Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » М.Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерінен

М.Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерінен

Тоқбаева Айнұр Елеубайқызы

 Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға

арналған «Дарын» мектеп-интернатының

бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты : М.Қашқари мақал-мәтелдерін қазіргі қолданыстағы түрімен салыстыру           арқылы мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:     Мазмұнға байланысты міндеттер

  • М. Қашқари мақал-мәтелдерінің мәнін ашады .
  • Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен салыстырады.

        Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер .

  • Оқушылар өз пікірлерін айтады
  • Мақал-мәтелді талдау арқылы ой-өрісін дамытады .

                                               Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері :

  • Мақал-мәтелдерді талдай отырып, өз пікірін дәлелдейді.
  • Түйінді пікір айтады.

Бағалау:

             Мазмұн:

  • Мақал-мәтелдерді талдауда мазмұнын аша білуі.
  • Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен салыстыра білуі

Сыни тұрғыдан ойлауы:

  • Өз пікірін білдірудегі сыни көзқарасы
  • Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыруы .

              Топтық жұмыс:

  • Тақырып бойынша топтың пікіріне ой қосуы
  • Топтағыларға  көмек беруі .
  • Мәтінді өмірмен байланыстыруы .

 Сабақтың түрі:

жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дәлелденген эссе, талдау, салыстыру

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиетімен

 Сабақтың жабдығы: АКТ,  мәнжазбалар, оқулық

 Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту сатысы

Оқушыларды үш топқа заттары бойынша бөлемін: мақал, мәтел, нақыл сөз. Әр топ өз атын қорғайды.

     1 – топ                

                                    терең ой

            парасатты сөз                      сөз мәйегі

 

Мақал

 өмір тәжірибесі            тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

   авторсыз                                    

                                                   ғасырлар жемісі

         шешендік

                           ақыл-ой білігі

 2-топ

                                                  ғасырлық туынды

 

 

                                   ақыл  сөз                              авторы белгісіз

 

 

 

 

Мәтел

                         

                                 ишара                                            тәлім сөз

 

                            даналық мәйек                               тәрбие мектебі

                                                       терең ой

 3 –топ                                        

                                   ақыл  сөз                              жеке көзқарас

 

 

Нақыл сөз

                         

       авторлық  қорытынды                                            тәлім-тәрбие

 

                     өмір тәжірибесі                                      таным

                                                      терең мағына

 

Мағынаны ажырату сатысы

Әр топқа 10 мақал-мәтел талдауға ұсынылады.

М.Қашқари Қазіргі мақал-мәтел Менің пікірім
Хас батыр өткінші жаңбырдай,Білімді мірдің оғындай. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Білегіндегі күшін көрсеткен адам батыр атанбайтыны белгілі.
Кең тігілген тон тозбас, Кеңесілген іс бұзылмас. Кеңесіп пішкен тон келте болмас. Бабаларымыз «жеті өлшеп, бір рет кес» деп бекер айтпаған, кеңескен іс келісті болады.
Көзден алыстаса, көңілден де алыстар. Көзден кетті, көңілден кетті. Қанша жақсы кісі болса да, күнделікті көрмесе бара-бара ұмыт болары анық.

Әр топтың жауабы тыңдалады.

Ойтолғаныс сатысы

Дәлелденген эссе жазады.

«Жаттың майлы бөкпенінен

Жақынның жұдырығы жақсы».

Неге?

Жат кісімен қанша тату болсаң да, қолыңнан дәулет кеткен күні танымай кетуі хақ. Қазақтың  «өз өлтірмес, жат жарылқамас» деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Жатқа сырыңды айтып қор болғанша, жақыныңнан суымағаның дұрыс деп есептеймін.

Оқушы білімін бағалау.

 

Топтың жұмысын бағалау

Жұмыс түрлері Әрқашан Кейде Ешқашан
1 Біз берілген тапсырманы топ бойынша 

орындадық.

     
2 Әркім өз пікірін ұсынды.      
3 Қатысушылар топтастарын тыңдайды.      
4 Талқылау соңында барлық позицияларды жинақтады.      
5 Тақырып туралы жақсы пікір жазылды.      

 Рефлексия:

Мен бүгінгі сабақта нені білдім?

Маған бұл сабақта не ұнады?

Не ұнамады?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *