Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сан есімнен өткенді қайталау

Сан есімнен өткенді қайталау

Альмуханова Айгүл Иенбергеновна

Сарыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:  Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Сан есім тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру; қалай меңгергендерін бақылау; ойын түрлерін жүргізе отырып, алған білімдерін бекіту.

Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;

Б) Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету; еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық сезімін ояту, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекіліктері: Сызба,   үлестірмелі қағаздар, бүктеме, Қазақстанның картасы, сөзжұмбақ.

         Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, өмір, орыс тілі.

         Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Кезекшілермен сұхбаттасу.

Сабақты ҚР мемлекеттік Әнұранымен бастау.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

-Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының 20жылдығына арналады.

Қазақстан- біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан –оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью –Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.

Қазақстан: Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

 

Сыныптағы оқушыларды  екі топқа бөлу, әр топ өз тобымен таныстырады.

                          1 топ- «Сұңқар»        

Сұңқармыз самғаған құзар биікке,

Жеткізген тәуелсіздік пен билікке.

Талмайды қанатымыз самғаудан,

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

                            2 топ – «Тұлпар»

Тұлпармыз тұяғы  асыл болаттан,

Жақсылыққа әрқашан да қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

 

І. Таныстыру.

ІІ. Бой сергіту.(Сұрақ — жауап)

 

 

                        «Сұңқар»    тобына:    

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата.
  3. Дара сан есім дегеніміз не?
  4. Есептік, реттік сан есімдер.
  5. Топтау сан есім дегеніміз не?
  6. ҚР қай жылы Тәуелсіздігін қабылдады?
  7. ҚР мемлекеттік Әнұранының авторы кім?
  8. Мемлекеттік Ту қай кезде шығарылады?
  9. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?
  10. Қазақстанда неше облыс бар?

 

                   «Тұлпар» тобына:

1.Сан есімнің сұрақтарын ата.

2.Сан есімнің мағыналық түрлері.

3.Күрделі сан есімдер дегеніміз не?

  1. Жинақтық, болжалдық сан есімдер дегеніміз не?

5.Бөлшектік сан есім дегеніміз не?

6.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай кезде қабылданды?

  1. Қай  жылы «Тілдер  заңы»  қабылданды ?
  2.   Әнұранның авторы кім?
  3. Әнұран қай кезде орындалады?

10.ҚР Конституциясы қай кезде қабылданды?

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. 183-жаттығуды орындау.

Екі топтан бір оқушыдан  шығып,  берілген сан есімдерді құрамына қарай дара сан есімдер және күрделі сан есімдерге бөліп жазу.

 

ІV. «Ойын – ой дамытады» (сәйкесін табу).

        Кім жылдам жалғастыра алады?

Төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тіркеп, кім жылдам жазып

жалғастыра алады?

1 асым  
1 ұрттам  
1 жайым  
1 ауыз  
1 шымшым  
1 үзім  
1 елі  

 

Керекті сөздер: тұз, қамыр, сөз, су, ет, қазы, нан.

  1. V. Сиқырлы сандық. (Жеке жұмыс)

Оқушылар сандықтан номерленген асықтарды алып, сол номер бойынша үлестірмелі қағаздардағы тапсырмаларды орындайды.

1.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.

       …… жылдың …… желтоқсаны- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні.

  1. Сан есімдерді табу.

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

3.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қой.

1991 жылы желтоқсанның  1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаев  Республиканың Президенті етіп сайланды.

4.Сан есімдерді тауып мағыналық түрлеріне ажырату.

        1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

5.Сан есімдерді тауып құрамына қарай талдау.

             Пирамида пішінді Бейбітшілік пен келісім сарайының биіктігі 25 қабатты немесе 62 метрлік ғимаратқа тең.

 

6.Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.

«Бәйтерек» монументі өз әсемдігімен талалайлардың таңдайын қақтырды. Бәйтеректің ұзындығы 97 метр. Бәйтеректің төбесіндегі шардың диаметрі –

22 метр.

 

7.Сан есімдерді тауып, астын сыз.

2011 жылдың 16 желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл.

 

  1. Сан есімді тауып, астын сыз.

Астана 14  жыл ішінде керемет сұлу қалаға айналды.

  1. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.

Ақорданың ірге тасы 2001 жылы қаланды.

 

10.Сан есімдерді тауып, астын сыз.

      1993 жылы 5 қарашада Президенттің жарлығымен ұлттық валюта – теңге енгізілді.

 

VІ. Қызықты сөздер.

Сөздер құрастыру.

        «Сұңқар» тобына:                                     «Тұлпар» тобына:

  1. К + 2 + Л:                                                 ТҮ + 1:
  2. К+ 3: К + 3  + ІК:
  3. Қ+ 10 + АҚ: 7 + К:
  4. КҮ+ 1: 9 + ҚҰМАЛАҚ :
  5. 5 + ІК:                                               К+ 2 + Л:

 

VІІ. Ойлан, тап!

Берілген мақал – мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, орыс, ағылшын тілдеріне аударып айту.

 

        «Сұңқар» тобына:                                     

 

  1. ….. атасын білмеген жетесіз.
  2. Қызға …….  үйден тию.
  3. Білекті ……….  жығар, білімді  ………  жығар.
  4. Жігітке ……..  өнер де аз.
  5. Ел құлағы — ………… .

 

          «Тұлпар» тобына:

  1. Ер жігіттің …… сөйлегені – өлгені.
  2. ……. рет өлшеп, …… рет кес.
  3. Білгенің — …… , білмегенің — …….
  4. Алты жастан бала алыстан келсе,

      …….   қария сәлем береді.

  1. …… сомың болғанша, ……. досың болсын.

VІІІ. Ассоциация құрастыру.

Берілген киелі сандарды сөйлету.

 

        «Сұңқар» тобына:                                     «Тұлпар» тобына:

3                                                 7

Тақтаға сандар ілінеді, сол сандарға сөйлемдер құрау.

ІХ. Тест тапсырмасын орындау.

1) Сан есімнің мағыналық түрлері нешеу?

а) екеу

ә) төртеу

б) жетеу

в) алтау

2) Есептік сан есімді табыңдар?

а) жүз жиырма

ә) екі-екіден

б) алтау

в) екіден бір

3) Реттік сан есімді табыңдар?

а) жүздеген

ә) үштен

б) ширек

в) бірінші

4) Қай сөзде дефис дұрыс қойылған?

а) 5- сынып

ә) 2008-жыл

б) ХХІ- ғасыр

в) 8- наурыз

5) Топтау сан есімін табыңдар?

а) жетеу

ә) бестен

б) бізден

в) үйден

6) Жинақтық сан есімді табыңдар?

а) тіреу

ә) екеу

б) он шақты

в) жүзге жуық

7) Бөлшектік сан есімді табыңдар?

а) оннан бір

ә) төртеу

б) жиырмаларда

в) тоғыздан

8) Болжалдық сан есімдерді табыңдар?

а) алтау, жетеу, екеу

ә) тоыздай,қырықтарда, бес-алтау

б) екіден,төрттен,бес-бестен

в) бір,екі,үш

9) Сан есімнің қызметін табыңдар.Бес бала келді.

а) бастауыш

ә) толықтауыш

б) анықтауыш

в) пысықтауыш

Х. СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ.

Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:  «Мақтанышым –тәуелсіз Қазақстан » шағын шығарма жазу.

Бүгінгі сабағымызды  мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі!

Болашақта сендер еліміздің білімді де, қалаулы азаматы болыңдар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *