Басы » Блог » ҰБТ екі кезеңмен өткізіледі

ҰБТ екі кезеңмен өткізіледі

Қазақстанда ағымдағы жылы алғаш рет эксперименттік түрде екі кезеңдік ҰБТ апробацияланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің бапасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылы 16 өңірдегі 32 мектепте сынамалық тестілеу өткізіледі, ол ешқандай заңды салдарға ие болмайды. Эксперименттің мақсаты — балалар тестілеудің жаңа форматтарын қалай игеретінін түсіну. Ағымдағы жылдың күзінде бірнеше жоғары оқу орындарының негізінде түлектердің арасында ЖОО-на түсуге тестілеудің екінші кезеңі апробацияланады», — деді С.Ерсалиев үкіметтің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол тестілеудің бірінші кезеңі тек бітіру емтиханын көздейтіндігін, оның бағалары аттестатқа түсіп, өңірлер, жекелеген мектептер және  тіпті сыныптар арасындағы білім сапасын мониторингілеу мақсатында пайдаланылатынын атап өтті. Тестілеудің екінші кезеңі ЖОО-на түсуге арналған, онда әр мамандық бойынша жеке тесттер қолданылатын болады.

«Тестілеудің бірінші кезеңі функциялық сауаттылыққа және логикаға жалпы бір тест, және 5 түрлі пән бойынша тесттік тапсырмалардың 5 блогы, оқушылар барлық пәндерді бір деңгейде оқуы үшін олар жыл сайын өзгертіліп тұрады», — делінген таратылған ақпаратта.

 

дереккөз: http://www.massaget.kz/bilim/bt/9907

cурет: diapazon.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *