Басы » Баяндамалар » Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері

Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері

551Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы

 білім беретін орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Алмурзина Гулмира Жолдибаевна

 «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың

 жолдары мен тәсілдері»

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру ісіне де ықпал етуде.

Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында білім негізін алуға,өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, еркін бағдарлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық салада қызмет жасайтын барлық ұстаздарға, әсіресе тарихшыларға зор міндет деп санаймын.

Бүгінгі таңда оқу үрдісін ұйымдастыру білім берумен ғана шектелмейді, ол оқушының жеке дамуына арналған.Ол үшін, ең алдымен, танымдық іс-әрекеттің маңызды жақтарына көңіл аударуымыз керек. Өйткені сезімдік таным(қызығу, құштарлық, ынта-ықылас) негізінде қабылданған білім, іскерлік дағды,әрекеттер оқушының даралық психологиялық қасиеттері мен ақыл-ойының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына жетелейді.

Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі-өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру де тарихшы ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса назар аударылды. Әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, өткен жолын, тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін,       суын, даласын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш сезімі оянады.

Мақсатты, жүйелі ұйымдастыра білсе өлкетану жұмысының білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, сабақ үрдісіндегі жергілікті жерге байланысты деректерді тиімді пайдалану оқушылардың тарихи құбылыс заңдылықтарын толық түсініп,адамзаттың материалдық және рухани байлықты жасаушы ретіндегі рөлін ғылыми жолмен түсіне білуіне мүмкіндік береді. Өлке тарихын оқытудың күнделікті өтілетін сабақтардан өзгешелігі бар. Өзіне жақын да таныс жерлер мен адамдар туралы айтылатын оқиғалар мен деректер әр нәрсеге қызыққыш, эмоционалды болып келетін балалардың жан-қуаттарының оянуына түрткі болып, мұндай сабақтарға қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өлкетану жұмыстарына балалардың ерте кезден араласуы олардың ой-өрісін дамытады, еліміздің тыныс-тіршілігімен, шаруашылық өмірімен таныса отырып, қоғамға қажетті білімге құштарлық, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз бетімен шығармашылық іске ұмтылуына, болашақ мамандық таңдауына да игі әсер етері сөзсіз.

Өлкенің тарихын, тарихи-мәдени, табиғи құндылықтарын оқыта отырып, оқушының танымдық қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке, өз бетімен іздену талабын қалыптастыруға болады. Шәкірттердің өзіне деген сенім, білуге деген ынтасын арттыруға тәрбиелей отырып, өлкетану деректері бойынша іздестіру, зерттеу жұмысына басшылық жасауға болады. Атап айтсақ, оқушылар мынадай тақырыптарда іздестіру, жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізді:

2007-2015 оқу жылындағы «Өлкетану» үйірмесіне қатысып, өзім жетекшілік еткен оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқталсам:

 

Оқу жылы

 

Оқушылның аты-жөні

 

Жұмыстың   тақырыбы

 

Жобаны   қорғау

 

Нәтижесі

1  

2007-2008

 

Мақашева

Ақжарқын

 

«Тұңғыштар туын тіккен мекен»

Облыстық

“Атамекен”

Туристік-

экспедицияс

 

І

дәрежелі

диплом

2  

2008-2009

Мұхамбет

жанова

Лунара

“Орда ауылының жер-су атаулары” Облыстық «Туған жер- Алтын бесік» өлкетану байқауы  

І

дәрежелі

диплом

3 2009-2010 Мұхамбет

жанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ҚР мен Ресей  шекарасында «Мәңгі бірге»туристік-өлкетану І

дәрежелі

диплом

4  

2009-2010

Мұхамбет

жанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ТМД елдеріндегі «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедиция конкурсы  

ІІІ дәрежелі

Диплом

5  

2010-2011

 

Карлова

Жаннұр

 

«Жәңгір – мәңгі есім»

Облысытқ «Атамекен» өлкетану байқауы  

ІІ дәрежелі

диплом

6  

2012

 

Карлова

Жаннұр

 

«Өшпес –мұражай тарихы»

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі  

ІІІ дәрежелі

диплом

7  

2012

 

Айбатова Салимат

«Бөкей Ордасы тұңғыштар мекені» Облыстық мектеп музейлері фестивалінің «Музей және балалар» көрмесі  

І

дәрежелі

диплом

8  

2015

Жұмағалиева А

Ишанғалиева П

Байғұттиева А

«Қазақ хандығының негізгі құрылу себептері» «Қазақ хандығына 550ж» арналған аудандық мультимедиалық жобалар сайысы ІІ

дәрежелі

диплом

9  

2015

 

Жұмағалиева

Айым

 

«Ескерткіштер сыр шертеді»

«Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық ғылыми жұмыстар сайысы  

ІІ дәрежелі

диплом

 

Оқушылардың жинақтау, зерттеу және ағарту жұмыстары өлкетану үйірмесінің отырысында тыңдалып, талқыланып кейін аудандық, облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды.

Тарихты оқытудың бағдарламасына сәйкес өлке тарихы мен аймақтық материалдарды тиімді пайдалану, баланың пәнге қызығушылығы мен тарихи білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі.

Мысалы, 9 сыныпта «Өлкеміз азамат соғысы жылдарында» тақырыбындағы сабақта әртүрлі жаңа ұтымды технологияларды пайдаланып, тұлғаның шығармашылық, зерттеушілік іскерлігін қалыптастыруға тырысамын. Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беремін.

1 топ.Азамат соғысы кезеңіндегі өлкемізде болған жағдайды зерттеп келу.

2 топ.Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрылу тарихымен танысу.

3 топ.Азамат соғысы кезіндегі қару-жарақ түрлерін зерттеу.

4 топ.Сексен сарбаз ескерткішінің тарихы.

Өлкетану жүйелі  зерттеу нәтижесінде ғана іске асырылады .Жергілікті жердің жеке тұлғаларының тарихы,ата-бабалар тарихы, бәрінің ұрпақ сабақтастығында үлкен тәрбиелік мәні бар.Осы орайда мектеп мұражайының рөлі айрықша.

Мұражай — дәуіріміздің әр кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен олар жайлы нақты деректерді жеткізуші, қымбат қазынаны сақтаушы. Мектеп мұражайы жалпы білім беріп, ой — өрісті дамытады, оқушыларды өлкетану қызметіне қатыстырады.

Мектеп мұражайы балалардың танып білу бейімділігін дамытуға ықпал жасайды. Оқушылар қордағы әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс істеу арқылы жергілікті тұрғындардан материал жинауға ынталанады, табылған құндылықтарды талдауды үйренеді.

Өлкенің тарихын, тарихи — мәдени құндылықтарын оқыта отырып, оқушының танымдық қызығушылығын оятып, шығармашылыққа баулуға болады. Өлкетану материалдарын насихаттау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, өмірде пайдалана алушылығы, қажетсіну мен оның мәнін пайымдай алушылығы туады.

Қорыта келгенде, тарих ғылымының маңыздылығы сол, ол бүкіл адамзаттың басынан өткізген оқиғаларын баяндайды.

Әбу Насыр Әл Фараби бабамыз «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деп тарихтың маңыздылығына өте жоғары баға береді.

Тарихты білу әр адамға қандай қажет болса, туған өлке тарихын білудің маңыздылығы одан кем емес.

Мектептегі өлкетану жұмыстары оқушылардың өлке тарихын дұрыс тани білуіне көмектеседі, өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *