Сыныбы 9 | Күні 10.04.2015 | ||
Тақырыбы
|
Advertisement | ||
Мақсаты
|
Жарнаманың қоғамдағы алатын орны туралы білім беру. | ||
Күтілетін нәтиже | А. Жарнаманы топтастыра біледі.
|
||
В. Мәтінді оқып, engine, concurrence, increasing, consumers, subway, influenced, avoid жаңа сөздерді анықтайды.
|
|||
С. Жарнаманың алатын орны туралы өз пікірлерімен қорытынды жасайды.
|
|||
Дереккөздер, құрал-жабдықтар | www.festival.1september.ru сілтемеден алынған ресурс. Оқушының жұмыс дәптері. Ағылшынша-қазақша сөздік.
Ноутбук, флипчарт, түрлі-түсті бояулар, маркер, жұлдызшалар, Бағалау парақтары |
||
Сабақтың барысы | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
|
«Импульс» тренингі арқылы бір-біріне жылу беру. «1,2»сан таңдау арқылы жұпқа бөліну. | Оқушылар бір бірінің жылулығын сезінеді және мұғалім нұсқауымен 1,2 санын таңдап, жұпта біріктіріледі. | |
Тұсаукесер
|
«Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасы жаңа сөздерді еске түсіру | Үй тапсырмасына тез жауап береді. Жеңімпаз анықталады. | |
Негізгі бөлім
|
«Advertisement» мәтінін әр оқушыға үлестіру. Мәтінді оқып, негізгі ойды жұпта
талқылау. Жаңа сөздерді табу. жұптық жұмыста интеллект картаға салу.
2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы өзара бағалау. Жұлдызшалармен өзара мадақтау. |
Жеке оқушы мәтінмен танысып, жаңа сөздерді анықтайды. Негізгі ойды жұпта талқылайды.
Жұпта интеллект карта түсіру.
Топтар өзара 2жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалайды. Постерді жұлдызшалармен бағалайды. Мадақтап отырады. |
|
Қорытынды
|
«Джокер» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
«5,5,1» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу. «Бағалау критериймен» бағалау. |
Бір бір сөйлеммен сабақты қорытындылайды.
Кері байланыс парағын толтырады. Өзара бағалайды. |
|
Сабақтың талдауы
|
10.04.2015 Екінші тізбектелген сабағымның тақырыбы «Advertisement» болды. Кіріспе бөлімінде оқушыларды шеңбер бойына шақырып, бір-біріміздің қолымызды қысу арқылы жылу тараттық. Тренинг атауы «Импульс» деп аталды. Кейін оқушылар 1 және 2 сан таңдау арқылы жұпқа біріктірілді. Үй тапсырмасы жаңа сөздерді жаттап келу болатын, оқушыларға «Бинго» ұсындым. Кім дұрыс жауабын бірінші боп тапса сол жеңімпаз әрі мұғалімнен сыйлық алатынын ескертіп алдым. Сонымен «бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексердім нәтижесінде Анар мен Айдын тең бірдей дәрежеде жауап беріп,жеңіске жетті. Негізгі бөлімде ноутбуктан таныстырылым көрсетіледі. Түрткі сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылды. Оқушылардың берген дұрыс жауаптарынан кейін мәтін үлестірілді. Оқушылар жеке мәтінмен танысып, жаңа сөздерді тапты. Топ ішінде жаңа сөздерді анықтауда жұмыстанды. Жаңа сөздерді бөліп алып қарастырды кейін барлық жаңа сөздерді бір-бірімен салыстырып, толықтырып отырды. Жұпта интеллект картаға мәтіндегі негізгі өзін түсінген ойды түсіру тапсырма берілді. Оқушылар жұыста белсене қатысты. Алдыңғы сабаққа қарағанда оқушылардың жұпта, топта жұмыстануы біршама қарқынды екені байқалды. Өткен сабақта енжар танытқан оқушыларым осы интеллект карта құруда, сурет салуда белсенділік танытып отырды. «Жарнаманың екі түрін, қоғамдағы пайдасы, жарнаманы қайдан кездестіреміз, сондай ақ бренд жарнама түрлерінде» оқушылар ұсынды.
Интеллект карта құруда топ ішінде таймкипперлер анықталды. Шектеулі уақытқа сыймадық, сондықтан қосымша 5 минут уақыт берілді. Интеллект картаны түсіндіруде оқушыларды жұбымен шеңбер бойына шақырдым. Картамызды шеңбер бойында жүргізіп, менің нұсқаулығыммен «тоқта»дегенде қолына түскен интеллект картаны түсіндірді. Оқушылар бір-бір сөйлеммен болса да өзгенің картасын сөйлетіп, түсіндіріп бере алды. Бұл сабақта мен үшін кішкене болсын ағылшын тілінде сөйлегені дәреже боп көрінді. Жұптар интеллект картаны өзара 2,3,4 жұлдызшалармен бағалады. Әр интеллект картаны сөйлеткен оқушыны мадақтап отырды. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы жұптың жұмысын бағалады. «Джокер» әдісін сабақты қорытындылауға пайдаландым. Жекелей оқушылар джокерді қолдарына алып бүгінгі сабақ бойынша не түйгендерін баяндап айтып шықты. Жауаптары кішкене қысылыңқырап шықты. Қазақша ойларын жинақтап, сөйлеуге рұқсат бердім. Кері байланыста «5,5,1» әдісін яғни «бүгінгі сабақты 5 сөйлемен қорытындылау, 5 сөйлемді 5 сөзге қысқарту және оны 1 сөзге қысқарту» болатын. Ойларын жинақтап, парақты толтырып берді. Әр оқушыға бағалау критерий ұсынылды. Сол бойынша оқушы қалаған оқушысын бағалап отырды. Оқушылар бұлай бағалау критериймен келісті. Бір – бірін сабақта әділ бағалады. Сабақ соңында «Баланс дөңгелегіне» деңгейімізді белгілеп бақылап отырдық. Екінші сабақта деңгейлерінің сәл өскенін өздері байқап қуанып тұрды. Бүгінгі сабақтың қызықты жаңа әдістермен ұйымдастырылғаны ұнағандарын айтты. «Джокер» әдісі мен шеңбер бойы әдісі арқылы сабақты түсіндіру енді біріне мұғалімнен сыйлық алған ұнады. Бұл сабағымда да уақытымнан асып кеттім. Уақыттың көпшілігі оқушылардың интеллект карта құрастыру мен шеңбер бойында сабақты түсіндіруі және кері байланыс парағын толтыру алып кетті. Келесі сабағымда да осы уақытты сыйыстырам деп ойлаймын. |
||
Сабақ бойынша өзгертулер
|