Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қазақтың дастарқаны. Өткен шақ есімшенің жіктелуі

Қазақтың дастарқаны. Өткен шақ есімшенің жіктелуі

сқоСолтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернат»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Абильмажинова Гүлмира Каниевна    

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны. Өткен шақ есімшенің жіктелуі.

 Сабақтың түрі— дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі— Білім мен іскерлікті қалыптастыру

 Сабақтың мақсатыбілімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; қазақтың ұлттық дастарқаны туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;

тәрбиелік     Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

дамытушылық- Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар— белсенді тақта, оқулық

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.

-Балалар, біздің әр күніміз, әр сабағымыз-қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу-тілек, береке. Бір-бірімізге бақыт, қуаныш тілеп біз де шашу шашайық (шашу деп «кәмпит» шашылады, әрбір кәмпитте сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап беру керек)

-Сабақтың лексикалық (грамматикалық) тақырыбы қандай?

-Есімше дегеніміз не?

— Есімшенің қандай түрлерін білесің?

-Өткен шақ есімше қалай жасалады?

— Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

— Мектеп асханасында даяшы бар ма?

— Сенің сүйікті тағамың қандай?

-Қою тағамдарды ата

-Сусындарды ата

— Самообслуживание қазақша- т.б.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер жаттау,  «Менің сүйікті асым», «Ең мықты аспаз» әңгімелерің құрастыру, дастарқан батасын жаттау 98-бет /презентация/

 

3 Ой қозғау

ә/ Тақтамен жұмыс    Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу

  1. Нан болса, ән де болады. Будет хлеб будет и песня..
  2. Ас – адамныңарқауы. Еда человеку силу даёт. 
  3. Сыйлапберген су да тәттi. Поданная с уважением и вода сладкая. 
  4. Тату үйдiң тамағы тәттi.      В дружном доме вся еда вкусная. 

 

  1. Сөздікпен жұмыс

Бекер айтпаған-не зря говорится

ерекше мән берген-особое внимание уделял

ежелгі дәстүр бойынша-по древней традиции

кеңпейілді- великодушный

жомарт-щедрый

қонақжай- гостеприимный

таңғалдырады- удивляет

сыбаға -часть туши с костью, предназначенная для гостя согласно его возрасту или общественному положению

 

Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру

  1. Жаңа сабақ

ә/ Мәтінді түсініп оқу

 Әр бөлімге ат беру 1. Қазақтың дастарқаны 2. Дастарқанның сәні мен дәмі 3. Қазақ халқының мінезі

 Сұрақтарға жауап беру:

—          Ас, тамақ туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

—          Қазақ сыйлы қонақтарын қалай қарсы алады?

—          Қазақ дастарқанының сәні мен дәмі не?

—          Қазақ халқының мінезі қандай?

 Мәтіннен есімше тұлғасындағы етістіктерді, сөз тіркестерін табыңдар, қай жақта айтылғанын анықтаңдар: бекер айтпаған, мән берген, сақтап отырған, ет асқан, таңғалдыратыны анық,  таңғалдыратыны анық.

 Үлгі бойынша ет асқан сөз тіркесін жіктеңдер

а/  Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

Жұрнақтары – атын, -етін, -итін, -итын

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *