Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

№4 Шонжы орта мектебі

  Нурмухамбетова Кулзира Оразбаевна

3 сынып   Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: берілген мәтіннің мазмұнын ашу, Бөгенбай батыр туралы, батырлық туралы түсінік беру.

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, батылдықты бағалай білуге, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, сызбалар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, мәтінмен жұмыс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Технология:   В.В. Давыдов дамыта оқыту технологиясының элементтері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә\Сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру.     Оқушылар топқа бөлінеді.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.     «Халық қорғаны» мәтіні, мазмұнын айту

  1. Қабанбайдың шын аты кім?
  2. Бұқар жыраудың Қабанбай туралы жырын білесің бе?
  3. Қаракерей Қабанбай туралы жазған мінездемені оқып бер.

Ойын “Жоғалған сөз”

Отан үшін … — елге тиген үлес. /күрес/

Көп біріксе … болар, көп тілегі … болар. /ел,көл/

Ер қаруы … қару . /Бес/

1724 жылы Түркістан қаласын қорғау шайқасы, 1728 жылы Балқаш көлінің Оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістер, 80 күнге созылған Шорға соғысы, 1,5 жылға созылған Шаған шайқасы,1730 жылы жоңғарларды Іле өңіріне дейін қуып келу, одан кейін 1750 жылдың соңында Жоңғар қақпасына дейінгі аралықтағы ірі-ірі ұрыстардың бәріне дерлік осы Қабанбай бабамыз қолбасшылық етті.

Ой шақыру.

  • Балалар, мен қазір жырдан үзінді оқимын. Мұқият тыңдап отырыңдар.

Батыр болып киелі,

Батыр болып бір кезде.

Батырлар бастапты.

Қарсыласқан дұшпанды

Қайратымен жасқапты.

Батырлар ғой, батырлар!

Жауға қарсы шапқанда

Халқын оңға бастапты.

-Балалар, бұл жыр кімдер туралы? Сендер батыр деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі —  елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді.    Осынау ұланғайыр елді мекенді көз тігуші сұғанақтардан қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген.

Тұлғаны заман шығарады. Әрі сол уақытына сай қалыптастырады. Адам қабілеті қоғам қажетсінген күрделі жағдайды шешуге бейімделеді. Бұл өз кезеңінің тұлғаға жүктер міндеті. Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы халқымыздан батырларды көп шығарды. Тіпті сол шақтағы қазақ жұртын бүтіндей батырлардан тұрады деуге де болғандай. Әлбетте, сол көп батырдың ішінде де дарасы, батырларға да батырлықтың өнегесін көрсететіндері болады.Сондай дарабоз батыр — Бөгенбай батыр.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

— Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы— Қанжығалы Бөгенбай туралы  ел аузынан алынған «Алмас қылышты ардагер» мәтіні.

-Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың сүйікті ұлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Ұлы атасы Әлдекүн еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдекүннің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен.Әлдекүннен екі бала Әлібек, Ақша екеуі бір туысса керек.Ақшадан екі бала: Көлбай, Бөгенбай.

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшыҚазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен.Әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік  өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан.

Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй-көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған.

 ІҮ.  Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Тізбектей оқыту. Мәтінді оқушыларға толықтай оқыту.

   Дәптермен жұмыс. Күннің ретін жазу. Сөздік жұмыс жаздыру.

Мәміле- келісім.

Тоқырау – қиын жағдайға тап болу.

Уәж – сөз, пікір.

Ірігенді ширату – есі шыққан шұбырған елге ақыл, бағыт беру.

Буырқану – батылдану.

Мәтінге жоспар:

1.Батырдың халықты қарсы күреске  шақыру

  1. Батырдың батылдығы

Ү. Топтық жұмыс. Тапсырмалар:

1 –топ: Бөгенбай батырдың ерлігі туралы айту.

2- топ: Бөгенбай батыр туралы жыр немесе мақал айту, өлең шығару.

3- топ: Бөгенбай батырды сипаттау, Бөгенбай сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Батырларға ұқсайық.      Садақ ату, қылыштасу,найза лақтыру /қимылмен көрсету/

Суретпен жұмыс:   Бөрі жаратындай мінезі бар,  қайнаған кек оттан жаралғандай, екі иығына екі кісі мінетіндей палуанға ұқсайды

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

 —  Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды?

— Халықты неге шақырды?

—-Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім?

—-Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы  не деді ? Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін)

2.Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не дейді? Жырға сүйеніп, сызбаны толтыр.

сарп қылған бар күшін        асқан жаужүрек батыр

Бөгенбай

аттың басын тартпаған

жаудан қайтпаған                                                      қорғасындай балқыған еңбек

  1. Екі мәтінді салыстыр.

«Халық қорғаны» мен «Алмас қылышты ардагер» мәтіннің  салыстыру.

7.      Халық қорғаны. 8.      Екі мәтіннің ұқсастығы 9.      Алмас қылышты ардагер
Қабанбай Екеуі де батыр

Жоңғарға  қарсы шыққан

Бөгенбай

 

Ой – толғау.  Өзіңді жас батырмын деп есепте. Халықты жауға қарсы күреске шақыру үшін қандай үндеу тастар едің?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Сұрақ- жауап әдісі

  • Егер  Абылай заманында өмір сүрсең, кімнің ерлік істерін қайталар едің?
  • Мәтінде аты аталған батыр кім? Ол туралы не білдің?
  • Мәтін ұнады ма? Несімен ұнады?
  • Сабағымызды еліміздің тыныштығы үшін «Өз елім» әнімен аяқтаймыз.

Ән «Өз елім»

ҮІІІ: Үйге тапсырма.  Бұқар жырау жырын жаттау . Мазмұнын айту

Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *