Епенова Бақтыгүл
Ілгерінді деңгей мұғалімі
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Маңғыстау ауданы
Маңғыстау облысы
Жетістікке жетер жол – ізденімпаздық.
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінде деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған ұстаздарға арналған аудандық семинар өтті. Семинарға қатысушыларды білім үйлестіру орталығының әдіскер маманы Сағиджанова Қалдынұр бастап келді. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шара шымылдығын мектеп директоры Саудабаева Ақкүміс ашты. Ұжым басшысы білімнің қоғам мен мемлекет үшін құндылығының жоғары екенін айта отырып, халықаралық стандартқа сай келтіру мақсатында оқыту әдістемелерін жаңғырту елбасы жолдауында «Білімді дамыта алмаған мемлекет XXI ғасырда дағдарысқа ұшырайды. Бәрі де мектептен басталады,» —деп баса көрсеткеніне тоқталды. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Олай болса, ұстаздар қауымына жүктелер міндеттің де биік екенін, сол жолда аянбай –талмай еткен еңбектеріне сәттілік тіледі. Алғашқы сабақты жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Сүгірова Жанғаным 3-сынып әдебиеттік оқу пәнінен В.Сухомлинский «Ақ шаш», Ғ.Орманов «Ана» тақырыбында өткізді. Және тарих пәнінің мұғалімі Делек Базаргүл 7-сыныпта « Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырдағы сәулет өнері» тақырыбында сабақ өтті. Ұстаздар сабағынан Блум технологиясы, сын тұрғысынан оқыту, инсерт, бағалау секілді әдіс-тәсілдер көрініс тапты. Ілгерінді деңгей мұғалімі Нәбиева Салтанаттың «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы және 21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырған «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тіліміз» атты тәрбиелік шарада оқушылар өз ойларын айтуда жоғары белсенділік танытты. Әсіресе «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолдануы өте тартымды болды. 10-сынып оқущылары Бәйкенқызы Бағлан, Әмір Алтын, Қонақбай Бейбарыстардың пікірі көпшілік назарын аударса, 9-сынып оқушылары Түйебай Полина мен Нұрлыбай Расулдың Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» өлеңін нақышына келтіре оқуы ұлтжандылық қасиетті сездіргендей әсер қалдырды. Шара соңында сарапшының көк қалпағын киген Ә.Жангелдин орта мектебінің мұғалімі Оразова С.,білім үйлестіру орталығының әдіскер маманы Сағиджанова Қ., С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының мұғалімі Қалдығұлова Қ. оқушылардың ұстанымы мен пікіріне өз бағаларын берді. «Жетістікке жетер жол» дөңгелек үстелінде «Зерде» кәсіби қоғамдастығы жетекшісі Епенова Б. мектептегі деңгейлік мұғалімдер жетістігіне тоқтала келіп, негізгі деңгей мұғалімі Қалдығұлова Гүлнұрдың іс-тәжірибесін желілік қоғамдастықта таратуды ұсынды. Қатысушылар жетістікке жетер жолдың өлшеусіз еңбектің нәтижесі екенін айтып тарасты.
[bws_related_posts]