ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДАҒЫ МОТИВАЦИЯ
Мотивация дегеніміз не?
Мотивация (ағылшын. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түрткі», «кірісу», «жігерлену» сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Moveo латынша «қозғалу, әрекет ету» мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада «қозғалту, әрекетке келтіру» мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Бұл ұғымды алғаш рет немістің философы А. Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған.
Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.
Жаңа талапқа сай мектептерде мотивация ең басты қағидалардың бірі болып саналады. Оқушының даму және білім алу сатысында сабаққа деген құлшынысын арттырса, яғни балаға негіздеме берсе үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Оқушы мен оқытушы арасындағы қатынас сенімділіктен құралып, білім алу және білім беру жақсы эмоция сыйлайтын болады.
Баланың жақсы оқуы үшін танымдық және әлеуметтік мотивацияларды үйлестіре қолдану қажет. Егер мотивация тек танымдық болса, оқушының білім алуы біртекті болып, тәжітибеден алыстайды. Ал егер тек әлеуметтік мотивацияны арттырса, оқушының білімге деген құштарлығы өшіп, тек баға үшін оқитын болады.
Ұстаздың басты міндеті -оқушының сабаққа деген құштарлығын арттыруға тырысу, яғни әртүрлі әдістер қолдана білу.
Қазіргі кезде мемлекет мектептен шығармашылық дағдысы бар, әлеуметтік бағдарланған, өзін-өзі танып, өз-өзіне баға бере алатын, жеке тұлғалық қасиеті бар, дамуға өсіп-өнуге дайын түлекті күтеді.
Ал ол үшін мұғалімдерге келесі міндеттерге үлкен мән беру қажет:
1. Гуманитарлық бағыттағы пәндерді зерттеуде оқу-танымдық қызметке деген мотивация қалыптастыру.
2. Білім беру үрдісінде шыдамдылықты қалыптастыру.
3. Оқушыларда жан-жақты білімді дамыту.
4. Оқушының білім алып жатқан ортасында жағымды психологиялық жағдай жасау.
Міндеттерді іске асыру үшін, әр сабақта оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау керек:
• Сабақта білім берудің әр түрлі әдістерін қолдану.
• Әр оқушыға сабаққа активті түрде араласуға мүмкіндік беру.
• Оқушыға индивидуалды қарайласу, көмекті аямау.
• Оқушыға жеке немесе топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағын оқыту тәжірибесінде, оқушыларындың мотивациясын арттыру үшін келесі тәсілдерді қолданамын:
• Сабақты лирикалық жанрмен бастау, яғни тақпақ оқимын немесе жұмбақ жасырамын, оларды саралауға мүмкіндік беремін.
• Нақыл сөздер қолданамын.
• Таңдау мүмкіншілігін беремін (өздеріне сай тапсырманы таңдау)
• Өмірлік жағдай.
• Грамматикалық жұмбақтар шешу.
Мотивацияны арттыру үшін менің күнделікті қолданатын әдістерім:
1. Өмірмен байланыс – білім алушының грамматикаға деген қызуғушылығын арттыру. Бұл байланыс түрі жаттығуларда кездесетін танымал туындыларды саралап талдау болып табылады. Жай сөйлемдерден құралған жаттығулар оқушыларды жалықтырады. Әрқашан сабақта қолданылатын материалдарды өмірмен сәйкестендіріп баланы тәрбиеге үйрету қажет. Бала сабақ оқи отырып еңбекке, білімге, адамға және Отанға деген сүйіспеншілігі артуы қажет.Өмірмен байланысы бар жаттығулар әдетте ұғынуға жеңіл келеді. Сонымен қатар әдебиетте де бұл әдіс баланың кітапқа, түрлі әдеби туындыларға деген қызығушылығын арттырады.
2. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда көрнекілік қағидалары үлкен рөл атқарады. Көрнекіліктерді дұрыс қолдану ережелерді жақсы ұғынуға, логикалық ойды қалыптастыруға, оңай есте сақтауға және оқушылардың көрген, білген нәрселеріне талдау жасауға мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабағында көрнекілік-визуалды материалдар үлкен рөл атқарады. Көрнекілікті оқушылардың өздеріне жасауға мүмкіншілік беру қажет. Мысалы: Абай Құнанбаевтың «Қыс» тақпағына сурет салдыру, сабақ үстінде де өткен тақырыпты ақ қағаз бетіне салу т.б.
3. Сабақта жаңа технологияларды қолдану. Қазіргі балаларға сай жаңашыл мұғалім болу қажет. Компьютерді өз пайдана асыра білу керек, өйткені жаңа технология баланың қызуғышылын арттырудың бірден-бір тәсілі. Сабақты түсіндіргенде, ақпарат алғанда, оқушының білім сапасының диагностикасын жасауға, оқушыларды бағалауға және интеграциялық сабақ өткізу үшін компьютер көмегіне жүгіну қажет.
4. Ойын ойнау – балалардың қазақ тілі және әдебиеті сабағында балалардың мотивациясын арттырудағы ең тиімді тәсіл. Мысалы ең қарапайым ойындарды назарларыңызға ұсынамын:
«Төртінші артық» ойыны. Берілген сөздерден сапасы жағынан басқа үш сөзден айырмашылығы бар сөзді алып тастау
• қалам, парта, дәптер, сөйлеу (артық етістік)
• қызық, қызығу, қызыл, үлкен (артық етістік)
5. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған әдістері:
• «кластер» – материалды графикалық жүйелеу. Авторы – Гудлат. Бұл байлам белгілі бір тәртіппен мəтін мен графиканы семантикалық бірлікті бөлуді қамтиды.
• «Сіз … сенесің бе?» ойыны.Мақсаты: сыни нәтижелерін бағалау мүмкіндігі үшін. Бұл оқушыларды зерттеп, олардың өз-өздерін бағалауға үйрету болып табылады.
• «Рефлексивті сұрақтар».Мақсаты: тәжірибе арқылы оқушынының эмоционалдық тұлғасын құрау. Бұл сабақтың соңында рефлексия кезеңінде қолданылады.
Рефлексиялық сұрақтар жиынтығы:
1. Бүгін саған ең қиыны не болды?
2. Сен үшін бүгін ең маңызды не?
3. Сен келіспеген жайттар бар ма, ол не?
4. Сені бүгінгі сабақта қандай эмоциалар мен сезімдер болды?
Баға – жай ғана белгі емес. Дауыстап әр оқушының жетістіктерін айтамын. Бағалаудың негізгі мақсаты – білімді ынталандыру. Балаларға жетістік керек. Жетістік балалардың жұмыс жасауға итермелейді. Оқушылардан бағаны аямау қажет, сол кезде балаға сіздің ниетіңіз оң әсерін тигізіп, сізге деген қарым-қатынасы жақсарады. Жақсы баға алған оқушы жаңа ашылымдарға, жаңа жетістіктерге, жаңа сабаққа дайын тұрады.
Оң мотивацияны тудыратын әдістермен қоса, жағымды психологиялық климат болу қажет. Оны тудыру үшін «эмоционалды байланысты» қолданамыз (терминді енгізген американдық психотерапевт Э.Берн) . Ол оқушыларды атымен атау, мадақтау, жұбаныш жасау, қасына жақындаудан тұрады.
Осы нәтижелердін бәрін талдап, мынандай ой түйіндеуге болады.
1. Мотивация – қазақ тілі сабақтарын оқушылардың табысты даярлау факторларының бірі.
2. Оң мотивациясының төмендеуі оқыту табысын және тиімділігін төмендеуіне әкеледі.
3. Қызығушылықты дамыту, оқушының сабаққа деген ынтасын көтеріп, білім деңгейін арттырады. Ол тек қазақ тілі сабағына ғана емес, басқа да пәндерге өте тиімді.
4. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, білім беру әдістері мен құралдарын қолдану балалардың оң мотивациясын туындатып, негізгі психикалық операцияларды дамытуға ықпал жасайды, коммуникативті құзырлықтарды және жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттырады.
Олар үйрене келе тек қуанышты және тартымды балалар болады: жобалауға, салуға, ізденуге, яғни сөздің шынайы мағынасында әлемді зерттеуге өз үлесін қосуға дайын болады. Психикалық, тәни және рухани, олар бар күштері арқылы оқитын болады. Және бұл тек өзін-өзі оқыту мен заманауи білім беру технологиялары негізінде танымдық іс-әрекетінің процесінде болады.
Бүгінгі мұғалім, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз. Ол тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын, оқушының жан дүниесін түсінетін, олардың биік жетістіктерге жетуіне көмектесетін қолдаушысы, көмекшісі досы болуы керек. Ж.Аймауытов айтқандай баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздің мұғалімдеріміздің оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақтарын түрлендіріп өткізуі-осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір кепілі болып саналады.
«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы
білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Г. А. Бүркітбаева