағалау шкаласы

5-6 смайлик -«5»

3-4 смайлик — «4»

3-тен төмен- 3

 

 

 

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс . Құндылықтардығы байланыс Өзін-өзі тану.Мультимедиялық проектор,

интербелсенді тақта, электронды оқулық,А-3-4  қағаз,түрлі түсті маркерлер,қарындаштар, стикерлер,,видео материалдары,топтық ереже.

 

 

 

 

Рефлексия  

«Екі жұлдыз, бір тілек»  біріне- бірі ұсыныс айту.

«Маған ұнаған қабырға»

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға смайликтер жапсыру арқылы білдіреді.

 

 

 

 

Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма ?

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды ?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе ?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен ?

   
Қорытынды бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )?

1:

 

 

 

 

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )

 

1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *