Басы » Математика » Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Екібастұз қаласы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі Сырымбетов Бауыржан Маратұлы

 

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

 

 

 

Сабақтың мақсаттары:
Біліктілік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіне нүктелерді орна-ластыру, графиктер, центрлік және осьтік симметрия тақырыптарынан алған білім деңгейін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, қызығушылық іскерліктерін координаталық жазықтыққа байланысты тапсырмаларды орындау арқылы арттыру;
Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жинақтылыққа тәрбиелеу
 

 

 

Міндеттері:

  • Координаттық жүйеде нүктелердің орның табу;
  • Координаталық жүйеде орналасқан нүктелерді ширектерге жіктеу;
  • Координаталық жүйеде берілген фигураның белгісіз нүктесінің координатасын табу;
  • Фигураның  ауданың табу;
  • Графиктегі мәндерін оқу;
  • Фигураның координаталық жазықтықта осьтік және центрлік симметриясын табу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау парағы, арнай практикалық тапсырмалар парағы, Activote (тестілеу құралы)
Сабақтың типі: Білім-дағдыны қалыптастыру
Сабақтың формасы: Фронталды, даралау
Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың жоспары;

І.

ІІ.

ІІІ.

ІV.

V.

VІ.

VІІ.

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)Сабақ мотивациясы (3 мин)

Практикалық тапсырмалар

Сергіту сәті

Тест

Рефлексия

Үй тапсырмасы

 

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақ мотивациясы

Интерактивті тақтамен жұмыс (оқушылар бір-бірден тақтаға шығады)

 

№1. Мына нүктелердің координа-таларын тап:

А(2;4), В(0;-1), С(-3;0), D(4;1).

E(-2;-4), F(4;0), G(-5;5), H(-5;2). J(0;5), I(3;-4), K(5;4), L(-5;-5),

M(-4;3). N(0;2)

 

Интерактивті тақтамен жұмыс (оқушылар бір-бірден тақтаға шығады)

№2. Мына нүктелердің қайсысы қай ширекте орналасқаның тауып орындарына тасымалдау

 

 

 

ІІІ. Практикалық тапсырмалар

 1-деңгей

1-нұсқа

2-нұсқа

Мына нүктелерді координаттық жазықтыққа орналастыр: A(-4;2), B(2;2), C(2,-3), D(х;у).а) D(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.

ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен  С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос, А мен D-ні түзумен қос.

б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданың тап

Мына нүктелерді координаттық жазықтыққа орналастыр: A(-4;2), B(х;у), C(2,-3), D(-4;-3).а) В(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.

ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен  С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос, А мен D-ні түзумен қос.

б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданың тап

 

2-деңгей

1-нұсқа

2-нұсқа

а) жоғарыдағы график бойынша мына кестені толтыр

t

2

4

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

0С

ә) ең жоғарғы температураны анықта;

б) қай уақытта ең жоғарғы температура көрсетілді;

в) ең төменгі температураны анықта;

г) қай уақытта ең төменгі температура көрсетілді

а) жоғарыдағы график бойынша мына кестені толтыр

t

2

4

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

0С

ә) ең жоғарғы температураны анықта;

б) қай уақытта ең жоғарғы температура көрсетілді;

в) ең төменгі температураны анықта;

г) қай уақытта ең төменгі температура көрсетілді

 

 

V. Тест

Activote (тестілеу құралы) арқылы тест

 

№1. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ АБЦИССАСЫНЫҢ ОҢ МӘНДІ БОЛАДЫ?A) І мен ІІ ширектерде

B) ІІ мен ІІІ ширектерде

C) ІІІ мен ІV ширектерде

D) ІV мен І ширектерде *

 

№2. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ ОРДИНАТАНЫҢ ТЕРІС МӘНДІ БОЛАДЫ?

A) І мен ІІ ширектерде

B) ІІ мен ІІІ ширектерде

C) ІІІ мен VІ ширектерде *

D) VІ мен І ширектерде

 

№3. ҚАЙ ШЕРЕКТЕРДЕ АБЦИССА МЕН ОРДИНАТАНЫҢ ТАҢБАЛАРЫ БІРДЕЙ БОЛАДЫ?

A) І мен ІІІ ширектерде *

B) ІІ мен VІ ширектерде

C) ІІІ мен VІ ширектерде

D) VІ мен І ширектерде

 

№4. ЕКІ ОСЬТІҢ ҚИЫЛЫСУ НҮКТЕСІН НЕ ДЕП АТАЛАДЫ?

 

A) абцисса

B) ордината

C) координаталар бас нүктесі *

D) координата

 

№5. ( — 1; — 6) НҮКТЕСІ ҚАЙ ШИРЕКТЕ ОРНАЛАСҚАНA) І

B) ІІ

C) ІІІ *

D) VІ

 

№6. VІ ШИРЕКТЕГІ «Х» ПЕН «Y» МӘНІҢ ТАП

A) х < 0,  у > 0

B) х < 0,  у < 0

C) х > 0,  у < 0  *

D) х > 0,  у > 0

 

 

№7. (0,6) НҮКТЕСІ КООРДИНАТАЛАР БАС НҮКТЕСІНЕН НЕШЕ БІРЛІККЕ ТЕҢ?

A) 4

B) 5

C) 6  *

D) 7

 

 

№8. ТІК БҰРЫШТЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ НЕШЕ ШИРЕГІ БАР

A) 3

B) 4  *

C) 5

D) 6

 

 

VІ. Рефлексия

 Не ұнады?

Не ұнамады?

Нені еске түсірдік?

VІІ. Үй тапсырмасы

№1131, 1183, 1200

 

Сабақ жоспарын жүктеп алыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *